«Ардақты Ата Заң»


Темиргалиева Гульфира Бауржановна

БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға Ата Заңымыз туралы мәлімет бере отырып,Мемлекеттік Рәміздерімізді, Отанымызды, туған жерімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Міндетімді білемін,

Тәртіп сақтап жүремін.

Ата Заңым тұрғанда

Алаңсыз өмір сүремін.

Құрметті ұжым мүшелері, бүлдіршіндер бүгінгі “Аққайын” ортаңғы тобының “Ардақты Ата Заң” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез-келген азамат мемлекеттік Туды, Елтаңбаны, Әнұранды құрмет тұтуға міндетті.

Мемлекеттік Әнұран орындалады.

Д.Айсезім

Бақытты ел- бұл Отан

Бұл Отанды сүйемін

Біздің Отан Ұлы Отан

Мен Отанды сүйемін.

 

Жаннұр

Әрбір жан ойы қосылған

Құрмет көрер досынан

Бірлігі елдің қашанда

Нығайсын деген осы Заң.

 

Аңсар

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң Қазақстан

Елім менің тірегім

Құшағыңда гүл атам.

 

Исатай

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Хор “Зеңгір көктем”

Інжу

Ынтымақ, достық, тыныштық,

Бейбіт өмір тым ыстық.

Бейбіт өмір белгісі

Күлімдеп шыққан күн ыстық.

 

Дария

Көк байрағы даламның

Бүгінгі ұрпақ жалауы

Тірегі әке баланың

Қазақстан жалауы.

 

С.Бақдәулет

Өркендеп өз қолына алған ісі

Биікке қазағымның самға құсы

Халық боп қадір тұтып қастерлеген

Ата Заң азат елдің ар намысы.

 

Айшабибі

Қатар шапқан қос тұлпар

Ай үстінде қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі.

 

Жүргізуші

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған

 

Мандира

Отан туы желбіреп

Көз тартады елжіреп

Біз қараймыз елжіреп

Туған жердің туына.

 

Айжанат

Біз балдырған баламыз

Дос құшағын кең ашқан

Тілегіміз тыныштық

Ашық болсын көк аспан.

 

Еркеназ

Отан деген Атамекен

Отан деген туған жер

Отан-ана, Отан-үлкен

Қазақстан туған ел.

 

Айназ

Міндетімді білемін,

Тәртіп сақтап жүремін.

Ата Заңым тұрғанда

Алаңсыз өмір сүремін.

 

Хор “Қазақстан Отаным”

 

Бейбарыс

Егеменді елдігім

Баянды болсын теңдігім!

 

Мадина

Заңды есіне алады

Бізде үлкен кіші де

Заңға сәйкес болады

Атқарған барлық іс де

 

Айша

Тамырын жайған тереңге

Төзімің ұқсап еменге

Тамсанып тұрсын өзгежұрт

Қазақстан елі дегенде.

 

А. Бағдәулет

Отан біздің әніміз

Отан біздің сәніміз

ер жетеміз туған ел

Сені сүйіп бәріміз

 

Жүргізуші

Бейбіт таңдар арайланып атады

Туған  жерді аймалады шапағы

Байтақ елім, туған  жерім Қазақстан!

Ең бақытты балалардың Отаны! дей келе “Аққайын” ортаңғы тобының Ата Заң күніне арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *