«Сіріңкемен ойнама, балақай!»


Байтимова Алия Амангелдиевна 

БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі

 Мақсаты:

1) Балаларға оттың пайдасы мен зияны туралы түсіндіру.

2) Сөйлеу тілін, ойлау дағдысын, дүниетанымын кеңейту.

3) Отпен ойнамауға, үлкеннің тілін алуға тәрбиелеу.

Бүгін «Аққайын» тобының ұйымдастыруымен  «Сіріңкемен ойнама, балақай!» атты тәрбие сағатына  қош келдіңіздер. Қонақтарымызбен амандасып алайық.

 Шаттық шеңбер.

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздар жарқырап

Судай  мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастаймыз.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз.

Балалар, біз бүгінгі тәрбие сағатымызда сендермен оттың пайдасы мен зияны туралы айтпақшымыз.

1) «От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жаңғырттық.жағылмаса, тамағымыз да піспейді. Ал тамақ ішпесек, бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылық қасиетіміз жоғалады. Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмай қалады. Сонымен от – өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі – өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн сияқты. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе сауатсыздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қалып жатамыз. «Сақтанғанды құдай сақтайды» деген нақыл сөз бар. Сондықтан біз өрттің басталғанынан кейін емес, басталмағанына дейінгі жұмыстарды тындыруымыз керек – ақ. Яғни, өрттің шығу тетіктерін зерттеп, болдырмауға барлық білік – дағдыларымызды жұмсауымыз керек.

2) Жұмбақ шешу.

Ал енді, мен сендерге мынадай жұмбақтар жасырамын. Кім шешуін табады екен? Ойланып, жауап берейік.

1  Бір нәрсе төрт бұрышты білесіз бе?

Жаны жоқ қимылдауға денесінде.

Ішінде жансыз шоқпар тығулы тұр,

Қажетін кешке жақын білесіз де. (сіріңке)

2   Үй үстінде ақ аю билейді. (түтін)

3   Жауағанды күлдірер,

Аяғы жоқты жүргізер.

Өз еркіне жіберсең,

Дүниені бүлдірер.  (от)

3) тақтамен жұмыс.         

Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Отты.

Ал, балалар, оттың қандай пайдасы бар?

Отпен тамақ істейміз, үйімізді жылытамыз.

Ал, енді оттың зияны туралы не білеміз?

От қатты лаулап жанса, өрт болуы мүмкін. Өрттің кесірінен қаншама адамдар үйінен, тіпті өмірінен айырылып қалуы мүмкін.

 

Тәрбиеші: Ал балалар кәне кім  от туралы тақпақ немесе мақал біледі.

Нүрбол:

От жақпа күйерсін

Өртеніп жүрерсін

Сіріңкені ұстасан

Бәлеге сен түсерсін.

Сезім:

Өрт пен түтін айнала

Қарап тұрма  жай гана

Тез хабар бер 101 ге

Уақытты сен байлама.

М.Бекарыс:

Оттын  исі қуырмақ

Желдің ісі  суырмақ

Қазір жанған  жалынды

Алып- ұшып қуаламақ.

Бағдаулет:

Бықсып жанған от енді

Алып ұшып жөнелді

Өшіремдеп  ұмтылған

Балаларға көнбеді.

 

Кешір досым қателестім

Шырпыны ұстап көгермеспін.

Ата –анамның рұқсатыңсыз

Сіріңкеге беттемеспін.

 

Алындар ұғып балалар

Істер кезде шаралар

Шырпы ,оттық ,электрге

Шаман келсе  жоламандар.

Назерке:

Сумен ойнама батырсың

Отпен ойнама күйерсің.

Бекасыл:

Ойын түбі-от.

Айсезім:

От жақпа күйерсің

Ор қазба түсерсің.

Жаннұр:

От пен су тілсіз жау.

Балалар сендерге  арналған  шағын көрінісіміз бар тамашалаңыздар.

Көрініс.

Сахнада үй, көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ кіреді.

Сайқымазық:  Көңілім түсіп тұрғаны. Не бүлдірсем екен?  (қолындағы сөмкесін сілкілейді де,  сіріңкенің даусын  құлағы шалып  қалады). О-о!  Менің сөмкемде  сіріңке бар екен ғой, қалай байқамағанмын(сіріңкенің бір- бірден жаға бастайды) Осы кезде  шуды естіп  қоян үйден шығады.

Қоян: Ой, Сайқымазақ, сен мұнда не  істеп жүрсің?

Сайқымазақ:  Ой  қорқытып жібердің ғой. Не  болды сонша  айқайлап. Мен бар болғаны  сіріңкені  жағып ойнадым ғой. Ал сен болсаң  мен  үлкен  өрт  шығарғандай  айқайлайсың?

Қоян: Қайдан білесің , мен сені тоқтатпағанда , бұл  ойын  үлкен өртке    ұласар ма еді.

«Ойыннан от шығар»деген  мақалды  естімедің бе?

Сайқымазақ: Қош  сен де  бір  сіріңкеден  қандай өрт  шығар дейсің?

Қоян: (Сіріңке қорабын қолына ұстап)

Балалар ау балалар ,  сіріңкеге қарандар

Өзі кішкентай болсада

Бойында алып күші бар.

сіріңкемен ойнасақ

Абайсыда өрт шығар

Соны есте сақтандар!

Сайқымазақ: О –о мен енді түсіндім. Сіріңкенің мұндай тентек екенің бұрын білметпін.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме Сайқымазақ , Қоян! Сіріңкемен ойнауға болмайды. Қоян дұрыс айтады, біз өрт қауіпсіздік ережелерін жақыс білуіміз керек. Олай болса  сайқымазақ  , қоян , балалар  біздің бүгінгі қонағымыз  №18 Өрт сөндіру бөлімінің  маманы…………………………….

Сіздерді   қауіпсіздік  ережелерімен таныстырып  ақыл кеңес береді. Мұқият тыңдандар.

Балалар сіздің ақыл кеңесіңізден  нәтиже береді деген  сенімдеміз,келіп балалармен ой бөліскеніңізге  көп- көп рахмет.

Ал балалар  қауіпсіздік ережелерін қайталап жіберейік.

1Сіріңке балаға ойыншық емес.

2Үйде үлкендер болмаса, электр жабдықтарын қоспа.

3Сіріңкені қалтаға салып жүргенді әдет қылма.

4Үйде өрт болған жағдайда, әке – шешеңе немесе көршіңе хабарлас.

5 үйде өрт шыққан  жағдайда  шкафка немесе көрпе астына тығылып қалуға болмайды.

6Далада  жүргенде  кенеттен киммін өртенсе   топыраққа аунап сөндіруге болады.

Жарайсындар балалар  тәрбие сағатымызды қорыту мақсатында  ойын ойнап жіберейік  «Артығын тап».

Балалар біз бақыттымыз себебі өрт,  судан   аман  есенбіз, бізді өртпен қорғасын агаларымыз аман болсын. Сол ағаларымыздың  құрметіне «Зеңгір көктем» әнін орындап берейік.

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *