Химия пәнін оқытудағы жаңа мүмкіндіктер

Жусупова Разия Шактаевна

№32 орта мектебінің Новоишимка ауылының, Целиноград ауданының, Ақмола облысының химия пәнінің мұғалімі

«Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес,

керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ»

Шығыс даналығы.

Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер –бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай , тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде  болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты- қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси- және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп тұжырым жасағаны бекерден бекер емес.

Сондықтан да қазіргі қoғамның өзeкті мәселелерiнің бірі-әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жекe тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар-шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсiби сауаттылық.

Осы нақты бағыттарда жұмыс жасaй oтыpып, біз білім беру жүйесінің жаңа мазмұнға ие болуына қол жеткізбекпіз, яғни қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ордасы болуы қажeт. Бір сөзбен айтқанда біз білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруіміз керек.

Жеке тұлғаның рухани өсу дегеніміз – кісілік қасиетін, шығармашылық қасиетін,дүниетанымын кеңейту. Біреулер айналадағы құбылысқа таңдана, тамашалай қарайды, ал енді біреулер сын көзбен қарап, ой қорытуы, сыни пікірлер айтуы мүмкін. Таңдана, тамашалай қараған баладан шығармашылық қасиетті тани білу – мұғалім паразы. Баланы ізденушілік, шығармашылыққа баулу, оған зерттеу дағдысы мен біліктілігін игертіп, жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету үшін, баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеу жүргізу керек.Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе- проблеманы көре алу болып табылады. Мұғалім оқушының қабілетін жан-жақты зерттемей отырып,оның тәрбиесі мен оқуында нәтижелі жетістікке жетуі мүмкін емес.

Оқушылар жобамен жұмыс істеуге дайындықта жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыруда төмендегі кілттік құзіреттіліктерді меңгеруі керек:

  • Проблемаларды шешу мен өзіндік менеджмент:
  • Проблемалық жағдайларды көре алуы;
  • Қажеттілікті анықтай алуы;
  • Мақсат қоя білу, міндеттерді анықтай алу;
  • Ақпараттық мәліметтерді жинақтап, оның негізгісін анықтай алуы;
  • Нақты нәтижені анық айқындап көрсете алуы;
  • Өз мүмкіндігін дұрыс бағалай білуі;
  • Ақпараттық құзіреттілік:
  • Жоба бойынша ақпараттарды алудың түрлі көздерін білуі;
  • Әдебиеттер, анықтама құралдар, ғылыми мақалалар мен оқулықтар, түрлі кешендерді пайдалану;
  • Әдебиеттерге талдау жасай алу және қажетті мәліметтерді бөліп алуы;
  • Интернет байланыстарын пайдалана алуы;
  • Жоба туралы ақпаратты, оның нәтижесін сауатты түрде ұсыну;
  • Әлеуметтік құзіреттілік:
  • Топта жұмыс істей отырып, топ мүшелерін тыңдай білуі. Өзгенің пікірін құрметтеп, сұрақтарды талдай алуы;
  • Жоба бойынша серіктесімен қарым-қатынас орнатуы;
  • Өз ой-пікірін анық, нақты және сауатты жеткізуі;

Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше зерттеушілік, ізденушілік бала табиғатына тән құбылыс.Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.

Уильям Глассер зерттеулері бойынша оқушы:

  • 10% оқығанынан,
  • 20% естігенінен,
  • 30% көргенінен,
  • 50% көріп, естігенінен,
  • 70% басқалармен бірге талқылағанынан,
  • 80% өзі сезінгенінен,
  • 95% басқа біреуге үйреткенінен қабылдайды екен.

Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % – ын және  көргенінің  20 % – ын есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Оқушы қабылдау түрлерімен бір мезгілде жұмыс жасаса, қабылдау күшейеді.

Мектептегі ізденіс жұмысының және оқушының ойлау қабілеттінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі – баланың пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсенді қатысып тартылады.

Іздену жұмыстары арқылы оқушының ойлау қабілетін анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау. Балалардың ізденіс жұмысқа бейімделуі – терең білімнің негізі болып ғана емес, оқушының ойлау қабілетінің даму кепілі болып табылады.

Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі (ізденушілік) – оқушының ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы керек. Ендеше мектепте оқушыны ізденіс жұмысына қатыстыра отырып ғылыми мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттін ашуларын көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.

Зерттеушілік процесс барысында оқушылар белгілі фактілер мен құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді.Ол – есеп шығарудан рухани қанағаттануы мен эстетикалық ләззат алуы және зерттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне сенімді болуы.Оқушыларды физикалық зерттеу әдісіне үйрету, оларға зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы физикалық танымдық қабілетін дамытуға мүмкіндік тудырады.

Бүгінгі заманғы педагогикалық саладағы жаңалықтардың бірі – оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу болып табылады. Менің алдымда тұрған үлкен міндет – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, салауатты, жан – жақты дамыған, рухани бай, заман талабын орындай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған, әрекет нәтижесін байқау, бағалау және соның нәтижесінде алдағы жұмыстарды жоспарлау болып табылады. Химия пәні мұғалімі ретінде ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени мұраларды жадында өшпестей етіп сақтаған құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы жаңа тәсілдерін өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін.Тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі модуль арқылы іске асады. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.Жалпы менің оқытудағы өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. ——–  Сабақты кең көлемде көрнекі құралдар пайдалану.

– Сабақты түрлендіріп өткізу.

– Сабақта оқушылардың өздері шығармашылықпен жұмыс жасауы.

Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыс жасағанда диалогқа түскені жөн. Себебі қабілеті әртүрлі оқушылар, бір- бірімен жұмыс жасағанда, әрқайсысы өз пікірлерін айтады, яғни жауапкершілікті сезінеді. Топтық жұмыста оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, немесе топаралық бағалау жүзеге асады.

Оқыту дегеніміз – баланы субъект ретінде оқу ісіне қызықтыратын, соған сай қабілетін арттыратын жағдайлар тудыру болып табылса, қызықтыру, зейініне әсер ету, сезіміне әсер беру мұғалімнің басты мақсаты болуы тиіс. Мұны жүзеге асыру екі кезеңге бөлінеді. Бірінші, оқу үдерісінің жаңа технологиясын қарастыру (қалай оқыту керек), екіншісі, оқушы алдына қойған мақсатты өз бетінше шеше алатын жағдайға жеткенде ғана субъектілік орын алады.

Мектептегі сабақ беру кезінде іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да өзгерте алдым дей аламын. Өзгеріс дегеніміз – жаңа тәсілдерді енгізу. Өз тәжірибеме енгізген жаңа тәсілдің бірі – тренинг.

Топтық жұмыс – бұрын-соңды көп қолданбаған тәсілдерімнің бірі. Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды және көшбасшыны анықтауға мүмкіндік береді.

Ал сыни тұрғысынан ойлау – креативті тұлғаны қалыптастырудың бір жолы.

Оқушының өз бетімен білім алуының бір түрі – шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы білім алу. Химия пәнінен оқушыларға өз бетімен жұмыстар орнату арқылы шығармашылықпен білім алуға қол жеткізуге болады.Өзіндік жұмыстарда :

— Оқушының пәнге деген қызығуы артады;

— Оқушының шығармашылық қабілеті дамиды;

— Ізденушілік қабілеті артады;

— Ақпаратты бағдарлау біліктілігі қалыптасады;

Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші.Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді.Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.

«Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау мектептің басты мақсаттарының бірі.

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, 07.12.2010ж
  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы,2007ж. (өзгертулер мен толықтырулар, 2013ж)
  3. МАН, 2014

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.