«Қазақ тілін оқытудағы ерекшеліктер»


Беркинбаева Слушаш Жумамуратовна

Новоишимка ауылы Целиноград ауданы Ақмола облысы

№32 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

                                                Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі. 

Жүсіп Баласағұни.

 

Қазақ тілін оқыту – қиын да қызықты жұмыс. Қазіргі кезде қазақ

тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап – жаңа технологиялық

әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың

ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдеру.

Уақытты дұрыс пайдалану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу –

мұғалімнің жеке басының интеллектісін, оқу іс-әрекетін, өтілетін

тақырыптың мазмұнын аша білу. Оқу орындарында жаңа

технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйренудің сапасын, маңызын

арттырады. Білім берудің мынандай жаңа технологияларын атап өтуге

болады. «В.Ф. Шаталов технологиясы», «Саралап оқыту

технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Ұжымдық

оқыту технологиясы», «Модулдік технология», «Ш.А. Амонашвили

технологиясы», «Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» т.б. Әр технологияның өзіндік ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері бар.

Сонда технология деп нені айтады? Технология – өнер, шеберлік,

біліктілік әдістемелер жиынтығы. Адамның ойына және іс-әрекетіне

байланысты мәдениетті ұғым өте маңызды сапа мен дағдының

интеллектуалды сарапталуы.

Технология – грек сөзі, өнер, шеберлік ғылымы деген мағынаны

білдіреді.

Өз сабақтарымда М.Жанпейісованың «Модульдік техноло-

гиясын», «Ойын технологиясын», «Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданып жүрмін. Осы технологияларды сабақта қолдана отырып түрлі тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар, ойындар

арқылы  оқушының ойлау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын

арттыру идеяларын жүзеге асыруға болады.

Модуль дегеніміз қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын

дербес бөлігі. Оқу модульдің ерекшелігіне, жалпы санына қарамастан,

кіріспе, қорытынды бөлімдері болып, оған бір-екі сағат берілсе, қалған

бөлімі сұхбаттасу бөлімі болады. Кіріспе бөлімінде оқушылар оқу

модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен танысады.

Сұхбаттасу бөлімінде сыныпты шағын топтарға бөлу арқылы негізінен

оқушылардың  іс-әрекетіне құрылады. Сұхбаттасу бөлімінде

оқушыларды үш деңгейге бөліп, әр деңгейге өзіне лайық тапсырмалар

беріледі. Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты – жеңілден ауырға,

қарапайымнан күрделіге қарай ауысу арқылы оқушыларды

ізденушілікке, шығармашылыққа баулу. Модульда деңгейлік

тапсырмалар өте құнды. Әр баланың деңгейі бойынша берілетін

тапсырмамен жұмыс істейді. Егер де өз деңгейіне қарай тапсырма

берілмесе, оқушы жұмыс істей алмайды. Тапсырма оқушыға не қиын,

не өте жеңіл болғандықтан, оны қызықтырмайды.

Осымен қатар, қызығушылығын арттыруда қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданаған қызық.

Ойын технологиясын әсіресе бастауыш және ортаңғы сыныптарда қолданса, баланың қызығулышығын, белсенділігін арттырады. Яғни оқушының қызығушылығы, белсенділігі артса, онда білім сапасы да артады.Ойын технологиясы – жағдаяттар қызметінің түрі, жаңа бағытталған және қоғамдық тәжірбиені игеру, өзін басқару құлқын қалыптастыру.

Кез келген ойынның негізі – шындық өмір. Ойында өзінің даму заңдары бар. Ойын оқушының жас ерекшелігіне сай болу міндетті. Ойында оқушылар бір жағынан демалып, көңілдерін көтерсе, екінші жағынан ойын шығармашылыққа, ізденушілікке үйретеді. Ойындарды барлық сынып оқушыларына өткізуге болады.

«Сөйлемнен әңгімеге» атты ойында мұғалім  бірнеше сөйлемді өзі ойлап айтады. Оқушылар сөйлемге өзідерінің ойлаған сөйлемдерін қосып, әңгімені аяқтайды. Мұғалім оқушыларға айтылған сөйлемдерді қолданып, әңгіме жазуды тапсырады.    «Балаға ат қою», «Көктем», «Етістік»,

«Сын есімдерді қайталау» атты өткізген сабақтарымда «Кім жылдам», «Көргенді есіңе сақта», «Тізбек ойыны», «Рольдік ойындар», «Кім тез», «Кім жалғасын табады» сияқты ойындарды қолдандым.

Мысалы, «Кім жылдам?» ойынында әр бала өз атынан басталатын жер- су аттарын, сын есімдер, етістіктер айтады. «Көргенді есіңе сақта» ойынында оқушыға суретті бір-ақ сәт көрсетіп, оқушының есінде қалғанын, көргенін бірінші сөзбен, одан кейін сөз тіркесі, сөйлеммен жеткізіп айтады. Бұл ойында баланың сөздік қоры, тілі, ойы дамиды. Рольдік ойынның да маңызы зор. Мысалы «Дәрігерде» деген тақырыпты өткенде оқушылар дәрігер мен ауру адамның ролінде ойнап, өздері диалог құрып, сұхбаттасады. Бұл ойындарда оқушының көңілі көтеріліп демалды. Екінші жағынан тілі, ойы, сөздік қоры дамыды. Әр ойынды оқушының жас ерекшелігіне сай, өз орнында қолдансақ, сабақтарымыз нәтижелі, қызықты болады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы мені қызықтырғаннан кейін, соңғы кезде осы технологиямен де жұмыс істеп жүрмін. Бұл

технологияның ерекшелігі мұғалімнің бағыттауымен оқушылар өз

бетінше білімді игереді, кейбір практикалық іскерліктерін

қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясында мұғалім тек ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Оқушы өз бетімен ойлау

арқылы жаңа білім алады. Осы технологияның ЖИГСО, кластер құру, аялдамамен оқу, Венн диаграммасы, Т кестесі, Білемін, білгім келеді, үйрендім және де интервью, Рафт сияқты стратегиялары көп. Мен өз сабақтарымда осы стратегиялардың өзіме қолайлысын  қолданып жүрмін. Сабақ соңында әр топ өз газеттерін шығарды. Сабақ барысында кластер, аялдамамен оқу, интервью, Венн диаграммасы, не білдім деген стратегияларды қолдандым.

Қорыта келгенде, жаңа технологияларды қазақ тілі сабақтарында пайдаланудың  тиімділіктері көп. Біріншіден, оқушының қазақ тіліне деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Соның нәтижесінде оқушы жұмыс істейді. Екіншіден, оқушы жұмыс істейді. Нәтижесінде  білім сапасы артқандықтан, бұл мұғалімге тиімді.Үшіншіден, біз оқушыны болашақ мамандық иесі болуға даярлаймыз. Қай салада мамандық таңдаса да, ол жан – жақты дамыған, өмірге бейімделеген адам болып шығуға мектептен үйреніп, білуі тиіс. Жоғарғы оқу орындарында кредиттік жүйе. Сондықтан осы технологияларды қолдану арқылы болашақ студентті жоғарғы оқу орындарының қабырғасында ауыртпашылық көрмей, тез үйреніп кетуге жағдай жасаймыз.

 

Әдебиеттер:

  1. В.П. Беспалько. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. М., 1995.
  2. К.Ж Бұзаубекова. Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы. «Жазушы», 2004. 208-б
  3. К.Ж Бұзаубекова. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру. Монография.  Алматы. 2006. 258-б.
  4. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы. 2000.
  5. О. Тілеукенов. Ұлт мектептерінің білім сапасын арттырудағы проблемаларды шешу жолдары. «Мектеп директоры», №1. 2003.
  6. М. Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу – тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. Алматы, 2002.

 

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде», №8, 2011 ж. Алматы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *