«Мәңгілік елдің –мәңгілік тілі»


Куандыкова Джамиля Бикеновна

Ақмола облысының, Целиноград ауданының, Новоишимка ауылының  №32 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Әр адам баласының өмірге келіп кеткенше жолы яғни есін жиғаннан өлгенше атқарар  жұмысы ұлтына қызымет етуі мен өлшенуі тиіс. Себебі, Абай айтқандай, кетігін тауып дүниеге қаланған кірпіш болу, ұлттың болашағына қосар бір үлесің. Қазіргі таңда ұлттың болашағын ана тілінен бөлек қарастыру мүмкін емес. Ұлт болашағы туған тіліміздің қолданылу аясы және өміршеңдігімен өлшенеді. Жаһандану заманында ана тіліміздің өркендеуі үшін, сіз бен біз қандай үлес қосудамыз. Ел басымыз «қазақ қазақ пен қазақша сөйлессін»-дегендей әр отбасында дүние есігін ашқан сәби ана тілінің таусылмас бұлағынан жете сусындауы қажет. Әр әке, әр шеше өз ұрпағының ана тілін қаншалықты дәрежеде білетіндігіне ғана емес оны қаншалықты дәрежеде қолданатындығына жауап беруге міндетті. Біздің ана тіліміз дүниеде еш бір тілмен салыстыруға келмейтін ең бай, ең әдемі, осы заманға дейін сан мыңдаған дәуірлерден сақталып жеткен асыл қазынамыз.түркі халықтарының ішіндегі шоқтығы биік тіл. Бүгін тіліміз өлсе, ертең біздің өмір сүргенімізбен, ұлт жойылады. Заман талабына сай бірнеше тілді меңгеру қажеттілік болса да, тарих пен болашақ алдындағы, ата ұрпақ пен келешек буын алдындағы қасиетті борыш, өтелмес парызды есте ұстағанымыз маңызды. Қазақ тілі- әлем мойындаған классик жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясы жазылған тіл, Қажымұқанның қара күші тізе бүктірген тіл, Жұбандардың жыры  болып төгілген тіл, өзге елде жүрседе өзегін жарып шыққан, Төлеген мен Қажымдардың тілі. Сіз бен біз сөйлеп әлемге қазақ атын әйгілеп отырған ұлы тіл. Ауа мен тыныстап, кеудеміздегі жүрегіміз соғып тұрғанда  біз ана тіліміз бен тыныстауға тырысайық . Қоғам өз талабын қанша құбылтса да адамзат өркениетінің бір ғана формуласы бар ол-ұлт пен тіл мемлекеттің құраушы негізі әрі болашағының кепілі. Мен елімінің азаматы және ұрпақтың ұстазы ретінде үйдегі балаларымды ана тілінің мол қайнарынан қанып ішуге және өзімнің өзге ұлт өкілдеріне мемелекеттік тілде еркін сөйлеулеріне  ықпал ете отырып, өз Отамның алдындағы өтелмес борышымды адал атқаруға ұмтылмамын. Себебі «Біздің Мәңгілік еліміздің-Мәңгілік тілінің болашағы біздің  қолымызда». Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г. Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады. Менің елім – көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық  пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны – бәріміз үшін мақтаныш. Бұл – біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын Елбасының арқасында біз, қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз.Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды. Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі – қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз – бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.Қазір Елбасымыз үш тілді білуді міндеттеп отыр. Болашақта бұл үлкен мәселе болмақ. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы  кеңейеді. Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне:Қорыта келгенде, Абай әрлеген тіл, Жамбыл жырлаған тіл – қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала бермек!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *