«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Ұрпақтар сабақтастығы» атты «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымының көшбасшыларына арналған аудандық форумының сценарийі


Тилеубаева Эльзат Аязкуловна
 Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығының аудандық «Жас Ұлан» ұйымының үйлестірушісі

Өтілетін мерзімі: 14.12.2017 ж.

Өтетін орны: Ә.Бөкейханов атындағы орта  мектебі

09.00-10.00- Қонақтарды тіркеу, қонақтар акт залына жайғасады

10.00- Іс-шараның басталуы

1 жүргізуші- жасотандық жас-

2 жүргізуші- жасұландық жас-

Қатысушылар: Арнайы шақырылған қонақтар ( «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, аудан әкімдігінің білім бөлімі және аудандық «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшылары, «Жас Ұлан» ұйымының үйлестірушісі), БАҚ өкілдері, ақсақалдар алқасы, ІІБ,прокуратура, жасұландықтар мен дарынды оқушылар.

(Іс-шара өтілетін орын  тақырыпқа  сай безендірілген. Аулада оқушылар қолдарында шар мен гүл, жалаушалар болады. Флешмоб билейді. Фойеде домбырашылар ансамблі күй орындайды)

«Жас Ұлан» әні

Бір топ әншілер (9 ) «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының әнін орындайды. Ал белсенді жасұландықтар (30) би қойылымын көрсетеді. Би басталысымен фонограммада мына сөздер жаңғырық (эхо) түрінде айтылады.

Фонограмма:  Адам бол, айдынды бол ,ай секілді,

Көркем бол, көрнекті бол, күн секілді !

Өмір нұрын сыйлайтұғын жас жанға

Ей, жас өрен!

(бишілерге қосыла әншілер бірізгі қимылмен әрі дауыспен

«Жас Отан!», «Жас Ұлан!», «Жас Қыран!» деп айтуы қажет)

Жалынды бол, жігерлі бол, Біз секілді!

(бас бармақтарымен өздерін меңзеген күйде бишілер мен әншілер 5 секундтай қатып қалуы керек.Осыдан кейін би жалғаса береді)

Фанфар ойналады.

(Бидің соңына қарай, арнайы дайындалған жасұландықтыр мен жасқырандықтар көрермендер арасынан бишілер қосылып, ұранды сөздер айту арқылы би алаңын қыздыра түсіп, тамамдайды.)

1 жүргізуші: Нұр Отан!

Жасұландықтар: Елдіктің игі жүйесі!(экранда үлкен әріптермен жазылу керек)

1 жүргізуші: Жас Отан!

Жасұландықтар: Жастықтың жастар киесі! !(экранда үлкен әріптермен жазылу керек)

1 жүргізуші: Жас Ұлан!

Жасұландықтар: Жайнаған күн сәулесі!(экранда үлкен әріптермен жазылу керек)

1 жүргізуші: Жас Қыран!

Жасұландықтар: Жүзінде шаттық бейнесі!(экранда үлкен әріптермен жазылу керек)

1 жүргізуші: Қайырлы күн,өскен елдің өрелі ұрпақтары!

2 жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі форумға қатысушы  құрметті қонақтар!Тұғыры биік тәуелсіз еліміздің жарқын келешегі үшін атсалысатын өздеріңдей жас азаматтарды тәрбиелеп шығу-бүгінгі аға буынның басты міндетінің бірі.

1ж: Қазақстан Республикасы Президенті, Ұлт көсбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының: «Сендер-болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің-елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиялда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» деуі, сіздерге көрсетілген құрмет пен айқын жол.

Ендеше, сонау бабаларымыздың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері мен өздеріңдей жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастығы нығайтуды мақсат тұтқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Ұрпақтар сабақтастығы» атты  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымының көшбасшыларына арналған аудандық  форумына ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

1ж: Қадірменді қонақтар! Форумға қатысушы жастар!

Айнала ақ желекке малынып, дала ұлпа қарға  көмкерілген, адамдардың жүздері қуаныш нұрымен нұрланған осынау тамаша  сәтті шіркін, халқымыз үшін мерекелі берекелі күндерге толы емес пе?

2ж: Иә, ҚР ПРезиденті –Ұлт Көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын қолдау және іске асыру мақсатында:

1ж: Сондай-ақ,  «Қазақстанның киелі рухани құндылықтары» «Өлкетану» жобасын іске асыру мақсатында;

2ж: Және де ҚР тұңғыш президент күні мен ҚР Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

1ж: Қадірлі қонақтар! Форумға қатысушы жастар!

Ендеше, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты және аудандық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Ұрпақтар сабақтастығы» атты  форумын

Екеуі бірге: Ашық деп жариялаймыз!

Дабыл қағылады.

1ж:                       Қазақ елі гүлдей берсін,дамысын,

Жылдан-жылға көтерілсін табысың

Біз жастармыз «жасотандық» жалынды,

Қазағымның қорғап жүрер намысын!

2ж:                       Ұлы елдің өнегелі ұланымыз,

Биіктерде шырқалады жыр-әніміз

Бабалардың өнегесін үлгі тұтқан,

Жалындаған Жас Ұлан біз боламыщ!

1ж: Қадірменді көпшілік! Қымбатты достар!Болашаққа нық сеніммен қадам басқан жастарымызды өзара келісім мен татулықта, сабақтастық пен ортақ бағытта өмір сүруге шақыру-өткеннің өнегесін, бүгіннің үлгісін, келешектің кемел ісін баянды етуге арналады.

Олай болса, бүгінгі салтанатты шарамыздың алғашқы құттықттау сөзі «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасы  Арыстанбеков Қанат Дәкенұлын   ортаға шакырамыз.

Музыка ойналады (туш)

Құттықтау сөзі.

2ж: Қазір орындалар ән шашуымыз осында отырған баршаңызға арналады. Қабыл алыңыздар.

1ж: «  » әні. Орындайтын «  »

Ән

1ж: Қай заманда болмасын жас ұрпақтың буынын босатпай, қанатын қатайтып саналы тәрбие беру мен рухани құндылықтарды жас буынның бойына сіңіруде аға буынның алар орны ерекше.

2ж: Ия, кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келген ағаларымыз арамызда отыр.

1ж: Аға және жас буын өкілдері арасындағы байланысты мығымда, берік қылып орнатып, жастарға жігер берген ақсақалдардың дария ақылы мен даналығы бүгінгі жасқа өнегелі өсиет.

2ж: Олай болса, жастарымызға қашанда жанашырлық танытып, оларға қолдау көрсетіп жүрген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов Қожайхан——   ағамызды сахна төріне шақырамыз.

Құттықтау сөзі.

2ж: Келесі тамашалайтындарыңыз:

1ж: Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіл адамзаттық құндылықтар, ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан, өзіне – өзі сенімді, ғылыми – теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.

2ж:Құрметті жиынға  қатысушы жастар! Өздеріңдей жалындаған жастарға ізгі ниетін білдіру үшін, ортаға аудандық білім бөлімінің басшысы Абуталипов Ербол Абақұлын шақырамыз.

Сөз.

1ж:Келесі тамашалайтындарыңыз       әні.

2ж: Құрметті форумға қатысушы қонақтар!Осынау салтанатты сәтте,өздерінің  ізгі ниетін білдіру үшін, ортаға Аудан әкімдігі жастар саясаты мәселелері бөлімі «Жастар орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры   Зәуірбеков Мерей———-        шақырамыз.

Музыка ойналады (туш).

Құттықтау сөзі

2ж: Елбасының бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы бүгінгі таңда құрамында аудан бойынша мүшесі бар ұйым. Аталмыш ұйымға кіруге ұмтылған балалар мен жасөспірімдер саны күн санап артуда.

1ж: Әрине, бұл балалар мен жасөспірімдермен етене байланыста жұмыс жүргізетін мамандардың бір бағытта, бір мақсатта әрекет етуіне жағдай жасап, бағыт беріп жүрген аға-апкелеріміздің еңбегінің жемісі.

2ж: Ендеше, ортаға аудандық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Төрайымын    шақырамыз.

Төрайым сөзі . Тилеубаева Эльзат Аязқұлқызы

1ж: Олай болса ортаға «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелігіне қабылданатын оқушыларымызды (40) шақырамыз:

1.

2.

3.

Ұланбасшысы шығу керек . Жұмабек Шәрбат

«Жас Ұлан» ұйымының нышандарын тапсыру рәсімі

2ж: Жаңа ғана ұйымға қабылданған жасұландықтар мен жасқырандықтар! Сендер алдағы уақытта өздеріңе дейінгі аға  буынның тәрбиесін өнеге тұтып, жақсы істерді бірлесе атқаратындықтарыңызға  зор сенім білдіре отырып, Ант қабылдау рәсімін бастаймыз.

Ұланбасшы:   Біз Отанның Ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!

Ұйымға қабылданған ——————-ант береді.Ұланбасы ант беру рәсімін жүргізеді.

Ұланбасшы: Біздің жерлестеріміздің  даңқты ерлігі мен өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызметке етуге дайын бол!

Қабалданған оқушылар: Әрқашанда дайынбыз!

Ұйым төрайымы: Құрметті Жасұландықтар! Қымбатты Жасқырандықтар ! Берген уәделеріңе  болаттай берік болып, әрқашан Тәуелсіз еліміздің  туын көкте желбірете бергейсіңдер!

Қабылданған ұйым мүшелеріне қазақша киінген қыздар сыйлық таратады.

Жасұландықтар сахнадан шығып кетеді.

 

1ж: «Нұр Отан» партиясы құрылған күннен бастап партияның қанатының астында жастардың күшін біріктіруге жұмыс келе жатқан республикадағы ең беделді ұйым-ол «Жас Отан».

Бүгінде ауданымыздың ұйым құрамындағы  мүшесі, жастардың басын бір арнаға тоғыстырып, барлық жастар ұйымдарымен тығыз байланысты жұмыс жасауда.

2ж: Қымбатты достар! Олай болса, сөз кезегін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан»Жастар қанатының Атқарушы хатшысы Жәдік Ерболат  береміз.

Атқарушы хатшы сөзі.

1ж: Олай болса ортаға «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелігіне қабылданатын «Жас Ұлан» ұйымының белсенді түлектерін шақырымыз:

2.

3.

Жас Отанның куәлігін  адамға тапсыру рәсімі

(мұнда жасұландықтардан өтіп,жасотандықтарға жеткен  оқушы қабылданады. Қазақша киімдегі 2 қыз жасотандықтардың куәлігін сахна артынан жеткізіп тұрады.

2ж: Қадірлі қонақтар!Форумға қатысушы жастар! Жаңа ғана жасотандық екенін куәландыратын құжатқа ие болған жалынды жастардың жүрекжарды лебізін тыңдайық.

Жасотандық куәлік алған оқушы ——-    лебізді сөзі

(Жүргізушілер сөздерін оқи бастағанда сахнада тұрған оқушылар өз орындарына жайғасады)

1ж:                          Жас Ұлан-егемен ел сұңқарлары,

Тұла бойда биік тұрған намыс, ары.

Адалдық пен достықты ұран еткен,

Самсаған тәуелсіз ел қырандары .

 

2ж:                           Ұлы елдің әлем сүйген ұланымыз,

Сол елге лайық болу-ұранымыз!

Сайларда сылдыр қағып аға-тұғын

Туған елдің мөлдір таза бұлағымыз!

1ж: Дәл осындай қуанышты сәтте бойларын патриоттық сезім билеп толқып тұрған жас өрендердің атынан «          !» әнін тарту етейік. Қабыл алыңыздар!

2ж: Қадірменді жиналған қауым! Бүгінгі форумда бір жағынан, жасқырандық, жасұландық және жасотандықтардың құрамына жаңа мүшелері қосылып толысып жатса, екінші жағынан осы уақытқа дейін ұйымдардың жұмысына жақсы атсалысып, белсенділік танытқан мүшелерін..

1ж:Және де осындай еліміздің жалындаған патриот, жігерлі жастарын, ойы асқақ, арманшыл жасұландықтарды тәрбиелеуде ұстаздық мейірім шапа,атын шәкірттеріне аянбай төге білген тәлімгерлерімізді және жасотандықтардың іскерлік қасиеті мен жігерін, жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділігін дамытуда үнемі айқын бағыт-бағдар көрсетіп жүрген Атқарушы хатшыларымызды марапаттау рәсіміне көшеміз.

2ж: Ендеше, марапаттау рәсімін жүргізу үшін «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының   Арыстанбеков Қанат Дәкенұлын    және Аудан әкімдігінің білім бөлімі басшысы Абуталиаов Ербол Абақұлын сахнаға шақырамыз.

1ж: Марапатталатын Жасұландықтар:

1.

2.

3.

 

2ж: Марапатталатын Жасотандықтар:

1.

2.

3.

Музыка ойналады (туш)

Белсенді жасотандықтар мен жасұландықтарға альбомдар табыс етіледі.

Жүргізушілер марапатталатын жастардың тізімін оқиды. Қазақша киімдегі 2 қыз сыйлықтарды жеткізіп тұрады.

1ж: Келесі кезекте «жасұландықтарға» тәлімгерлік етіп жүрген марапатталатын үйлестірушілер:

1.

2.

3.

Тәлімгерлерге Алғыс хат тапсыру рәсімі 2 қыз марапатталатын тәлімгерлерге сыйлықтарды сахнаға шығарып тұрады.

2ж: Құрметті тәлімгер ұстаздар! Ел игілігі жолындағы еселі еңбектеріңіз арқылы әрдайым шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіздер.

1ж: Қымбатты жасотандық, жасұландықтар, жасқырандықтар! Бізге берілген бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, осынау атқа лайық болайық.

1ж: Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер»бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.

2ж: Сондай-ақ,«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады.

2ж: Жасасын, Қазақстан! Жасасын, Қазақ елі! Жасасын, Жастар!

ФИНАЛ

«Жаса, Қазақстан» әні

Музыка ойналып тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *