«Жүзден жүйрік» теле-ойыны


Тилеубаева Эльзат Аязкуловна
 Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Эрудит» интеллектуалды клубтың жетекшісі

Жүргізуші:

-Қайырлы күн , құрметті ұстаздар мен қонақтар және «Жүзден жүйрік» и.о. қатысушылары мен жанкүйерлері !

Белсенді әрі беделді,

Ақыл-ойы кемелді.

Бұл шәкірттер ақылды

Жинаған бар білімді- дей келе, сөз кезегін осы ойынға қатысқалы отырған үміткерлерге берсек. ( Әр оқушы одан әрі өздерін таныстырып,сүйіп оқитын пәндері,арманы, болашағы туралы айтып өтеді).

 

1.

2.

3.

4.

5.

 

-Сендерге артар міндет көп,

Көтер биік намысыңды құрметте

Ақтай білсең ұстаздардың намысын

Ең бастысы сендер үшін сол міндет,- дей келе бүгінгі ойынды бағалайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

 

Қ.а. төра

Мүшелері:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

 

-Құрметті ойыншылар, ойынның шарттарымен сіздер таныссыздар,дегенмен 3-ші бөлімнен бастап , ұпайы аз ойыншы ойыннан шығарылатынын естеріңізге салып,ойынның алғашқы бөлімін бастаймыз.

 

-Сөз-құдырет, сөз-өнер,

Айта білсе, әрбір сөзің жыр-өлең.

Сөз-кең әлем, сөзден небір

Ғаламаттар туады,-деп «Сөзстанға саяхат» бөлімін бастаймыз.

Шарты:Бұл бөлім ой сергіту мақсатында жүргізіледі,яғни күрделі ойын алдындағы дайындық  болып есептеледі.

Сөз-кең әлем.Сөзден небір ғаламат атаулар, дүниелер жасауға болады.Сөзатау, сөзжұмбақ,сөзтібек-осылардың көрінісі.

Алайда,біз бұл бөлімді нақтырақ  «Сөзшығармашылық» деп атаймыз.

-Құрметті ойыншылар,мен сіздерге екі буыннан тұратын сөз айтамын, ал сіздер соңғы буынына сөз құрап тізбектете айтуларыңыз қажет.Сіздердің құраған сөздеріңіз де екі буыннан тұратын зат есім  болуы шарт.Мысалы: сырға,ғасыр, сыршы,шыны…Міне, осылайша жалғастыра бересіздер.Берілген 1минут ішінде 3сөз құраған ойыншыға -10 ұпай,6 сөзге-20 ұпай, ал 9 сөзге -30 ұпай беріледі.

-Сіздер дайын болсаңыздар «Ұстаз» сөзі.

-Уақыт шегіне жетті.Ойыншылардың құраған сөздерін тыңдап көрейік.

-Рахмет сіздерге,ал ендеше қазылар алқасының бағасымен таныс болайық.. Қазылар алқасының шешімімен …

-Ендеше  «Санаға сапар» бөлімін бастаймыз. Шарты:Бұл бөлімде оқушының ғылыми ойлауын , талдай білуін , жүйелей алуын , ғылыми баға бере алу деңгейін сынайды. Бұл бөлім гуманитарлық негізде құрылып , оған түрлі ғылым-тарих , әдебиет , мәдениет ,

саясат ,заң саласынан сұрақтар берілуі мүмкін. Бұл сұрақтар алдын-ала бейнетаспаға түсіріліп , экран арқылы қойылады.

 

-Ендеше, экрандағы бейнесұрақтарға назар аударыңыздар .Ойлануға 30 секунд уақыт беріледі. Ойынды ұпайы аз ойыншы , яғни … сізден бастаймыз .

1. Қазақстанда қандай қорықтар бар?Қандай аңдар мен құстар мекендейді? (Барса-келмес, Алматы,Баянауыл,Қорғалжын,Ерементау. Арқар,елік,ақбөкен,аю,қасқыр,аққу,қаршыға,қырғи,қарлығаш)

2. Қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ жазушыларын ата?(М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев,Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров)

3. Космостық байланыс үшін қолданылатын радио толқын (Ультра қысқа толқын)

4. Теледидарды көп өндіретін ел (Қытай)

5. Орфография нені зерттейді (сөздің дұрыс жазылуын)

–          Мінекей , екінші бөлім аяқталды.Қазылар алқасы қандай баға береді екен

Қ.а. шешімімен … ұпай, жалпы ұпай саны…

-3-ші бөлім «Маржан сөз» деп аталады.

Шарты: Бұл бөлім сондай –ақ «Сөз мәнері-тілдесу мәдениеті» деп те аталады.Мұнда оқушылардың коммуникативті дағдыларына баға беру көзделеді.Бала сөйлесу , тілдесу,кезінде өзінің қарым-қатынас мақсатын дұрыс түсіне ала ма,сөз бедері қандай,сөзді дұрыс қолдана ма,сөйлем құрылымы ,көркемдегі,сөз мәнері,әуені қандай деген мәселелерге назар аударылады.Ол үшін әр бір оқушы ойынға жеке-дара қатысып,арнайы дайындаған тапсырма бойынша ой өрбітеді .Бұл бөлімнің мақсаты тілдесе білу,сөйлесе білу мәдениетін бағалау,яғни белгілі бір  тақырыпта ой өрбіту.

Тақырыптар:

1. «Біреудің қатесі біреуге сабақ»

2. «Жас ұрпақ келешектің қожасы»

3. «Елдің елдігін сақтайтын әдебиеті, тарихы»

4. «Байлық қанағатпен, еңбекпен»

5. «Әзілде кек жоқ, өсекте шек жоқ».

-Ойыншылар қ.а. алдынан тапсырмалар жазылған парақты алып дайындалсын . Дайындалуға 1 минут уақыт беріледі

-Дайын болсаңыздар 1 тапсырма… сізге арналады.

-Мінекей 3бөлім де тамам.Енді қ.а. шешімімен таныс болайық.

-Құрметті көрермендер ,ойынның шарты бойынша 3 бөлімнен бастап , ұпайы аз ойыншы ойыннан шығарылады.Өкінішті…біз сізбен қоштасамыз.Мойындау керек,бүгін қарсыластарыңыз сізден басым болды.Сізді көрермендер қатарына шақырамыз.

 

-Білімді мыңды жығар қашанда,

Білімді болсаң сен саспа.

Қазағымның салт-дәстүрін білмесең,

Қазақпын деп, ешуақытта мақтанба,-дей келе «Таным таразысы» бөлімін бастаймыз.

Шарты: Бұл бөлім оқушылардың жан- жақтылығын, яғни, газет-журналдар, түрлі сабақтан тыс оқулықтар мен теледидар жаңалықтарымен қаншалықты қаруланғандығын, көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерімізді және ауыз әдебиетінің сан қырлы жақтарын білетіндерін айқындайды.

Тапсырма үлгісінде: өнер өлкесі,ұлттық таным,сөз төркінінен сұрақтар болады.Сайыскерлер өз қалауынша таңдап, жауабын береді. Ойынды ұпайы аз ойыншы бастайды.

-Ендеше …ойынды сізден бастаймыз.

«Өнер өлкесі» қатарындағы сұрақтар:

20 Сазды аспаптар тақырыбына Қазақтың соқпалы музыкалық аспабы. Ағаштан жасалынған, шанағының бір жағы ғана терімен қапталады. (дауылпаз)

30 Тұлға тақырыбына «Сегіз қырлы, бір сырлы дарын» атанған кім? (Ж. Аймауытов)

40 Кино тақырыбына Ғ. Мүсірепов қандай киносценарий жазған? (Қыз Жібек)

50 Театр тақырыбына. «Не десең, бұл театр. – Сол театр-

Дағдылы театрдан зор театр» Кімнің өлеңі? (С. Мұқанов «Колхозды ауыл осындай»)

 

«Ұлттық таным» қатарындағы сұрақтар:

20    Ұлттық ойындар. Жамбы ату деген не?

30    Той –мереке. «Мойнына бұршақ салу» деген қандай ырым, әдет?

40    Төрт түлік «Алпамыстағы адамнан есті жануар» (Байшуар)

50    Киім , жиҺаз Қазақтың  ұлттық бас киімінің бірі – бөрік. Осы бас киім қалай тігіледі және қандай түрлері бар?

«Сөз төркіні» қатарынан сұрақтар:

20    Құбыр – Иран сөзі. Іші қуыс труба

30    Орамал – Иран сөзі. Әр алуан пішінде жасалған әйелдердің жаулығы.

40    Атырау – Араб сөзі. Өзеннің теңізге құятын сағасы.

50  Күнжара – Иран сөзі. Майлы өсімдіктердің майын алғаннан кейінгі мал азығына пайдаланатын қалдығы.

–          Қазылар алқасының шешімімен бұл бөлім бойынша…. ұпай, жалпы ұпай саны…

–          Құрметті көрермендер біз тағы бір ойыншымен қоштасамыз, ол… Ал біз қалған ойыншылармен 5-ші бөлім «Білім безбеніне» көшеміз.

 

Шарты: Бұл бөлімде ойыншыға  мектеп бағдарламасындағы пәндер бойынша сұрақтар қойылады. Алдымен менің қолымдағы конвертті таңдап аласыздар. Конвертте екі пәннен сұрақтар берілген. Ұпайы аз ойыншы бірінші жауап береді. Ойлануға 20 сек. беріледі. Дайын болсаңыздар іске сәт!

– ….     Сізге қандай пәндер түсті.

1-ші конверт

География пәні. Қаз. ең байырғы қорығы қалай аталады,ол қайда және қашан ашылған? (Ақсу-Жабағылы.Ол Талас Алатауы Қойнауында 1926 жылы ұйымдастырылды)

Физика пәні. Неліктен археологияда радиоактивті элементтерді көп қолданады? (Өте ертедегі заттардың өмір сүру жасын анықтау үшін)

 

2-ші конверт

Қазақ тілі. «Эпос», «Литото», «Сатира»терминдері қандай ғылым саласында қолданыолады? (Әдебиеттану)

Математика.Біреу 6 жылқысына күн сайын 10қадақ сұлы беріп жүреді. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді.Биеге-3қадақ,құнандарына-2 қадақтан,ал тай басына-1 қадақтан жем береді.Сонда бие нешеу, құлын нешеу,тай нешеу? (1 бие,2құлын, 3 тай)

 

3-ші конверт

1. Қазақстан тарихы. «Қазақ Шәмілі» атанған ұлттық батыр кім? (Кенесары хан).

2. Биология. Ұзындығы 25 см қуыс бұлшық етті мүше? (Өңеш).

– Міне бесінші бөлімде тамам. Енді қазылар алқасының шешімімен таныс болыңыздар….    Ойынның шарты бойынша тағы да бір ойыншы ойыннан шығарылады.

– Мінекей, ойынның шешуші сәті жетті.

6-шы бөлім «Жүйрік» бөлімі басталады.

Шарты: Бұл бөлімде ойыншы берілген сұрақтарға дұрыс, әрі жылдам жауап беруі керек. Сұрақтар қиындық тудырмайтын оңай, бірақ барлық саланы қамтылған, жан-жақты болып келеді.Ойын тәртібі бойынша бұл бөлімде сіздерге 3 минут ішінде бірдей нұсқада 30 сұрақ оқылады. Ұпайы аз ойыншы бастайды.

Түйенің сүтінен не жасалынады? Шұбат
Астана қаласының бұрынғы атаулары? Ақмола, Целиноград
Астана қаласы қай өзеннің жағасына салынған? Есіл
Қазақстан қай жылы БҰҰ мүше болды? 1993
Ердің екі сөйлегені ? Өлгені
Бірінші дүниежүзілік соғыс қай жылдары болды ?1914-1918 ж.
Мекке барған адамды кімдеп атайды ? Қажы
Сырды жасыру үшін берілетін сый? Ауызбастырық
Астау неден жасалады? Ағаштан
Қай ай құстың атымен аталады ? Көкек
Тілдің негізгі қызметі ?Сөйлесу, қарым-қатынас жасау
Оташы деп кімді айтады ?Сынықшы, хирург
Жас кезінде балаға аталатын малдың атауы ? Бәсіре
Түйе пірі ? Ойсылқара
Су түбінде қандай тас болмайды?Құрғақ
Құстың негізгі мекені ?Ұя
Аудан әкімінің толық аты жөні ?Нұралиев Абдалы Тоқбергенұлы
Айтыстың ең көне түрі ? Бәдік
Бекежанның рөлін сомдаған актер ? Асанәлі Әшімов
Әр мүшел қанша жыл?12
Құрғақ сөзіне антоним ?Сулы
Тістің бұзылуына алғашқы ұшырайтын ? Эмаль
Денсаулық кепілі не?Тазалық
Қазақстандағы ең биік шың ? Хан Тәңірі
Ең ыстық материк?Африка
Термометр ішіндегі сұйық? Сынап
Бірінші дүниежүзін айналған адам ? Фернандо Магелан
1000 жылдың басқа атауы? Ғасыр
Ең үлкен үш таңбалы санды ата ? 999
Кісідегінің кілті…?Аспанда
–          Мінекей, «Жүйрік» бөлімі бойынша …. 3 минут ішінде 30 сұрақты толығымен тыңдап үлгеріп, оның ….. дұрыс жауап берді, ал …. болса,  ….. жауап берді. ….. біз сізбен қоштасамыз. Бүгінгі ойынның жеңімпазы ол, …..

–          Ардақты ағайын! Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз. ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыздар деген ниетпен сіздермен қоштасамыз. Олай болса, жүйріктерді анықтайтын білім бәйгесінде жолыға берейік!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *