«Мәңгілік ел ұландары» атты «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымының облыстық жиынының сценарийі


Тилеубаева Эльзат Аязкуловна
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығының аудандық «Жас Ұлан» ұйымының үйлестірушісі

Қатысушылар: Арнайы  шақырылған  қонақтар / «Нұр  Отан» партиясы аудандық  филиалы, аудан  әкімдігінің  білім  бөлімі және «Жас Отан»  ЖҚ  атқарушы  хатшылар, «Жас Ұлан» ұйымының  үйлестірушісі, БАҚ  өкілдері,   жасұландықтар  мен  көшбасшылар/

/Іс-шара  өтілетін  орын  тақырыпқа  сай  безендірілген/

Фанфар ( керней). Ортада барабаншылар (10 адам). Арасында «Қазақстан. Жас Ұлан. Жас Қыран» деп 3 рет айтады. Сырттан «Бұрыл!» деген бұйрық беріледі. «Жас Ұланның туының шығуына түзел! Тік тұр!» дейді. Сырттан барабаншылар ойнап тұрады. Ортаға «Жас Ұланның» туын алып 3 адам кіреді де ортаға тұрады. Осы кезде «Жас Ұлан» ұйымының гимні орындалады.

1 жүргізуші: Аудандық Ұланбасы! «Жас Ұлан» ұйымының туын тапсыру рәсімін өткізуге рұқсат етіңіз.

Ұланбасы: Рұқсат етемін! (Туды тапсыру рәсімі)

2жүргізуші:

«Жас Ұлан»  ұйымының  Туын   Абай атындағы орта  мектептің   8 сынып  оқушысы , облыстық «Үздік Ұлан-2016» сайысының жүлдегері  Жұмабек Шәрбат  салтанатты  түрде , зор  сенім  білдіре  отырып  тапсырады.

Ұланбасы:

Жас Ұлан !Біздің  жерлестеріміздің  даңқты  ерлігі  мен  өнегесі  негізінде ерлікке  үйренуге және  Отанға  шексіз  қызмет  етуге, елімнің болашағы үшін игілікті істерді атқаруға әрқашанда   дайын  бол!

Оқушы:    Әрқашанда  дайынмын! ( Туды тапсырғандар шығып кетеді. Қабылдап алғандар бір бұрышқа барып тұрады )

1 жүргізуші:  Қайырлы  күн,  өскен  елдің  өрелі ұрпақтары!

2 жүргізуші: Армысыздар,  бүгінгі  жиынға   қатысушы  құрметті  қонақтар!

Бірге: «Мәңгілік ел ұландары»  атты  «Жас Ұлан»  балалар  мен  жасөспірімдер  қоғамдық  ұйымының   облыстық  жиынға  ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Осы кезде А.Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектептің Ұланбасшылары шығады да барлық қатысушыларды орнынан тұрғызып «Сәлем достар! Біз Жас Ұлан…» сәлемдесу флешмобы.

/Қонақтармен  таныстыру/

2 жүргізуші:

Құрметті  Жас Ұландықтар!   Ендеше, бүгінгі жиынға келген   қадірлі   қонақтарымен  таныс  болыңыздар.

1.______________________________________________________________

2.______________________________________________________________

3.______________________________________________________________

4.______________________________________________________________

5._______________________________________________________________

6.________________________________________________________________

7.________________________________________________________________

«Шашу» бишілер тобының «Қазақ биі» орындалады. (Хабарлаусыз)

1 жүргізуші:

Республикалық  бірыңғай  «Жас Ұлан»  балалар мен  жасөспірімдер  ұйымы осыдан 5 жыл  бұрын   2011 жылы  6 шілдеде  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  бастамасымен  қолға  алынып  құрылған.

2 жүргізуші:

8000 мыңға жуық мүшесі бар «Жас Ұлан» ұйымы Елбасының бастамасымен қуаттап, осыған дейін атқарған игілікті шараларын «Жас Ұлан» ұйымында жалғастыруда. Бұл ұйым балаларға жаңа ой әкеліп, өзекті мәселелерді қозғап, жаңа серпін әкелді. Құландық  ұландар да  аталмыш ұйымның бір бөлшегі болып қаланады. Осы уақытқа  дейін баллар әлемінде талай игілікті істер атқарған жас ұландықтар талай жетістіктерге жетті.

1 жүргізуші:  «Жас Ұлан» ұйымы алғаш құрылғанда аудан бойынша 200 үздік оқушы қабылданған болса,бүгінде 8000 мыңдай белсенді оқушымен толықты.

2 жүргізуші: Құландық жас ұландардың алғашқы  шарасы 16 желтоқсанда бастау алып, 1 мамыр –Бірлік күніне орай жалғасын тапқан  болатын. Бұл күндер әрбір жас ұландықтар жүрегінде қалды. Дәл сол күндері әр мектепте «Жас Ұлан» қатарына қабылдау сәті өтеді.

1 жүргізуші:    Бүгін ел болашағы деп танылған «Жас Ұлан» ұйымының қатары  тағы да жалынды жастармен ,патриот көшбасшыларымен толыға түспек.

2 жүргізуші:

Олай болса, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына    6-17 жас аралығындағы   ауданымыздың   үздік 10  оқушысын  салтанатты түрде қабылдауға кезек берейік.

( Ортаға қабылданатын оқушылар тұрады, қолдарында галстук пен төсбелгі. М.Горький  атындағы  орта  мектебінің  оқушысы  Ахан Алтынай  алдыға шығып антты айтады)

Алтынай:  Жас Ұлан»  ұйымының    ұраны:

ПАРЫЗЫМЫЗ-Ұлы  Отанға  адалдық

БОЙЫМЫЗДА –Бар  өскіндік, шыншылдық

БАРША ЖАНҒА-Үлгі  өнеге  боласыз

БІЗ ЖАС ҰЛАН –Отаным деп жанамыз!

( «Жас Ұлан»  бірыңғай  балалар  ме  жасөспірімдер  ұйымының анты)

Біз  «Жас Ұлан» ұйымына кіре отырып, Қазақстан  Республикасының патриоты  болуға; Мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеуге,  дәріптеуге; Туған еліміз,жеріміз,Отанымызды  мақтаныш  етуге  Уәде  береміз.

Ата-анамызды қадірлеп; Үлкенге  құрмет, кішіге  ізет  көрсетеміз.

Оқуда  озат,еңбекте  адал  болып;Салауатты  өмір  салтын  ұстанамыз.

Тәуелсіз  еліміздің  білімді,жігерлі,парасатты, отансүйгіш азаматы  боламыз  деп :Ант етемін, Ант етемін,  Ант  етемін! /3 рет қайталайды бәрі бірге/

2 жүргізуші:

-«Жас Ұлан »  ұйымына қабылданған оқушыларымызға    төсбелгі  мен галстук тағу рәсімі  бүгінгі  жиын  қонақтарына   беріледі.

1 жүргізуші:    Ұлы  дала  елінің  Жас ұланы!  Отанға  шексіз  қызмет  етуге дайын  бол!

Бірге: ӘРҚАШАН  ДАЙЫНБЫЗ! ( Оқушылыр шығады. Ту ұстаушылар бұйрықпен туды алып кетеді)

2 жүргізуші:

Құрметті «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері!  «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді  еліміздің еңселі азаматтары болуларыңа тілектеспіз.

1 жүргізуші:

Ендігі   сөз кезегін    бүгінгі  іс-шараға  қатысушы  қонақтарға  бергім  келіп  тұр

2 жүргізуші:

Өте  дұрыс айтасың, олай  болса  қонақтарымыздың  да  жүрекжарды  лебіздерін  тыңдауға  кезек  берейік.

1.

2.

3.

– Ендеше сіздердің құрметтеріңізге «Шашу» бишілер тобының орындауындағы «Орыс биін» тамашалаңыздар.

– Арслан!Сен білесің бе, жыл сайын республика көлемінде өтетін «Абай оқулары» байқауының тарихында  Семей өңіріндегі жас ақындар жүлделі орынға ие болатын. Биыл 17-ші рет өткізілген байқауда  Бас жүлдені бірінші рет біздің Жамбыл облысы иеленді . Ол – Ш.Уалиханов атындағы шағын орталықты орта мектептің ұланбасшысы Қамшыбек Ахмет.

2 жүргізуші: Бәрекелді! Ендеше ортаға сол дарынды ұланбасшымызды қошеметпен шақырайық.

Көркемсөз Ш.Уалиханов о/м.  Абай «Ұстаз» Қамшыбек Ахмет.

1 жүргізуші:
Ризамыз дәл осындай жастық шаққа,
Не жетер, Жасұлан деген лайық атқа!
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа!

Құрметті  іс-шараға  қатысушы  қонақтар !  Осынау  салтанатты  сәтте , өздерінің  ізгі  ниетін  білдіру  үшін «Мен елімнің ертеңі…»  атты  тақырыпта   ашық  мінбе   жарияланады.

2 жүргізуші:

1.     Ашық  мінбеге  арманы  асқақ,  ойы  ұшқыр,  қиялы ғажап  көшбасшы, №2 шағын орталықыты орта мектебінің Ұланбасшысы Атабек Арсланды шақырамыз

1 жүргізуші:  Бірлес   орта  мектебінің  оқушысы  , аудандық «құлан жұлдыздары» ән байқауының бас жүлде иегері Садатқызы Шолпанның  орындауында  «Астана»әнін  қабыл  алыңыздар.

2 жүргізуші:

Ашық  мінбеге Абай атындағы орта мектептің Ұланбасшысы, облыстық «Үздік Ұлан-2016» байқауының жүлдегері Жұмабек Шәрбатты шақырамыз.

1       жүргізуші:

Ашық  мінбеге Т.Рысқұлов  атындағы орта мектептің Ұланбасшысы, республикалық,облыстық  байқаулардың жүлдегері Бірімжарова Гүлжанатты шақырамыз.

2 жүргізуші:

Ақбұлақ  орта  мектебінің  оқушысы , «Жас Ұлан-2016» 18-ші республикалық армия әндері фестивалінің жүлдегері Әшімхан Нұрдәулеттің орындауында  « Туған жер »  әнін  қабыл  алыңыздар.

1       жүргізуші:

Ашық  мінбеге Жамбыл орта мектебінің Ұланбасшысы, облыстық көшбасшылар форумының қатысушысы, облыстық «Бала би» байқауының жүлдегері  Бишен Саматты шақырамыз.

–         А.Байтұрсынов о/м. Әлмахамбет Ұлбосын

–         Ақбұлақ о/м. Абдрахманова Аружан

–         №1 м/л. Нұрлан Нұргерім

–         Қорағаты о/м. Бейсенқожа Нұрби

–         М.Әуезов о/м. Райысова Мадина

2 жүргізуші: Ортаға облыстық «Өнерге қанат қаққандар» ән байқауының жүлдегері , Ақыртөбе о/м. оқушысы Пралиева Айдинайды шақырамыз.

«               » әнін қабыл алыңыздар!

2 жүргізуші:

Құрметті  қауым!  Ауданымызда     дарынды, көшбасшы оқушылар  аз  емес. Осы  жыл  ішінде  ұйымның қоғамдық  жұмыстарына    атсалысып,  белсенділік  танытқан  оқушыларымызды және ұйымының жұмысын жандандырып, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше үлес қосып, әрбір жасұландықтардың жүрегіне отансүйгіштік пен елжандылық сезімін сіңіруде еңбек еткен,бір мақсатта әрекет етуіне жағдай жасап, бағыт беріп жүрген мектеп тәлімгерлерін  марапаттау  рәсіміне  кезек   берейік.

1 жүргізуші:

Ендеше  марапаттау  рәсімін  жүргізу  үшін,     Т.Рысқұлов  аудан  әкімдігінің  білім  бөлімінің  басшысы  Утеулиева  Ләззат  Шакуалықызы  мен  аудандық «Жас  Ұлан»  балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымының  үйлестірушісі  Тілеубаева Эльзат  Аязқұлқызын    сахна  төріне   шақырамыз.

1 жүргізуші:

Құрметті  Жас Ұландықтар! Тәлімгер әкпе, ағалар! Алған  марапаттарыңыз  құтты  болсын!

2 жүргізуші:

Жасасын, Қазақстан!  Жасасын, Қазақ елі! Жасасын «Жас Ұлан»

1 жүргізуші:

Хор: Е.Хасанғалиевтің  әні «Атамекен» . Орындайтын мектеп тәлімгерлері. «Хор орындалып жатқанда оқушылар жалаушаларын көтеріп, орындарынан тұрады аяғына қарай)

2 жүргізуші: Жаса,Жайна, Асқақта байтақ елім! Өс,Өн,Өрле жаңа бастама иесі- «Жас Ұланым!».     Заманауи Қазақстанның ұлтжанды, рухы биік, білімді, жаңашыл жасұландықтар алдағы уақытта Елбасы сенімін, ел сенімін ақтайтыны сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *