Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы


Дүйсенбай Арайлым Алиқызы
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығының қосымша білім беру педагогы

Қатысушылар:

Аяз ата, Ақшақар, жылқы, Алдар көсе, бай, кемпір, Саққұлақ, қошқар, теке, қой, қасқыр, түлкі, айдаһар, шайтан, мыстан, тауық, мешін, сиыр, тышқан

Қойылатын көріністер:

1. «Алдаркөсе, бай, кемпір және Саққұлақ»

2. «Ортеке» ертегісінен

3.«Ескі жыл -жылқы»

4. «Мыстан кемпір, айдаһар, шайтан»

 

1 жүргізуші:

Уа, халайық жарандар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

 

2 жүргізуші:

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Уа, халайық той бүгін

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық Қой жылын

Ұзатып сап Жылқыны

 

1 жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, ата салтын сақтаған, баба үмітін ақтаған, ер мінезін екшеген, елдігінен кетпеген, кеңдігімен кеуделі, келешегі сәулелі , ақ көңілді, мол мейірлі ағалар мен бауырлар!

 

2 жүргізуші:

Әр үйдің еркесі мен  «серкесі», еліміздің болашағы, егемендіктің тәтті дәмін татып өсіп келе жатқан балақандар мен ботақандар! «Қой» жылы сендерге де ырысты , жақсылық атаулы өздеріңе жұғысты болсын!

 

1 жүргізуші:

Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен,әсем ән, сәнді бимен өткізуге атсалысамыз деген үміттеміз.

 

2 жүргізуші:

Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп,баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

 

1 жүргізуші:

Қадірлі халайық, баршаңызды 2015 жаңа  жылдарыңызбен шын жүректен  құттықтай отырып, біздің ауданымыздың табысы мен ырысын молайтуға күш салып жүрген, бүгінгі жаңа жылдық жасыл шырша кешінің ұйымдастырушы және демеушісі болып отырған ауданымыздың әкімі  Айтақов Жарылқасын Тоқтасынұлына сөз беріледі.

 

1 жүргізуші:

М.Горький орта мектебінің оқушысы, облыстық «Кел, шырқайық!» ән байқауының жүлдегері Махмут Аяулымның орындауында «Шырша жыры» әні орындалады.

 

Аяулым:

Жайды да қанат балдырған  менің  арманым,

Өнердің көгін бір сәтке ғана барладым.

Жарылқасын аға, сізге мен ақ ниетпен

Әсем бір әнмен шашуымды арнадым.

 

Көрініс: Ортаға Алдаркөсенің әнімен – Алдар, бай, бәйбіше және Саққұлақ келеді.

Байдың үстінде жамау, жыртық шапан . Алдаркөсенің үстінде байдың әдемі қымбат шапаны. Екеуі жанжалдасып кіреді ортаға

Бай: Алдар сен мені алдадың, шапаныңның жылуы жоқ екен. Өзімнің шапанымды қайтар.

Алдаркөсе: Бермеймін, байеке өзіңіз келісіп бердіңіз.

Жүргізуші: Уа Алдар, байеке сіздерге не болған мереке күні жанжалдасып. Мұнда мерекеге келген қонақтар бар.

Бай: Мына Алдар мені алдап шапанымды алып қойды.

Алдар:  Жоқ бермеймін. Шапан менікі енді. Тесік шапан сенікі.

Бәйбіше: Ой қандай керемет шырша, әдемі киінген балалар, екеуін шапанға таласқандарынды қойындар, одан да балалармен бірге көңіл көтерейік

Жүргізуші: Дұрыс айтасыз әже,сіздер дауласпаңыздар. Төрелігін  Аяз атадан сұрайық. Ендеше бәріміз ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Алдар: Саққұлақ сен тың тыңдап көрші Аяз ата қай жерде келе жатыр екен?

Саққұлақ:

Балалар бүгінгі жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен Ақшақар келе жатқанын жақыннан естіп тұрмын. Балалар қане  бәріміз бірге шақырайық.

Бірге: Аяз ата, Ақшақар! 3 рет

2 жүргізуші:

Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді қарша қызбен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алайық!

( Ұлыған боранның дауысы естіледі.Музыкамен жылқы мен шанада Аяз ата мен Ақшақар қоңыраулатып келеді)

(  Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Жас бишілер» тобы «Қарша қыздар» биімен ортаға Аяз ата мен Ақшақарды әкеледі)

Аяз ата:

Уа, жұртым, жиналған!

Көңілдерің дүр маржан.

Айналайын ұлдардан,

Айналайын қыздардан.

Аяз ата, Ақшақар

Жетті жолдан қиналған.

Ештеңе емес барлығы,

Алдымыздан күлді арман

Мықтылығым мәлім ғой

Өтіп кеткен жылдардан

1 жүргізуші: Армысыз Ата, армысың  Ақшақар!

Аяз ата: Саламатсындарма балалар, ұстаздар, ата-аналар!

Бар болыңдар! Біз қай жерге келдік қарағым?

2 жүргізуші:   Киелі Құлан жеріне келдіңіз!

Аяз ата: Бәрекелді , балам! Құлан ән мен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?

1 жүргізуші: Әрине, ата! Мерекенің шырайын кіргізер күйшілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.

2 жүргізуші: Ендеше ортаға сіздің құрметіңізге М. Төлебаев атындағы балалар саз мектебінің фольклорының орындауында Н. Тілендиевтің «Әлқисса» күйін қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші: Аяз ата ! Алдаркөсе өзінің тесік шапанын алдап байға беріп, өзі байдың қымбат шапанын киіп алып, жанжалдасып келіпті. Осыған не дейсіз, төрелігіңізді айтыңызшы балалардың алдында.

Аяз ата: Алдар! Байеке екеуің дау -жанжалды қойыңдар. Бұл жерде жаңа жылдық мереке болып жатыр. Шыршамыздың шамын жағып, бәріміз бірге шыршаға арнап ән айтайық. Балалар күтіп қалды.

Ақшақар:

Қызықты барлық ойға алып,

Жаңа жыл жатыр тойланып.

Қанекей әсем шыршаны,

Ән салайық айналып.

Аяз ата:

Жасыл шырша жанында

Барлығы тұр жараса!

Достарды бір қуантып,

Шырша, қане, жарқыра!

Бәрі:

Жарқыра! Жарқыра! ( шыршаның шырағы жанады)

2 жүргізуші:

Балалар бәріміз бірге  «Шырша әнін» шыршаны айнала орындайық.

Хор «Шырша әнін» орындайды.

***

Көрініс: «Ортеке» мультфильміндегі музыкамен қасқыр мен түлкі кіреді)

Түлкі: О-о, мыналарды қара! Бәрің Аяз атадан сыйлық алуға келдіңдер ғой, ия?

Аяз атаға келіп: Аяз ата, мен сізге өлең айтып берейін бе?

Аяз ата: Айта ғой , түлкішек

Түлкі:

Ананы да , алдадым

Мынаны да алдадым.

Мен түлкімін айлакер

Аяз ата сыйлық бер (қолын жаяды)

Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін (қолында гитара)

Мен қасқырмын, қасқырмын

Қой ұрлаймын өрістен.

Ұйқым келмейді егерде

Қойдың етін жемесем

Ахо-хо. Охо-хо

Түлкі: Балалар бізді теке мен қошқар іздеп келе жатыр. Бізді көрдік деп айтпаңдар.         (Балалардың артына тығылып қалады)

2 жүргізуші: Балалар түлкі мен қасқырдың тақпақтары бізге ұнамады, ал сендер Аяз ата мен қарша қызға жақсы тақпақтарынды айтып беріндерші

Шыршаға келген балалардың тақпақтары

***

Көрініс: («Ортеке» мультфильміндегі  музыкамен теке мен қошқар келеді)

Теке: Амансыңдар ма ,балалар! Біз жаңа жыл иесі –қойды іздеп келдік. Қасқыр мен түлкі ұрлап кетіпті. Сендер оларды көрдіңдер ме?

Балалар: Көрдік, олар осында.

2 жүргізуші: Балалар теке мен қошқарға қасқыр мен түлкіні ұстап берейік.

Түлкі, қасқыр: Кешіріңдер бізді балалар, біз жаңа жыл иесі қойды қайтарамыз. Алдымен бізге арнап жақсы өнер көрсетсеңдер.

2 жүргізуші: Ендеше ортаға сендердің құрметтеріңе облыс, аудан көлеміне танымал «Әдемі-ау» бишілер тобының орындауында «Солтүстік» биін қабыл алыңыздар.

***

Көрініс: Осы кезде ортаға шайтан, мыстан кемпір, айдаҺар кіреді

Мыстан кемпір ысқырып ұшып келіп:

Қатыгездік қанымда

Қылмескерлер жанымда.

Қуаныш, тойға жол бермеймін

Күш-қуатым барында.

«Әлі келмес әлек», – демеңдер,

Көк аспанды жерге түсіремін

Жердің күл паршасын шығарамын.

 

Шыршаны бір айналып шыққан соң:

Айдаһар: Мына жерде не болып жатыр?  Мына жұрт бізсіз мерекеге жиналыпты. Бізді неге шақырмайсыңдар, а? Әп бәлем, ақыры бізді қоспайды екенсіңдер, ендеше біз сендерге көрсетеміз.Не істесек екен?! (ары-бері біраз жүреді)

 

Мыстан:

Унды-фунды-гей

Күшімді сынайын,

Бір кешке шыдайын,

Сендерге бұл кешті,

Болмастай қылайын.

Унды-фунды-гей!

Жаңа жыл – қойды

Келместей қылайын!

Ха-ха-ха…

Қолыма түсесің бәлем.

Тәтті етіңе бір тоятын болдым.

Шайтан:

-Мен сендерге айттым ғой, ешқандай да мереке болмайды. Тараңдар деймін…

Жүргізуші:

-Балалар мұнда ертегідегі  айдаһар, мыстан кемпір және шайтанның өздері келіп тұр. Бұлар балалардың бүгінгі мерекесінің шырқын  бұзбақшы.  Не істейміз?

Мыстан: Балалар біздің сендерге қояр шартымыз бар.

Жүргізуші: Шартыңызды айтыңыз

Мыстан:  Жыл сайын осы мерекелеріңнің быт-шытын шығарғым келеді. Бірақ, балалар сіз сондай сұлусыз дегенде елжіреп, жібіп қаламын. Жарайды көремін, менің шартым сендермен бірге  мен бір жақсы ән шығарғанмын, соған билегіміз келіп тұр, егер билерің ұнаса мерекелеріңінің шырқын бұзбаймыз.

Жүргізуші:

Балалар біз бұларды әбден  билетіп, сілесін қатырайық.

Музыка ойналады, балалар шайтан  мен айдаһарды , мыстанды  ортаға алып бәрі билейді.

( Би)

Мыстан:

Ой-ой-ой. Мен билей алмаймын. Менің аяғым шаршады, ой-ой-ой. Ох-ох-ох. Кешіріңдер балалар! Біз енді мейірімді боламыз. Балалар, кешіріңдерші бізді.

Жүргізуші: Кешіремізбе балалар?

Жүргізуші: Мыстан-әже балалардың биі ұнады ма?

Мыстан: Керемет, сендер өте білімді, тапқыр, болашақта көп үміт күттіретін балалар екенсіңдер. Сендерге ризамын. Маған ренжімеңдер. Балалар біз сендермен бірге ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алсақ бола ма?

Жүргізуші: Ортаға сіздердің қошеметтеріңізбен облыстық «Кел, шырқайық!» атты ән байқауының жүлдегері Мейрамбек Нұрайдың орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші:

Жол болып тарихтан сап басталармыз

Басталармыз жүрекке дос табармыз.

Сондай кезде даңқты ескі жылым,

Құрметпенен біз сені еске аламыз.

2 жүргізуші:

Таси түссін ынтымақ та ырыс та,

Адалдықтың мәртебесін нық ұста.

Адамзатты мақсатына жеткеріп,

Келер жылға кезек беріп тыныста.

***

1 жүргізуші:

Балалар,  біз қай жыл иесімен қоштасқалы отырмыз

Балалар (хормен):

Жылқы жылы!

2 жүргізуші: Ендеше балалар ортамызда ескі жыл жылқы достарымен жүр,  қайдасыңдар келіңдер.

( Жанында сиыр,әтеш, тышқан, мешін, ит сияқты достары бар келеді)

Әтеш: Ку-ка-ре-ку! 2 рет. Е, жарандар! Келе жатқан жаңа  жылда елімізде тек жақсылық болсын.

Сиыр: Ақ мол болсын!

Тышқан: Қамба астыққа толсын!

Жылқы:

Армысыңдар, бүлдіршіндер! Сәлеметсіздер ме, Аяз ата мен Қарша қыз! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Ақшақар:

Өзіңде қош келдің, Жылқы! Міне сенің біздің арамызға келгеніңе де 1 жылдың жүзі болып қалыпты, солай емес пе?

Жылқы:

Иә, бір жыл деген зымырап өте шықты. Ал, балалар, сендер үшін менің жылым қалай өтті? Қандай жетістіктерге қол жеткіздіңдер?

1-бала (Гүлмираш ):

Осы жылы жұмылып жүк көтерген, бірлігіміздің, тірлігіміздің арқасында Жамбыл облысының 75 жылдық мерей тойын атап өттік.

( басқа балалар оқудағы жетістіктерін, спорттан,шығармашылық жетістіктерін айтады)

Жылқы:

Жарайсыңдар, балалар. Мен де сендерге ризамын. Бұл жетістіктің барлығы тек сендерге байланысты. Ендеше балалар! Мен,  достарыммен бірге Жаңа жыл иесі – қойды әкелейін.

Жүргізуші: Ортада Облыстық «Әнші  болғым келеді !» атты ән байқауының 1-ші орын иегері, Құлан орта мектебінің оқушысы  Ерболқызы  Қарлығаштың орындауында _______________________________________________ қабыл алыңыздар

1 жүргізуші:

Жаңа 2015 жыл иесі қой ортамызға келеді. Қарсы алайық!

Барлығы:

Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңа жыл!

«Жаңа жыл» әнімен, барлық кейіпкерлер және жылқы шанасымен қойды әкеледі

Қой:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің жүнімнен қазақ үйге киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт-май алады. Шаруаға мен пайдалымын. Ендігі жыл басы мен боламын. Мен сендерге жаңа жылда көп жақсылық, қуаныш, молшылық, тыныштық, бақытты балалық шақ сыйлаймын.

2 жүргізуші:

Балалар , жаңа жыл ортамызға келді.  Жаңа жылдың құрметіне бәріміз бірге би билейік.

Шыршаға келген балалар «Қара жорға» биін билейді

Конец формы

2 жүргізуші:

Ал, балалар, балалар

Ескі жылдай аға бар.

Оны ортаға алайық

Қош айтысып қалайық.

1 жүргізуші:

Көңілді көп қуаныш

Әр көңілде басты үміт.

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.

Жылқы:

Көп рахмет сендерге, бүлдіршіндер

Сендер өзі әр үйдің бір гүлісіңдер.

Халқы сүйер әрқашан

Азамат болып өсіңдер!

Сау болыңдар, балалар!

Ақшақар:

Жарайсыңдар балалар! Аяз ата екеумізді бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімізді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді, өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе ата?

Аяз ата:  Біздің сыйлығымызға  риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал балалар, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер.Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

1 жүргізуші:

Сау болыңыздар ! Ендеше кешке келген балаларға арналған сыйлық тапсыру рәсімін ауданымыздың әкімі Айтақов Жарылқасын Тоқтасынұлына берейік.

Сыйлықтар тапсыру.

1 жүргізуші:

Осымен  мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

2 жүргізуші: Балалар бәріңізді мерекелік дастарханға шақырамыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *