Бенефис- шоу бағдарламасы


Айымбекова Гүланр Мәжитханқызы
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығының қосымша білім беру педагогы

Асылбек: Ассалаумағалейкум, уа, халайық !

Эльзат: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

Асылбек: Бүгінгі көңіліміздің түбегінен орын алған кең пейілді, ақ ниетті ұстазға арналған  мерекелік бенефис-шоу  бағдарламасына  қош келдіңіздер!

Эльзат: Асылбек , «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға» – деп,  Абай   атамыз айтқандай, бар шәкірттің көңілінен шығып, оларды өзіне баурап  алу да оңай емес.

Асылбек: Иә, сонда да осы қиындықты жеңіп, еңбегінің арқасында елеулі болған ұстаздар қаншама?!

Эльзат:   Бүгінгі бенефис- шоуда  халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленген ұстазға арналады. Тұлғаның жеке өмірінен бастап, қоғамдағы орны мен шығармашылығына дейін толық қамтылып, оның әріптестері, достары, туған-туыстары ұстаздың азаматтық және кәсіби ерекшеліктері турасында сыр шертеді.

Асылбек:  Бағдарламаның басты мақсаты – табиғи дарыны мен ерен еңбегінің арқасында кәсіби біліктілікке қол жеткізген тұлғаның игі қасиеттерін көпке үлгі ету, жұртқа беймәлім қырларын таныту. Дарыны қарымын арттырған, өнері өрісін кеңейткен, сақтығы саясатшы қылған, талабы танымалдыққа жеткізген білім саласының жұлдызы, ұстаз-әке – Мызабек ағай  «Бенефис-шоу» төрінде. Қол соғып қошеметтеп қояйық!

Эльзат: Мырзабек ағай! Сізді адам өмірінің айтулы белесі- 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор  қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, аға ретінде жақсы білеміз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға  сіңірген белсенді қызметіңіз,   озық ойлайтын кемел қабілетіңіз тәнті етпей қоймайды , жастарға ұлағатты ұстаз, өнегесіз.

Асылбек: Ия, әріптестеріңіз өзіңізді іскер басшы,шебер ұйымдастырушы және ұлтжанды азамат ретінде танып, құрметтейді. Сіздің қуанышыңызға ортақтаса отырып, алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеуі мен білімін дамыту жолында тартулы табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз.

Эльзат: Ендеше Мырзабек ағайдың «Өмір жолына» саяхат жасайық.

Асылбек: Маңғұтов Мырзабек Қарақұлбайұлы 1955 жылы 29 ақпанда ҚР Жамбыл облысы , Луговой ауданының Каменка ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1972 жылы Каменка орта мектебін тәмамдағаннан кейін Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтының жаратылыстану факультетіне оқуға түсіп, гоеграфия-биология мамандығы бойынша 1977 жылы бітірген. Алғашқы еңбек  жолын  Жамбыл атындағы орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болып бастады.

1979 жылы Жамбыл орта мектебінде мұғалімдер комсомол комитетінің хатшысы.

1982-1985 жылдары №20 Ақыртөбе кәсіптік техникалық училищесінде Комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет атқарды.

1985-1992 жылдары аралығында Каменка орта мектебінде директор болып жұмыс істеді.

1992 -2006 жылдары Аудандық білім басқармасының инспекторы, әдіскері болып қызмет атқарды.

2003-2007 жылдары №9 Қарақыстақ сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты.

2006 жылдан осы уақытқа дейін Облыстық  туберкулезға қарсы балалар санаториясының жанындағы негізгі мектепте мектеп директоры болып қызмет атқарып келеді.

ҚР білім беру ісінің үздігі төс белгісімен марапатталынған, жоғары санатты мұғалім.

Мектеп директоры Маңғұтов Мырзабек Қарақұлбайұлы мектептің материалдық базасына нығайтуға ерекше мән береді.

( Ән «           »)

Асылбек: Сіз барлық атқарған мәртебелі қызметтерде жоғары белсенділік танытып, ел ішінде үлкен беделге ие болып отырсыз.Өмірден мол тәжірибе жинақтап жас мамандарды тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт бағдар беріп, жастарға  -ұстаз, ақылшы, көмекші болып отырсыз. Осы қалпыңыздан таймай, асулардан асып, берекеңіз тасып, ата жолынан айнымай, жұбайыңызбен бірге балаларыңыздың қызығын көріңіз.

Эльзат: Ақын М.Жұмабаевтің «Әр адамның ынтасы әр түрлі нәрседен оянады: біреудің музыкадан, біреудің суреттен, енді біреудің поэзиядан, өнердің бір түрінен ләззат алмайтындай , біреуіне  құмар болмайтындай адам болмайды деген сөзін  Мырзабек ағай үнемі басшылыққа алып жүреді.

Асылбек:- Аға ,сізге сұрақ:

–         Өнер жолына қалай келдіңіз? Алғашқы ойнаған аспабыңыз?

–         Гитарамен бір ән айтып берсеңіз. ( «Кім кінәлі?» әні)

–         Сіз бірнеше аспаптарда ойнайсыз. Домбырамен ән, терме айтуды қашан бастадыңыз?

–         Келесі тыңдайтын әніміз Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған «Қазақтарды шетелдерге таныстыру». Мырзабек ағаның орындауында қабыл алыңыздар!

Эльзат: Сізді айтулы оқиға-60 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтап бала кезден дос болып келе жатқан досыңыз, ауыл шаруашылығы саласының маманы Нұрабаев Сәрсен аға келіп отыр екен, сөз кезегін қонақа берсек… ( «Алтын балалық» қырғыз әні орындайды).

–         Құрметті қауым, назарларыңызды бейнероликке аударсаңыздар ( Бижанов Қожайхан, Букирова Жұмакүл әкпеймен сұхбат)

–         Ортаға  Қорабаев Нұржан мен Асқар Бахтиярды шақырамыз. «          » әнін қабыл алыңыздар.

Асылбек:    Мырзабек аға қоғамшыл , белсенді ұстаз-әке. Ұстаз болуды өз жүрек қалауыммен таңдады. Ол кісінің бойындағы ең жақсы қасиет-үйдегі мен түздегі жағдайды орайластырып,тізгінді қолына ұстауға тырысады. Балалары үшін жұмысты,жұмысы үшін балаларды ұмытып кетпейді. Үйі әрқашан берекелі,жайлы. Өзіне тиесілі міндеттің бәрін жоғары деңгейде атқаруға тырысып,жеке өмірін де шығармашыл адамға тән тапқырлықпен ұйымдастыра алады.

Эльзат: «Әке көрген оқ жонар» демекші ағаның ұлы Ғазиз әскери қызметші болсада өнерге жақын. Келесі сауалды ұлына берсек.

–         Ән айтуды қанша жастан бастап айналыстың? Мерейтойға бір ән орындап берсең ( «   » әні).

–         Тағы да бейнероликке назар аударайық ( Тәжіков Әмзенің сұхбаты)

–          Байтаков Ержанның орындауында «                 » қабыл алыңыздар

Асылбек :

«Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші, тәжірибелі ұстаз оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында  жемісті еңбек етіп келеді.  Соның айғағы , ортада отырған шәкірттері…

Эльзат:

– Мырзабек аға ұстаздық жолыңызда жетістікке жеткен шәкірттеріңіз, болмаса жолыңызды қуған шәкірттеріңіз туралы әңгімелеп берсеңіз.

-Құттықтау сөз кезегі шәкірті Дулатқа беріледі. ( Саймұратов Дулат ән орындайды)

Асылбек: Ортада өмірдегі айнымас адал досы, әріптесі  Мырзабек ағаның   әріптесі Гүлсім акпей отыр. Сөз кезегі өзіңізде. ( Дуэт. Мырзабек ағаймен «Соғады сен деп жүрегім» )

Асылбек:    Мырзабек ағаның еңбектері- өз бойынан сол қасиетті көрсетуімен ерекше.  Бәріне үлгереді, үздіксіз ізденеді, өнері бар, домбырамен тартатын күйі бар,  сүйсініп орындайтын әні бар. Әкеге тән аяулы сезімдер мен ұлттық рухты оятар өнерлер ше?.. Ия, ұстаз бәрін бойына жинап, бәрін шәкірттеріме, ұлдарына сыйласам деп тынымсыз еңбектенумен жүреді. Келесі сөз ұлы Нұрғисада ( Сөз, ән)

Ән «Қазақтай ел қайда»

Эльзат:  Ардақты әке, қымбатты атаның немересі Ақмөр бүгін осында. Мен Ақмөрге бірнеше сұрақтар қойғым келіп отыр.

–         Әнді саған кім үйретті?

–         Қандай ойындар ойнайсың? ( Дуэт «Қазақтың дастарханы»)

Асылбек:  –  Мырзабек аға   мектеп басшысы ретінде қызметкерлердің шығармашылық ынтасын көтереді  және ынталандырады. Атап айтар болсақ , Ыхынов Жасұлан, Сейтбекова Жазира, Әмирова Нұрсауле т.б.

–         Ендеше Нұрсауленің    биін тамашалайық…

( Би.  Әмирова Нұрсауле)

Эльзат: Асылбек  сен білесің бе? Біздің Құлан көненің көзіндей көріп, Ұлы Жібек Жолы бойындағы жеті қала ішінде қытайлар «Сұлу қала» деп атаған шахар.

Асылбек: Иә, рас. Құланның тарихы шексіз десек қателеспейміз. Қасиетті Құлан топырағы дарынға да кенде емес, еліміздің өнері мен ғылымына, спорттық жетістіктері мен экономикасына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар баршылық.

Эльзат: Ат тұяғы тай басқан Басқардай ұлы, Мелістей сазгері, Ермахандай өрені бар Сұлутөрдің.

Асылбек: Біздің аудан ұлттық өнерді қатты құрметтеп қолдайды. «Өнер- таусылмас азық, жұталмас байлық» дейді халық даналығы. Келесі орындалар ән «Келші, Құланға». Мырзабек ағайға қол соғып қошеметтеп қояйық.

Эльзат:  Кейде бір адам баласының көңілі телегей – теңіз тасқындап, яки тасып, маңайына әлде бір сиқырлы күш-сиқырлы нұрын жадырай шашып, жанына бір ғажайып күйге бөлеп, тіпті, арманыңа қанат бітіріп, патша көңілді пай-пайлатып, қиял кеңістігіңді ілгері жетелейтіндей болады да тұрады. Бұл – өнер атты күш. Бүгін сол өнер өлкесі жайында қолдан келгенше құлаш сермеп, ой тербеп, қадір-қасиетіміз бен пайым-парасатымыз шегінде тереңнен толқып, сөз саптадық…

Асылбек: Тұрмысында таңын әнмен атырған халқымыз қашан да өнер иелерін құрметтеп отырған.   Міне осындай өнерлі өнердің бір сарасы екінің біріне қона бермейтін әншілік, термешілік,күйшілік, ақындық, шешендік өнері

десек, осы өнердегі  ұстаздардың өрісін кеңейтіп, қадамын нықтау мақсатында бүгінгідей мерейтойлық бенефис-шоу 1-ші рет өтілуде. Сол шоу Мырзабек ағайға арналып отыр. Құттықтау кезегі аудандық білім бөлімінің басшысы Утеулиева Лаззат Шакуалықызы мен аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Тойбекова Зәуреш Орынқұлқызына беріледі.

Эльзат: Мерейтойыңызбен  тағы да құттықтай отырып, отбасыңызға бақыт, өзіңізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, барлық істеріңізге  табыс тілейміз!

Асылбек:Жаңа тарихымыздың жарқын болашағы жолында еңбегіңіз  жана берсін!

Эльзат:Бүгінгі мерейтойға  арналған  бағдарламамыз аяқталды.

Асылбек: Келесі кездескенше амандықпен жүздесейік!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *