« Дамыта оқыту технологиясының элементтері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу »


Игубаева Рахима Апсановна

«Туризм және сервис индустриясы колледжі» КММ-ң қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы

        Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған әдіс- тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгртіліп, білім берудің тиімді деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технология әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамтады, олардың білім сапасын әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқыту, ізденушілік, зерттеушілік қабілетері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім беру мен тәрбиелеудің соңғы әдіс – тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог – зерттеуші, ойшыл мұғалім болуды қажет етеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу – тәрбие үрдісінде жаңа иновациялық әдіс –тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Оқушыларды оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы негізінде басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибемде шығармашылықпен қолданамын. Оқыту мен дамыту арасындағы тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С Выготскии. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды.

Ең алғаш рет дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1.Бала жамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Л.В. Занков ақыл-ой қызметінің байқампздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс – әрекеттер атқара білу деп есептеген.

В.В. Давыдов ақыл – ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп сыйяды және басты шарт ретінде әрекет алынады.

Дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперемент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков басқарады. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс – тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Біздің заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Соңғы 10 жыл ішінде біздің өмірімізге түбеейлі өзгеріс енді. Жаңа буын оқулықтары мен электронды мәдениет әлеміне аяқ бастық. Сонымен бірге мұғалімнің де рөлі өзгерді. Ол енді жоғарғы деңгейдегі жаңашыл ұстаз болуы тиіс. Оған қойылатын талап та жоғарғы деңгейде болады. Заман ағымына қарай қазіргі традициялық сызба мына қағиданы басшылыққа алады. «мұғалім – оқушы – оқулық». Практикалық өмір дәлелдегендей ендігі таңда инновациялық технологияларсыз дамыған мектепте көз алдымызға елестету мүмкін емес. Қоғам педагогикалық шеберлік деңгейі жоғары, жаңашыл, инновациялық көзқарастағы ұстазарды қалыптастыруды талап етеді.

Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман. Ендеше ,қоғам талабына сәйкес мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушының білім сапасын көтеру. Ол үшін мұғалімнің алдында сабақ сапасын көтеру жетілдіру, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру, қабілеттерін дамыту міндеттері тұр. Демек, мен бір ғана әдіспен шкетелмей, шығармашылығымды шыңдап, озық іс- тәжірибемде пайдаланамын.

Мен сабағымда оқушының біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін де дамытамын. Мысалы:

Әдебиет  пәнінен мәтіннің тақырыптық идеясын толығымен ашу үшін оқып, әңгімелеумен шектелмей, қосымша мәтіндегі ұнаған көрінісне сурет салу, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге мінездеме жазуды, эссе, арқылы жүзеге асыруға, топтастыру стратегиясы, 5 жолды өлең, инсерт әдісі, Венн диаграммасы, Семантикалық картамен жұмыс, тест сұрақтарына жауап бере отырып, әрбір сабақты қызықты да тартымды етіп өткізуге болатынына кәміл сенемін.  Егер өлеңмен таныссақ, өлең ұйқасына салып өлең құру сияқты шығармашылық жұмыстар істеуді, сұлулық пен әсемдік туралы шығарма жазуды, оқушылардың сөздік қорын дамыту үшін ертегі құру ойыны, сөзбен сөз тудыру, ойдан жұмбақ құру ойындарын жүргіземін. Осындай шығармашылық жұмыстарды ойдағыдай атқару үшін мұғалімдердің оқушыға берер әсері болуы керек. Мысалы: балаға сенім қалыптастыру үшін «сен білесің», «сенің қолынан келеді», «үйренсің» деген сөздерді жиі айту қажет. Оқушының өз ойынан шыққан жетістігін жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеп отыру қажет. Нәтижесінде: оқушы ойлай отырып, елестетеді, қиялдайды, болжам жасайды. Мысалы: мына слайдқа қарап отырып оқушылар  мағлұматты жинайды. Бұл әрине ізденпаздықтың, болжамның жемісі.

Олай болса, жаңа технологияның әдіс – тәсідерін пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы.

Қазақ тілі  сабағында оқушылардың өздігінен жұмыс істеудің оның ақыл ойының қалыптасуына үлкен мәні бар.

Менің өз іс – тәжірибем бойынша шағын топтардың топ жетекшелерін пайдаланған тиімді екеніне көзім жетті. Себебі, бір жағынан ол оқуышылар өз бетімен тапсырмалар дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі төмендеу оқушыларға орындаттырады. Оқушылардың адалдық тәрбиелеуге, адамгершілік қасиеттерінің артуына көмектеседі. Уақыт үнемделеді. Өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Көп жағдайда оқушыны тақтаға шығаруға тырыспаймын. Тек қандайда бір талдауды талқыланғанда, жеке оқушылардың шығармашылық тапсырмаларын көрсету мақсатында ғана тақтаны пайдаланамын. Себебі, бір тапсырманы орындау үшін тақтаға бір оқушы шықса, көптеген оқушылар өздігінен ойлауды тоқтатып, дайынды көшіруге кіріседі. Талдауды жасаған  кезінде оқушыларға талдаудың түрлі жолдарын, тәсілдерін игерту керек. Қазақ тілі  сабағында оқушының ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу де үлкен ізденісті талап етеді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек деп ойлаймын.

Дамыта оқыту технологиясын оқып меңгеріп, тәжірибемді қолданып, оқушыларды шығармашылық бағытта дамытуда нәтижесі төмендегідей болады:

·        Әр бала өз деңгейіне қарай бағаланады.

·        Іштей бір – бірінен қалмауға тырысады.

·        Ізденуге дағдылануға үйренеді.

·        Оқушының жеке қабілеті айқындалады.

·        Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.

·        Аз уақытта көп жұмыс жасауды үйренеді.

·        Оқушылардың бір – біріне қарым – қатынасы жақсарады.

·        Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушылардың ойлау қабілеті артады.

Міне, өз білімін осылайша жан – жақты толықтырып отыратын мұғалім оқушысын еш уақытта жалықтырмайды деп есептеймін.

Қорыта келе айтарым, инновациялық технологияларды қолдану арқылы бір жетістіктерге жетеріміз анық. Оқушыларға инновациялық технологияны меңгерту таңғажайып әлемнің есігін ашып берумен пара – пар емес пе? Өмірдегі шынайы, ғажап адамзатқа маңызды ашылулардың бәрі ізденпаз ұстаздардың қолында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *