«Оқушылармен жүргізілетін өздік жұмыстардың теориялық негіздері»


Тулебаев Мурат Болтабаевич

Ақмола облысының Целиноград ауданының Новоишимка ауылының №32 орта мектебінің  тарих пәнінің мұғалімі

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезде дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Республикамызда білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы педагогика теориясымен оқу-тәрбие процесіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парагдигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаң көзқарас, басқаша қарым-қатынас өзгеше менталитет пайда болуда.

-білім мазмұны жаңа процестік білімдермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шщығармашылық және нарық жағдайынағы білім беру бағдарламаларының нықтылануымен байи түсуде;

-ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы комьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

– баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

– мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуды;

-қоғамдық білімнен бара – бара педагогикалық технолдогияның кеңінен қолдануына және ғылымның роліне мән берілуде. Мемлекеттік білім стандартына сай міндетті деңгейдегі білім, білік, дағдыларды тексеруге әдістемелік нұсқау, әр пән бойынша оқушылардың білім ,білік, дағдыларына қойылатын талаптар бұрынғы бағдарламаларда да болды Бірақ ол талаптар білім мазмұнының жалпыға бірдей бір деңгейімен ғана анықталғандықтан оқу үрдісін оқушылардың жекебас ерекшеліктері (қабілетіндегі, икемділігіндегі, жалпы дамуындағы т.б.) ескере отырып ұйымдастыруға мүмкіндік бермеді. Жаңа оқу бағдарламалары жобасында білім,білік,дағдыларына қойылатын талаптар түрінде екі деңгеймен беріледі[2]:

1. Оқу материалының мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі немесе (мүмкін деңгейі) ;

2. Оқушылар дайындығының ең өз (минималды) қажетті деңгейі (міндетті деңгейі).

Бағарламада бұл екеуінің аралығында бірнеше деңгейлер болуы тиіс екендігі атап көрсетілген.

Бірақ мектептің орта сатысын бітіруші оқушы меңгеретін білім, білік, дағдылары міндетті деңгейдегі талаптардан төмен болмауы қажет.

Оқушылардың меңгерген білімі мен біліктерінің міндетті деңгейдегі талаптарға қаншалықты сай екендігін арнайы тапсырмалар арқылы бақылап, тексеруге болады.

Тапсырмалар міндетті деңгейдегі талаптардың мазмұнын толық қамтитындықтан олардың орындалу нәтижесі пәннен алған оқушы білімі мен

біліктерінің обьективті жағдайын көрсетеді. Сондықтан мұндай тапсырмаларды пайдаланып оқушы білімі мен біліктерінің, тәрбиелігінің сапасын, деңгейін бақылауға министрлік,отбасы, мектеп, мұғалім, ата-ана,оқушының өзі және әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік топтар мүдделі.

Бұл тапсырмалар нәтижесінде мұғалім өзін бақылауды жүзеге асыра алады: Оқушы білімі мен біліктеріндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді.

Оқушы да өзінің оқу жұмысындағы табыстар, кеткен қателіктер туралы ақпарат алып, нәтижесін этолонмен салыстыруға, сөйтіп өз бетінше әрекет етуге мүмкіндік алады.

«Әрекет» түсінігі өзін және өзінің өмір сүру жағдайларын қоса есептегендегі адамның қоршаған әлемді шығармашылықпен қайта түзуге және тануға бағытталған арнайы белсенділік түрі ретінде анықталады.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру теориясының негізін Я.А.Коменский, И.Г.Песталоции, А.Дистервег, И.Гербарт, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, С.Т.Шацкий, Л.С.Выготский, Д.Локк және басқа шетелдік және кеңестік педагогикалық психологияның ірі өкілдері қалады.

ХХ ғасырдың ортасына таман өзіндік оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясы қалыптасты. Оны негіздеушілер – Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.К.Маркова, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, т.б. – оқу теориясында жаңа проблема көтерді. Ол – оқу міндеттерін жалпы іс-әрекет жолымен шешуде заттың танылған объективтік қасиетін қайта шығару процесінде іс-әрекет субъектісінің өзінің өзгеруі. Бұл теорияның серіппелі өзегі – «оқу іс-әрекеті» түсінігі. Осы теорияның негізін қалаушылардың бірі В.В.Давыдовтың анықтауынша бұл:» …теориялық білім формасында жалпыланған, заттық және танымдық әрекет жолымен игеруге арнайы бағытталған адам іс-әрекетінің негізгі түрлерінің бірі».

Ұйымдастырушылық қырынан қарағанда, оқу іс-әрекеті оқушы мен мұғалімнің оқу-танымдық өзара әрекеттесу процесі. Оның нәтижелілігі, ең алдымен, қатысушылардың әрқайсысының белсенділігіне тәуелді, ол белсенділік тек бірлескен іс-әрекеті оқушы мен мұғалімнің оқу-танымдық өзара әрекеттесу процесі. Оның нәтижелілігі, ең алдымен, қатысушылардың әрқайсысының белсенділігіне тәуелді, ол белсенділік тек бірлескен іс-әрекет кезінде ғана емес, оған дайындық кезеңінде де жойылмауы керек.

Ғалым-педагогтар зерттеулерінде дәстүрлі сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі терең әрі нақты қарастырылған болса, оқушының өзіндік оқу іс-әрекеті проблемасы педагогика ғылымын әлі де толғандыруда.

Өзіндік оқу іс-әрекеті өзінің мәні жағынан, оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде ұғынылады. Психологиялық-педагогикалық еңбектерде ол мынадай сипатта қарастырылады:

– оқушының өз бетімен оқуға мүмкіндік беретін интеллектуалды қабілеті мен дағдысы;

– оқушының өз күшімен білім игеруге ұмтылуы, қабілеті, дайындығы[6];

– жеке тұлғаның өз күшімен білімді және іс-әрекет жолын игеру ұмтылысында көрінетін қасиеті;

– индивидтің өз күшімен өзінің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оны жаңа танымдық проблеманы шешуге пайдалану қабілетін туғызатын жеке тұлға қасиеті.

Осылайша ол дидактикалық құбылыс ретінде екі жақты сапаға ие болады: «оқушының оқу тапсырмасын орындау барысында көрінетін шығармашылық елестету, ойлау, еске сақтау әрекетіне сай көрінетін форма. Ол, сайып келгенде, оқушының өзіне бұрыннан таныс емес жаңа білім алуына, немесе бұрын игерілген білімін кеңейту мен тереңдетуге әкеледі»

Кейбір педагогтар өзіндік жұмыс деп оқытушының қатысуынсыз орындалатын жұмыстарды айтады. Мысалы, А.И.Мелюковтің пікірінше, өзіндік жұмыстар – біреудің тікелей көмегінсіз, өз бастамасы бойынша, не тапсырма бойынша орындалатын білім алушының іс-әрекетіБұл анықтамамен келісетін болсақ, онда оқушылардың өзіндік жұмысын басқаруға болмайды (яғни ол өзінің бастамасымен болатындықтан, оқытушы бақылауынан тыс болады). Бұған қарағанда келесі тұжырымды шынайы деп мойындауға болар еді. «Жалпы білім беретін мектептердегі өзіндік жұмыстың ерекшелігі – оның саналы реттелетіндігінде және педагогикалық мақсаттылығына сай ұйымдасқан бақылау жасалатындығында».

Пайдаланған  әдебиеттер:

1. Қазақстан Ресбубликасы Білім және ғылым министрлігінің 2013-2014 оқу жылына арналған нұсқау хаты. Астана, 2014

2. Құрманбаева Г.С., Жұмажанова Т.Қ., Әрінова Б.А. Бағдарламалар. Қазақ әдебиеті(5-11 сыныптар).-Республикалық баспа кабинеті, 2010

3. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтама. Бас сарапшы: Б. Әбдіғазиев. – Алматы: «Аруана ltd», 2005 – 576

4. Эльконин Д.Б. Психическое развитие в детских возрастах. – Москва: Институт практической психологии, 1995

5. Махмутов М.Н. Теория и практика пробл.обуч. Казань, 1982

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *