Адамгершілік тәрбие


Білісбекова Динара Білісбекқызы
Н.Құлжанава атындағы Торғай гумманитарлық колледжінің оқытушысы

Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әдептілігімен ардақталады.Адамгершілік қасиет адамдардың қимыл-әрекетінен, қарым-қатынасынан көрініс береді. Жақсылық пен жамандық та, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді.В.Сусавев «Адамгершілік бір адамнан екінші адамға сыйлай алатын зат емес, ол өзінің тәжірибесі арқылы ғана жететін адамның ішкі жағдайы» деп адамгершілік құндылыққа ерекше тоқталған.В.А. Сухомлинскийдің «Адамгершілікті, мейірбандылықты, қайырымдылықты тәрбиелейтін шын мектеп-отбасы анаға, әкеге, әжеге, апа-қарындасқа қарым-қатынас, адамгершілікке сын болып саналады» деген.Баланың шыр етіп өмірге келгенде енетін үйі мінез-құлқының, адамдармен қарым-қатынасының, сезімдерінің, көзқарастарының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасатын ұясы –отбасы болып табылады.Осы орайда «сіз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық деп жастардың жадында үлкендер түрлі өнегелерін айтып отырған. « Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді талап еткен.

Тәрбие-өмірдің өзі сияқты күрделі де көп қырлы.Еңбекке тәрбиелеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу,эстетикалық тәрбие, экологиялық тәрбие, құқықтық тәрбие, дене  тәрбиесі т.б. осы барлық тәрбиенің өзегі-адамгершілік тәрбиесі.Ол осы барлық тәрбие түрлерімен біріге келе адамгершілік сапаларын және адамзат құндылығын қалыптастырады.

«Адамға ең бірінші керегі-білім емес, тәрбие.Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы.Ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» деп  Әл Фараби айтқандай, тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, рухани өмірдің негізін қалайды.Тәрбие ұлылыр өсиетін сақтай отырып, олардың адамгершілік құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.Өскелең ұрпақ ұлағатты сөздерімен, тыныс-тіршілігімен, дәстүрімен тәрбиеленеді.Адамзат тіршілігінің міндетті шарты-тәрбие бастауы болып табылады.

Тәрбие-адамгершілік құндылықтардың қалыптасуымен негізделеді.Адамзат тарихында құндылықтар қалыптасуының негізі ерте заманнан-ақ ойшылдар мен ғұламалардың назарында болды.Олардың тәрбие негіздері атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ізгі қасиеттер сен сезім ниеттерден тұратындығы туралы.Құндылықтар-адам баласының алдына қойған мақсаттарына жету жолындағы негізгі фактор.Соның ішінде рухани адамгершілік құндылықтардың қалыптасуының түп негізі бүгінгі білім беру мекемелері.

 

Еліміздің елдігін әлемге танытатын, оны жетілдіретін, дамытатын да жас ұрпақ.Сондықтан да еліміздің болашағы осы жас бүлдіршіндеріміздің  білім дәрежесі мен тәрбиесінің тереңдігімен айқындалады. Педагог ғалымдар мен философ, психологтардың пікіріне сүйенсек, жас ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту-уақыт пен заман талабы. Ал оның туындап, қалыптасып, тәлім-тәрбие құралына айналуы тәрбиешілер мен ата-аналардың қолында. Оқыту мен тәрбие беру үрдісіндегі алға қойылатын талап-тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу, ұлттық сана-сезімін ояту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыру.Ертеңгі күннің мазмұнды да салиқалы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға бастыратын күш тек білімді ұрпақта.

Рухани адамгершілік құндылық-белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйені, ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе.Яғни рухани-адамгершілік құндылық-адамдық қасиеттің өлшемі-оның жақсылыққа талпынуы, өзге адамға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымы, омір сүруге ұмтылысы, өмір сүру мәселелері жайында іздену, өзін-өзі танып сол арқылы дүниені-әлемді тануы.

Қазіргі кездегі тәрбиенің ерекшелігі – адамшылық,азаматтық қасиеттің сынға түсуі еліміздегі әлеуметтік болмысымыздың жаңаруына әкеледі.Бұны жасайтын –адам.Сондықтан адам тұлғасын қалыптастыру –өмір талабы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *