Оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың әдістері


Уахитова Алмагуль Абдуалиевна
Қостанай обл. Арқалық қаласы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің қоғамдық пәндер оқытушысы

 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында; «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілген.

Бұл бүгінгі таңда білім беру саласында білім мазмұнын жаңаша мазмұнмен тереңдету негізінде кәсіби мамандарды даярлаудағы негізгі мәселелердің бірі.

Сондықтан да, болашақ маманды кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану-әрбір педагогқа қойылатын негізгі талаптардың бірі.

Жаңа педагогикалық технологиялар студенттердің кәсіби-шығармашылық қабілетін, дүниетанымын, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.

Жаңа педагогикалық технологиялардың мақсаты мен мазмұндық сипаттамасын әрбір болашақ мұғалімдер жетік меңгерсе; біріншіден, бәсекеге қабілетті нағыз білімді және білікті маман болып қалыптасады; екіншіден, білім алушылардың жеке тұлғалық қадір-қасиетін қалыптастыра отырып, білімге деген қызығушылығын арттырады; үшіншіден, оқу пнінің қоғам талабына сай дамуы және бағалауы арта түседі.

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін лдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуге, өз мамандығын барынша жетілдіруге және психология мен педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтар мен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруға тиіс. Сонда ғана мұғалм қызметінің жемісі оқу-тәрбие жқмысының нәтижесі бүгінгі күннің көтеріңкі талабына үн қосады. Үздіксіз іздену-бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі.

Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі-методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру. Демек, сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілетін сабақ-ұзтаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.

Мұғалім – тек сабақ беруші ғана емес, ізденімпаз, жаңашыл, үнемі өз білімін жетілдіріп, саналы білім берудің жолдрын іздестіріп отыратын тұлға. Сондықтан да мұғалім, ұстаз деген атаққа ие болу үін өте көп еңбектенуі керек. Біздің міндетіміз-оқушының бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

Жаңашыл педагогтар оқушыладың көкірек көзін ашатын, зерлесіне зеректік, біліміне біліктілік қосатын оқу-әдістемелік технологиялар ұсынуда.

«Инновация» түсінігін ағылшын тілінен аударғанда-«жаңалық енгізу», «жаңашылдық» ұғымды білдіреді.

Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісінде шығамашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттерін күщейіп, өзіндік жұмыстарды тез орндау мүмкіндіктері артады.

Жаңа технологиялар-пкдагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды.

Жас ұрапаққа сапалы білім беру – жаңа оқыту технологиясымен жүзеге асады. Сонымен бірге студенттерді ақпарат құралдарымен жұмыс істей білуге үйрету керек. Студенттердің ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру үшін жаңа технологияларды қолдануымыз керек.

Оқыту технологиясының тұлғалық сипаты, біздің көзқарасымыз бойынша, үйренушілердің кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыруға және дамытуға бағдарланады.

Оқыту технологиясы дегеніміз ол табиғатқа, мәдениетке сәйкес оқыту формаларының, әдістері мен құралдарының біртұтас жүйесі.

Ақпараттық технологиялар өте тез дамып келеді. Білім саласындағы ақпараттық технологияларды қарастыру кезінде ғылым тілінің осындай проблемалары өте өзекті мәселеге айналып отыр.

Жиі пайдаланып жүретін жаңа технологиялардың біріне тоқталып кетейік:

·        Дамыта оқыту технологиясы;

·        Оқытудың компьютерлік технологиясы;

·        Мультимедиялық технологиялар;

·        Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары.

Дамыта оқыту технологиясы- дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылады. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін- өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже береді.

Дамыта оқыту технологиясы заманауи педагогикалық үрдістің негізгі және қажетті элементі.

Оқытудың компьютерлік технологиялары- ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, студенттің танымдық әрекетін бақылау мен басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті бағдарламалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдар жиынтығы.

Оқытудың компьютерлік технологиялары педагогтар мен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді.

Деңгейлік оқыту технологиясының мақсаты-әрбір білім алушы өзінің даму деңгейінде оқу материалдарын меңгергенін қамтамасыз етеді.

·        Деңгейлік оқыту әр білім алушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

·        Деңгейлік оқыту әртүрлі категориядағы білім алушыға, олармен саралап жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

·        Деңгейлік саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады; ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.

Деңгейлік саралап оқыту технологиясы тиімді болу үшін:

·        Жеке тұлға ерекшеліктеріне,

·        Психологиялық даму ерекшеліктеріне,

·        Пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отыруымыз керек.

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысып, төмендегідей жағдайларға көңіл бөлген дұрыс:

·        Сабақтың мазмұнына,

·        Сабақты өткізудегі әдіс тәсілдерін таңдауға,

·        Сабақтың сапалы нәтижелігіне.

Осылайша білім алушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығамашылық белсенділігін дамыту арқылы сапалы нәтижеге жету керек.

Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол білім алушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын, шығармашылығын дамуын қамтамасыз етеді.

Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Білім алушыларға өзіндік жұмысты ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Білім алушылар өзіндік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді.

Ж.Қараевтың деңгейлік саралап оқыту технологиясы былай тұжырымдалады:

·        Репродуктивті деңгей жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Яғни, тапсырмалар білім алушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне сәйкес беріледі;

·        Алгоритмдік деңгей мұнда білім алушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

·        Эвристикалық деңгей білім алушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.

·        Шығармашылық деңгей білім алушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты білім алушылар шығармашылық ізденіс  үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлік оқыту әр білім алушының белсенділігін оятады.

Білім алушылардың  барлығын мүмкіндігінше соңғы төртінші деңгейге  жеткізуге оқытушы әрекет етуі тиіс.

Деңгейлік саралап оқытудың маңызы мен тиімді жақтары:

·        Топтағы барлық білім алушылар жұмыспен қамтамасыз етіледі

Білім алушы қызығушылығы, белсендігін оятады.

·        Білім алушы өз білімінің деңгейіне қарай жұмыс істейді.

·        Білім алушының өз бетімен жұмыс істеуі тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін арттырады.

Педагогтар арасында кеңінен қолдау тауып, өзіндік жемісін беріп жүрген жаңа технологияның бірі- Жанпейсованың «Модульдеп оқыту технологиясы».

Модульдеп оқыту технологиясы бойынша берілетін тапсырма шағын бөліктерге бөлініп беріледі. Әр бөліктің өз алдына жекеленген мақсаты болады. Шағын мақсат нәтижеге тез, оңай  жетуге мүмкін-дік береді.

Модульдік әдіс бойынша білім алушыға мынандай талаптар қойылды:тыңдай білу, тыңдау арқылы түсіну, диалогты сөйлесу, оқу, оқуға дайындалу, жазу, монологты сөйлеу.

Оқудың интерактивті әдісі бойынша мұғалім оқушының жеке өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оның бойында білім, дағды, құндылық жүйсін қалыптастыруға бейімдейді. Мұнда мұғалім хабарлаушы міндетін атқарады.

1.Диагностика сәті. Сабақ түсіндіруден бұрын оқушылардың білімін тексереді. Әркім білгенін ортаға салады.

2.Ізденіс сәті. Оқушылар жұппен, не топпен жұмыс істейді. Өз бетімен сұрақтар не қосымша әдебиеттер оқиды. Нәтижесінде 45 минуттың 7-8 минутында ғана мұғалім сөйлейді, өалғанында оқушылар сөйлейді. Шәкірттерге өз беттерінше бағалау жүйесін береді.

Жоғарда атап кеткен технологиялардың барлығы да студенттерге заман талбына сай оқыту болып табылады.

Студенттерді оқыту процесінде жаңа технологияларды ұтымды пайдаланып, оң нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі тууы үшін мынандай шараларды іске асыруымыз қажет:

–  Білім беру саласындағы жаңашыл ұстаным-білім стандарты негізінде жұмыс істеу керек.

–  Стандартқа сәйкес, бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс бағдарламасын жасағанда оқу пәнінің мазмұнын қандай оқытудың жаңа технологиясымен іске асыратынымызды анықтап алуымыз қажет.

– Келешекте оқу сапасын арттырып, нәтижелі оқыту үшін оқу-тәрбие ісінде жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалануымыз керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030», Алматы; Білім, 1997 ж.

2. Сабиров Т. Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру жолдары. Алматы; Мектеп, 1978 ж.

3. «Қазақстан кәсіпкері» жуналы, 2009ж.

4. Әбиев Ж.Ә. «Педагогика», Алматы; Дарын, 2004 ж.

5. «Қазақстан кәсіпкері» журналы, 2008 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *