«Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының ҮІ аудандық фестивалінің бағдарламасы


Дүйсенбай Арайлым Алиқызы
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығының қосымша білім беру педагогы

1-жүргізуші:

Асыл-тастан, өнер-жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашанда нанымды

Сол өнердің жолын қуған

Балалар мен жасөспірімдер орталығының атынан

Қабылдаңыз шын жүректен

Сәлемімізді жалынды.

2-жүргізуші:

Көш бастау қиын емес,

Қонатын жерде су болса

Қол бастау қиын емес

Шабатын жерде жасау болса

Шаршы топта сөз бастау қиын емес

Аталы сөзді ұғатын көпшілік болса-,

дегендей «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты фестивальға қош

келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Бұтағы-бабасының

Ұрпағы-атасының

Шуағы-әжесінің

Тұяғы-әкесінің

Тілегі-анасының

Тірегі-ағасының

Түлегі-даласының

Дарытқан бар асылын

Мен қазақ баласымын.

2-жүргізуші:

Жерінде-бабасының

Елінде-атасының

Көңілінде-әжесінің

Төрінде-әкесінің

Қолында-анасының

Жолында-ағасының

Төрінде-даласының

Тапқан өз жарасымын

Мен қазақ баласымын

1-жүргізуші:

Мереке бүгін, бақ күні

Егеменді елімнің

Желбірейді көк туы

Түсіндей боп көгімнің.

2-жүргізуші:

Бейбіт еңбек сүйерім

Татулық, бірлік, береке,

Шалқыған шаттық күйлерім

Әр күнім  табыс, мереке!

Хор «Атамекен». Әнін жазған: Е.Хасанғалиев,сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, осы бір ғана тәуелсіз сөзінің ішінде сонау өткен ғасырлардан бергі осы заманымызға дейінгі өшпес тарихтың ізі жатыр. Тәуелсіздік! Бұл-ХХ ғасырдың мәртебемізді марқайтып, әлем алдындағы абыройымызды асқақтаған, Қазақстан деген байтақ елдің, қазақ деген қаһарман ұлттың жұмыр жер бетінде бар екенін жария еткен ең басты тартуы!

2-жүргізуші:

Бүгіннің   биігінен көз салып көр еліме,

Бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме.

Қазақстан-бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан!

Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан!

Тәуелсіздік асқарынан барласаң,

Бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан- дей келе, келесі орындалатын ән «Ұстазым».

Әні Әбілахат Еспаевтікі, сөзі Аманжол Шамкеновтікі

Орындайтын хор.

1-жүргізуші:

Қазақстан-бүгін міне, достықтың туын тіккен жер!

Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар бір кісідей

маңдай терін төккен жер!

2-жүргізуші:

Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке, байлық пен ырысқа,

әсем ән мен күйге толы, жырға толы, сырға толы менің

байтақ мекенім!

1-жүргізуші:

Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды

тарихтың төрінен. Бақыт тапты, шаттық көрді, қош

айтысты, сан ғасырлық шері мен!

 

Қ.Мырзалиевтің сөзіне жазылған, Н.Тілендиевтің әні «Өз елім». Орындайтын БмЖО директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ибрагимов Мият.

 

2-жүргізуші:

Бүгін міне, азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашты,

ел мерейін асырды, егемен ел түрлендірді, нұрландырды

ғасырды!

1-жүргізуші:

Қазақтың күйлері-ай өнегелі,

Қоздырған ықтиярсыз делебені.

Қан тамыр қуаттырақ соғатындай,

Құдырет-күй сиқырына бөлегелі.

Ансамбльдің орындауында М. Әубакировтің күйі  «Өрлеу».

1-жүргізуші:

Ұзақ жылдар бойы жолында қанда, жаста, терде төгілген тәуелсіздік біздің халқымыз үшін аса қымбат. Себебі тәуелсіздік-ата-баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға, әлемдік қауымға ендірді.

2-ші жүргізуші:

Құрметті қауым «Өнер-таусылмас азық,жұтамас байлық»-дейді халық даналығы.Өнер түрлері елде мол,халықпен бірге жасап келеді және жасайда береді.

Н.Тілендиевтің күйі «Ата толғауы» . Орындайтын Айымбекова Гүлнар.

 

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік-ата тарихымызды ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз-қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. Азғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шартарап танып үлгерді. Қазақ елі бүгінде еңсесі биік, көңілі көтерінкі, қадамы мығым елдердің қатарында.

 

2-жүргізуші: М.Омаровтың әні : «Анашым» орындайтын Ибрагимов Мият Садырұлы

1-  жүргізуші  : Ұстаз шіркін, өнерлі бір халықпыз,

Би де билеп,шырқап әнде саламыз- дей келе, ортаға бишілер тобын шақырамыз. «Қазақ биін» тамашалаңыздар.

Би  «Қазақ биі».  Орындайтын   бишілер тобы.

1-жүргізуші:

Асыл сөз көп халықта

Үні жүрер құлаққа

Іздеген жетер мұратқа

Ізденуден жалыққан.

Сиқыр әлеміне шолу.  Орындайтын   Досетов Оралбек

1-жүргізуші:

Алаулаған отты жыр, бойында аңыз,

Түлеп өстік Жібек Жолы бойында біз.

Ақын-жыршы, күйші мен өнерпаздың,

Әнші-биші барында мойындаңыз-дей келе ортаға тағы бишілер тобын шақырамыз. Сыған биін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:

Қазақ бүгін-тәуелсіз ел, біл мұны,

Ақиқатқа айналғандай шындығы.

Әр түні ақ тілеумен жабылып,

Атар таңға айқара ашық түндігі.

Ғ.Мүсіреповтің «Өмірді жеңген ана» әңгімесінен көрініс.

1-жүргізуші:

Өнерлі ұстаз-өміршең халық

Өнерлі болсаң жан-жақты.

Жұлдызың тұрар көгінен жанып

Басыңа берер мол бақыт.

М.Жұматқызы «Әйел парызы». Өлеңді оқитын бұқаралық бөлім меңгерушісі Тілеубаева Эльзат.

Қоштасайық осыменен аман –сау,

Шаттық тілеп, шаңыраққа әр үйге.

2-ші жүргізуші:

Құрметті қауым,  осыменен бүгінгі мерекеге арналған бағдарламамыз

аяқталады. «

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *