«Ұстаздық еткен-жалықпас, үйретуден балаға»


Шалахаев Бекайдар Жылкайдарович

«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№42 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Мақсаты: Түрлі ой-қиялдары арқылы өз сезімдерін жеткізе білу.

Ой-қиялдары мен сезімдері арқылы тілдерін дамыту,

сөздік қорларын арттыру.

Сөздік қорларын пайдалана отырып өз ойларын шебер,

көрнекті жеткізе білу.

Әртістік қабілеттерін сөз өнерімен ұштастыру.

Сөзбен жеткізген оқиғаны қимылмен образға кіре отырып

жеткізуді үйрену.

 

Барысы:

І.Кіріспе. Сахнаға әр маман иесі шығады.

 

1.       Құрылысшы: Алғысым шексіз менің ұстаз жанға,

Берген тәлім,ілім,білім жанға.

Ұмытпаспын ең алғашқы ұстаздарды,

Балдырғанды бағыттаған болашаққа –дейді.

– Құрметті ұстаздар сіздердің арқаларыңызда өз мамандығымды игеріп,

сіздерге мынадай әсем мектеп салдым.

 

Слайдтағы мектеп суретін көрсетеді.

 

2.     Инженер: Әндете.

Қиын ғой әрі қызық қой,

Түсінген оны жанмын ғой.

Құтты болсын мереке,

Болсын сізде береке.

– Аяулы ұстаздар бізге берген білімдеріңіз, тәлім- тәрбиелеріңіз үшін мың алғыс.Сол үшін арнайы көлік ойлап жасадым.

 

Слайдтан көліктің суретін көрсетеді.

 

ІІ. Негізгі бөлім:

 

Екі жүргізуші (Мадина мен Әділет ) ортаға шығады:

– Ұстаздық етекен жалықпас, үйретуден балаға деп дана бабаларымыз

айтқандай әр қайсымызға өмірде бағыт- бағдар берген, қылықтарымызды

жасырып, жақсылығымызды асырған, екінші әке- шешеміз болған жандар,

ардақты жандар, Құрметті ұстаздарымыз, біздің тәлімгерлеріміз кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен оқушылар атынан құттықтауға рұқсат етіңіздер.

 

Ортаға әншілер шығады, «Жанашырым-ұстазым»- әні.

Мектепке келдім мен алғаш

Өмірге қанат кең самғап,

Алдымда бір жан күлімдеп,

Қарсы алды мені құшақтап

Қайырмасы

Алғысым шексіз өзіңе

Еліттің мені сөзіңе

Аман бол менің ұстазым

Өзіңе мәңгі құштармын.

 

Жүзінен көрдім арманды

Толқытып тұрған нұр жанды

Көрдім мен сонда алыстан

Бақыт боп жанған жанарды

 

Жетелеп мені жүре бердің

Қолыңнан ұстап мен-дағы ере бердім.

Сезгендей болдым мен сонда

Жетелеп мені алысқа жеткізерін.

 

Жүргізушілер:

– Кеменің капитаны мықты болса, кеме қандай да болсын дауылдарға да шыдас береді. Бұл мысалды неге айтып отырмыз. Осындай білімде жүзген кемені басқарып келе жатқан біздің білім ошағымыздың басшысы(аты-жөні) сөз беріледі.

 

«Арманай»- би тобының биі. Әріптер биін билейді.

Әр әріп иесінен ұстаздарды құттықтау.

Ұ-ұлы есімді биік ұстаңыз.

С-сәттілік тілейміз.

Т-табыс тілейміз.

А-абыройлы болыңыздар.

З-зор денсаулық тілейміз.

 

Сахнаға Ыбырай Алтынсарин кейпінде оқушы шығады:

– Қалың елім, қазағым өзіңнің көзіңді ашайын деп еңбектендім.

Қазақтың қара домалақ баларын білім мен ілімге үйретейін дедім.

Кел балалар, оқылық

Оқығанды көңілге, ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан іздемей ақ табылар. – деп үндеу тастадым.

 

Жүргізушілер:

– Мадина сенің мектептегі болған қызықты оқиғаларың

есіңде ме? Мадина қызықты оқиғаны айтып береді.

Ия, Мадина балалық шақ пен мектептегі кездерімізді ертең есейгенде

бізде еске алып отырармыз.

Мектептегі бір қызықты сәтті тамашалайық.

 

Көрініс: Жайдарманшылар «Ұқсайтындар» тобының көріністері.

«ҰБТ тапсырғанда», «Асханада». «Тарих сабағы».

 

Жүргізушілер:

– Әділет, сынып жетекші оқушы үшін кім деп ойлайсың?

Сынып жетекші бала үшін екінші әкесі, не анасы емес пе?

Сынып жетекші ол тәлімгер.

Ендеше, нағыз тәлімгер мен нағыз шәкірттің әнін

тамашалайық.

 

Сахнада сынып жетекшісі мен оқушысының орындауында

«Арнау» әнін шырқайды.

 

Ұстазым өзіңе арнап ән жазайын

Бір өзіңе қол созайын

Сенің берген тәліміңе

Риза болып қол соғайын

 

Балапаным өзіңе арнап жыр жазайын

Бір өзіңе қол созайын

Саған берген тәліміме

Мен қуанып қол созайын

 

Шәкіртің боп мен тұрайын

Бір өзіңнен мен сұрайын

Өзің салған сара жолда

Мен қалайша тұрақтайын

 

Ұзақ болсын ғұмыр жасың

Биік болсын әр талғамың

Жетістікке толы болсын

Сенің осы өмір жолың

 

Келесі кезекте сандар сөйлейді. Сандар кейпіндегі балалар тілектері:

1-    Бірлік болсын елімізде

2-    Екі айрылмас жұп болсын

3-    Үш қасиет жар болсын

4-    Төрт түлігі сай болсын

5-    Бес саусақтай бір болсын

6-    Алты алаш көтерсін

7-    Жеті ата қолдасын

8-    Сегіз қырлы ел болсын

9-    Тоғыз жерде той болсын.

10-         Онға бассын ісіңіз.

 

Жүргізушілер:

– Мадина. Отан отбасынан басталады. Әке көрген оқ

жонар, ана көрген тон пішер демекші бәрі отбаснан басталады.

Әділет:

– Дұрыс айтасың Мадина. Әке асқар тау, ана бұлақ, бала

жағасындағы құрақ деген де сөз бар емес пе.

Осыған орай Шаймергеновтар отбасына сөз береміз.

 

Құттықтау сөз. Сиқыр өнері. Фокус көрсету.

 

Жүргізушілер:

– Бар әлем ұстаздардың қолында. Өйткені ұстаз жасаушы,

дамытушы, өндіруші. Құрметті ұстаздар тағы да мерекелеріңізбен шын

жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

 

Әнші оқушылардың орындауында «Ұстазым» әні шырқалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *