Астана – бас қала


Калиева Гульнара Досжанқызы
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы № 1 «Арман» бала бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі

Мақсаты:     Оқушыларға Елордамыз Астана жайлы түсінік беру, Тұңғыш президенті күні жайлы әңгімелеу, Президентіміз жайлы түсінік беру, Астанаға саяхат жасау арқылы астананың көрнекті жерлерімен таныстыру.  Ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Әдістері:  Слайдпен жұмыс, көрнекілік, дәптермен жұмыс, сұрақ-жауап.
Барысы:

 

І. Ұйымдастыру бөлімі.
(Психологиялық дайындық)

Мұғалім:           — Екі көзің не үшін керек?

Оқушылар:       — Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім:           — Екі құлақ не үшін керек?

Оқушылар:       — Ақыл-кеңес тыңдау  үшін.

Мұғалім:           — Екі қолың не үшін керек?

Оқушылар:        — Елге көмек беру  үшін.

Мұғалім:            — Екі аяғың не үшін керек?

Оқушылар:         — Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін!

Тәрбиеші:

§  Дұрыс балалар, отыра қойыңдар. Олай болса мен сендердің көздерің, құлақтарың, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін. Бүгін  міне, сабағымызға көптеген ұстаздарымыз қатысып отыр.Бұл сабақ күндегіден ерекше болмақ. Бар білімдеріңізді көрсетіп, сабаққа түгел қатысуға шақырамын.

 

ІІ. Негізгі бөлім.
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Біз қазақ деген ұлтпыз. Біздің президентіміз – Н.Ә.Назарбаев.  Еліміздің астанасы – Астана қаласы. 1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.
1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағы қала халқы денмалатын жағажайға айналды. Бәйретек – Астананың символы. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы  ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.
Енді балалар, астанаға саяхат жасаймыз: астананың көрнекті жерлерімен танысамыз:
–    Мынау парламент үйі.
–    Мынау бәйтерек.
–    Мынау жабық футбол стадионы.
–    Мынау конькимен сырғанау жабық стадионы.
–    Республикалық велотрек.
–    Мынау НұрАстана мешіті.
–    Мынау Пирамида.
Енді балалар, Астана туралы білетін тақпақтарыңды айтыңдаршы:
–    Балалардың астанаға тартуы. Тақпақ айту.
Арман:
Астана арман, қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Жанар:
Төкті оған нұрын дала,
Астана сұлу қала,
Біз оны анамыздай,
Сүйеміз шынында да.
Айым:
Ел намысы – Нұр Аға,
Жер ырысы – қыр дала,
Су шынысы – зер мұнай,
Тау тынысы – гүл лала.
Ақнұр:
Сарыарқа кең дала,
Сенсіз жетім мен бала.
Самұрықтай киелі,
Сен – Бәйтерек, сен – Ана!
Нұрислам:
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың.

Тапсырма: «Бәйтеректің» бейнесін табиғи материалдармен жасау
Дидактикалық ойын.
«Ойлан тап». Шарты:  А,с,т,а,н,а  мына дыбыстардан басталатын сөз ойлау..
Мыс: а – алма, ана…
Сергіту сәтін орындау.

«Қаланы гүлдендірейік» ұжымдық жұмыс жасау
ҮІІІ .Қорытындылау.

Балаларға жұлдызшалар тарату

Кең өлкеме терең жайып тамырын,

Жайнай бергің, жаның нұрдай, Астана!

Әлденеңе кәріп қылып Тәңірім,

Енді бізді табындырма басқаға – деп ақын ағаларымыз жырлағандай, халқымыздың аялы алақаны, ыстық мейірімімен тұрғызылған әсем қаламызды қадірлеп, қастерлеп келер ұрпаққа аманат етіп жеткізетін бәйтеректей саялы азамат болады деген үмітпен мен сабағымды аяқтаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *