«Арнау» (Ә. Бөкейханов 150 жылдығына, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналады)


Бөкен Дина

Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің ШК-16-9 тобының оқушысы

Жетекшісі: оқытушы Сулейменова Сәния Ырзықбекқызы

Жан ордамның ашып тастап түндігін,

Жан сырымды ақтаратын күн бүгін.

«Туған жер» – деп ту ұстаған ерлердің,

Жырлап өтем сол заманғы бірлігін.

Қайран елім қажымастан қарсы тұрдың қалмаққа,

Қарамастан тағдыр салған зілдей ауыр салмаққа.

Жылдар өтіп желтоқсанның ызғарын да өткіздің,

Азат ұлан, сол үшін де байтақ жерді ардақта!

Тәуелсіздік!

Тәубе етемін, арайланған әр таңға,

Бостандықтан асқан бақыт жоқ-ау сірә жалғанда.

Талай жылдар өз еркімен жасай алмай тірлігін,

Ең соңында қазақ алды бостандық пен шындығын.

Бүгін міне, 25 жыл Тәуелсіз ел болғалы,

25 жыл көгімізде бейбітшілік орнады.

Ең соңында Қазақстан танымал боп барша елге,

Орындалды сан ғасырғы ата-баба арманы.

Талай ғасыр ұрандайтын ұлың кетіп ұлтыңнан,

Талай рет күш әлсіреп, айбынды ту жыртылған.

Сол кездері рухты өлеңмен  жігер берген сан жанға,

Бөкейханов беделді жан, берекелі нар тұлға.

Сан қазаққа дара жолды берген салып,

Әр сөзінен кұш алып қанаттандық.

Өткенге өрнек салған өр ағамыз,

Ұмытпаймыз біз сізді Бөкейханов.

Ұлы тұлға!

Ұқсатамын сарқылмас тәтті жырға,

Сенің санаң ұлт санасы ал бүгін.

Тарих болды, жыл қосылып сан жылға.

О сардар жан, ұмытпайды ел сені,

Сен халықтың күліп атар ертеңі.

Сіз бастаған талай жырдың бастауын,

Жаным барда жалғастырам еңселі.

Мен әрдайым өзіңізбен сырласам,

Өр рухыңмен талай-талай қарасам.

Сенің өзің болмасаң да өмірде,

Естеліктен сіз қалдырған сыр ашам.

Асылдай боп тереңдікті көздеген,

Жақсылықтан үмітін ол үзбеген.

Өз заманы қараңғылау болса да,

Болашақтан жарық сәуле көздеген.

Қалың жұрттың қамын жеген мәрт бабам,

Сізді білмей жүргендерден жасқанам.

Сіздей ақын, сіздей дана болмаспын,

Сіздей адам болып өту шарт маған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *