ЕхсеІ-дегі мәліметтер базасы. Диаграммалар.


Сундетов Еркебулан Хамзович

  Қостанай облысы, Мендикара ауданы, Сосна орта мектебінің  информатика пәнінің мұғалімі

Есептеулер. Практикалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі. Алдыңғы өтілген тақырыптар мен ЕхсеІ бөлімін қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін тексеру. Оқушыларды осыған дейінгі біліммен хабардар етіп қана қоймай, жаңа тапсырмалар беру арқылы білімді қалыптастыра отырып алған білімдерін бекіту.
Дамытушылығы. ЕхсеІ программасында мәліметтерді енгізу, формулаларды және функцияларды пайдалану, енгізілген мәлімет арқылы диаграмма құруға машықтандыру.
Тәрбиелігі. Компьютерлік технологияны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, әр түрлі мәліметтер қорын, математикалық, физикалық, экономикалық, статистикалық есептер шығаруға үйрену.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақ әдісі: Практикум
Оқушылардың танымдық іс – әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша: мәліметтер қорын, математикалық, физикалық экономикалық, статистикалық есептер шығару.
Оқыту формалары: жеке
Құрал- жабдықтар, көрнекі құралдар: Дербес компьютерлер, компьютерлік Microsoft Front Page бағдарламасынан жасалған электрондық оқулық, интерактивті тақта, тест сұрақтары, үлестірмелі топшамалар, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақ жоспары:
1. Компьютерлік сыныптағы қауіпсіздік ережесінен қысқа нұсқау.
2. Алдыңғы сабақ өтілген материалды оқушылардың қалай игергенін білу үшін. «Бекіту сұрақтары» интерактивті тақтадан көрсетіп бекіту
3. Оқушылардың компьютерде отырып жасайтын топшаларды үлестіру.
4. Оқушылардың топшамалардағы тапсырмаларды орындауы.
5. Жасалған пратикум бойынша. Тест сұрақтарын орындау
6. Жасалған практикум бойынша оларға сұрақ қою, үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1- сұрақ: Бұл программа не үшін қажет ?
2-сұрақ Таблицада анықталған формуланы бойынша автоматты есептеуді қалай іске қосамыз?
3 –сұрақ ЕхсеІ- де қандай команданың көмегімен график және диаграмма тұрғызуға болады.
ІІІ. Оқушының білімін тексеру (Үй жұмысын қорытындылау)
Тест сұрақтары
1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
А) Іске қосу – программалар – Microsoft Excel
Б) Іске қосу – программалар – стандартты – Microsoft Excel
В) Іске қосу – құжаттар – Microsoft Excel
2. Диаграмма қандай элементтерден тұрады?
А) Тор, тақырып
Б) Тор, тақырып, аңыз
В) Тақырыптан
3. Жаңа бет қосу үшін
А) Файл – лист
Б) Вставка – лист
В) Формат – лист
4. Ұяшықтар қалай белгіленеді?
А) А6, Ң12
Б) Д12
В) Ә15
5. Ұяшық дегеніміз не?
А) Бағанның жалпы атау
Б) Жолдың жалпы атауы
В) Бағана мен жолдың қиылысқан орны.
6. Excel электрондық кесте не үшін керек?
А) Мәтіндерді енгізу үшін;
Б) Есептерді жүргізу және диаграммаларды тұрғызу үшін;
В) Эксперимент жүргізу үшін
7. Барлық формулалар қандай таңбалардан кейін жазылады?
А) нүктеден кейін
Б) «+» кейін
В) «=» кейін
8. Excel программасынан шығу үшін қандай программалар орындалады?
А) Файл – параметр
Б) Файл – шығу
В) Файл – өшіру
9. Бағана мен жолдар қалай белгіленеді?
А) A, B, C, D, E, F, т. б. және 1, 2, 3, 4, 5, 6 т. б.
Б) А, И, С, М және 1, 2, 3, 4, 5, 6
В) A6, D12, F15, Q4 және 1, 2, 3, 4, 5, 6
10. Бағана ені мен жолдың ұзындығын өзгерту
А) Бағананың үстіне барып тышқанды шерту керек.
Б) Кез келген жерде тышқанды шерту керек.
В) Тышқанды бағанның аты бар жолды оң жақ шекарасында орналастырып курсор қос бағдарша түріне айналғанда, сол жақ батырмасын шертіп, оны жібермей басып тұрып қажетті бағытқа өзгерту керек.
2. Оқушыларға үйлестіретін карточкалар.
№1. Математикалық есеп.
Y=X2, Y=2X+9 функцияларының графигін тұрғызыңыз.
№2. Математикалық есеп.
Y=-2X2+5, Y=2×2+1 функцияларының графигін тұрғызыңыз.
№3. Экономикалық есеп.
Қызметкерлердің тізімін, жалақысын, табыс салығын, зейнетақы қорын жазып, қолына алатын жалақысын есептеп, диаграмма шығару.

Қорытындылау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *