«Қоянға көмек»


Аханова Маржан Тлеубековна,

Кыздаркулова Карагоз Жетписовна КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының педагог-психлогі, логопеді

Сабақтың мақсаты: балаларды мектепке психологиялық жан-жақты дайындығын анықтау.

Сабақтың міндеті: мектепке барар алдындағы қорқынышты жою, жағымды мотивацияылқ ахуал қалыптастыру, мектеп туралы алған білімдерін бекіту,жұмысқа қабілеттіліктерін арттыру, оқуға құштарлықтарын тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: доп, әртүрі суреттермен берілген бланкілер, интерактивті тақта, слайдтар, А4 қағаздар, түрлі-түсті қарындаштар, әуендер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері. Жағымды ахуал қалыптастыру.  /3 мин/

Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Енді балалар  менің  айтқанымды қайталап қимылмен көрсетеміз.

(баяу музыка қосылып тұрады)

Психолог:

-Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)

Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)

Психолог:балалар, сабаққа қандай көңіл-күймен келдіңдер?

Балалардың жауабы…

Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, себебі бізге қонаққа көтпеген апайлар келіп отыр. Ендеше сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық, барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

/интерактивті тақтада күннің суреті/

ІІ. Негізгі бөлім.

(музыка қойылып тұрады, залға қоян кіреді)

–         Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен орман мектебіне сабаққа барамын. Ондағы мұғалім маған бірнеше тапсырмалар берді. Алайда ол тапсырмаларды мен орындай алмадым. Менің мектепте оқығым келеді. Ал мектепке бару үшін нені білуім керек екенін де білмеймін. Сол себепті тапсырмаларды орындауда қиналдым. Сендерден көп нәрсені үйрену үшін келдім. Маған тапсырмаларды орындауға көмектесесіңдер ме?

–         Психолог: көмектесеміз бе, балалар?

–              Балалар: Ия, көмектесеміз.

–         Қоян: (тапсырма салынған конвертті ұсынады)

–         Психолог: ендеше Қоян сенде біздің балалармен бірге үйрен, ортамызға қош келдің!

Психолог:балаларға сұрақ қояды. /сұрақ-жауап әдісі   2 мин/

–         Балалар, қане айта қойыңдаршы мектеп туралы не білесіңдер:

–         Балалар мектепке не үшін барады?

–         Мектепте ең басты адам кім?

–         1 қыркүйек қандай мереке?

–         Мектепке барғыларың келе ме?

–         Мектепке қандай балаларбарғысы келмейді?

Балалардың жауабы…

Психолог: қанекей балалар бәріміз бірге ойын ойнайық.Шеңбер жасап тұрайық.

Ойын – ассосация «Мектеп»/3мин/

Барысы: психолог допты қарсы тұрған бір балаға «Мектеп» деген сөзді айтып лақтырады, ал допты қағып алған бала мектепке қатысы бар бір сөзді айтады да допты кері психологқа лақтырады. Келесі бала айтылған сөзді қайталамауы керек. Допты келесі балаға осылай лақтырады. Ойын барлық бала айтып болғанша жалғасын табады.

Психолог:ал енді Қоянның тапсырмаларын бірге орындайық.

/тапсырмалар интерактивті тақтада слайд арқылы көрсетіледі/

1-тапсырма  /Есте сақтау қабілетіне арналған тапсырма//3 мин/

Тико қоян сурет салғанды ұнатады. Бірде ол көрмеге барады, онда оған бір сурет ұнап қалады.

Тико ол суретті үйде салу үшін жақсылап қарап, есте сақтап аламын дейді.

/слайд №3/

Суретті жақсылап қарап, есіңе сақтап ал. /слайд №4/

Тико үйіне жүгіріп келіп суретті сала бастады. Жұмысын аяқтап болған соң, суретінде жетіспейтін нәрселерді байқайды. /слайд №5/

Тикоға суретті аяқтауға көмектес. /слайд №6/

2-тапсырма  /зейінді дамытуғаарналған тапсырма /       /3 мин/

Тиін мен қоян «Түрлендіргіш» ойынын ойнайды.

– Мен шеңберді күнге, шаршыны үйге айналдыра аламын,- деп тиін мақтанады.  /слайд №7/

–         Ал мен үшбұрышты шыршаға, сопақшаны қиярға айналдыра аламын,- деп жауап береді қоян.

–         Ал сен бұл пішіндерді неге айналдыра аласың? Суретінсалып, боя.

/слайд №8/

3-тапсырма  /қиялды дамытуғаарналған тапсырма /   /4 мин/

Жолбарыстың баласы мен маймылдың баласы «Қиял» ойынын ойнап отырады.

–         Мен мына сызықты үйрекке ұқсатамын,- дейді  де маймылдың баласы қарындашты алып суретті аяқтайды. /слайд №9/

–         Міне, маймылдың баласының осы  сызықтан салған суреті. /слайд №10/

–         Басқа бір сызыққа қарап отырған жолбарыстың баласы:

– Мен ештеңе ойлап таба алмай отырмын,- дейді.

Жолбарыстың баласына көмектес: мына сызықтан не салуға болады. Суретті аяқтап, боя.  /слайд №11,12/

Сергіту сәті. /интерактивті тақтаны пайдалану арқылы жаттығу орындау    /2мин/

4-тапсырма  /түстерді ажыратуға, математикалық сауаттылығына арналған/

/3 мин/

Сандарды боя. 1- қызыл, 2 – көк, 3 – сары, 4 – жасыл, 5 – күлгін.

/слайд №12,13/

5-тапсырма.Ребус шешу /сауаттылыққа арналған/   /3 мин/

/слайд №14,15,16,17,18,19,20/

ІІІ. Сабақты бекіту.  /2 мин/

Психолог:балалар, қоян, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма.

Балалардың жауабы….

Психолог:ендеше сабақтан алған әсерлеріңді мына күнге шуақ сыйлау арқылы білдіріңдер.

/әр бала алған әсерлерін, сабақтың қай бөлігі ұнағандарын айтып күнге шуақ салады/

Психолог:қараңдаршы балалар, біздің күніміз де күлімдеп, айналамызға шуағын шашып тұр. Бұл сабағымыздың сәтті өткендігін білдіреді. Қоян саған да сабақ ұнады ма, балалармен бірге  көп нәрсе үйрендің бе? Біз саған да орман мектебіңдегі достарыңа осындай қызықты тапсырмалар дайындап қойдық, соны өзіңмен бірге ала кетіп достарыңмен бірге орында.

Қоян: рахмет балалар, сендермен бірге мен көп нәрсе үйрендім. Енді мен ормандағы мектебіме қайтайын, сау болыңдар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *