«Күзгі баққа саяхат!»


Әбілқайыр Ақерке Бауыржанқызы,

Акжунусова Дария Ержановна КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешілері

Мақсаты: Балаларға алтын күз мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалар мерекені сезіне алып, мереке де толық қатыстырылып, білімдерін кеңейту.  Шығармашылық, ептілік, шапшаңдылыққабілеттеріндамыту.  Ұйымшылдыққа, еңбекке, өзін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.

Әуенмен залға балалар сары жапырақтар ұстап кіреді.

Дария апай:   Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.

Ақерке апай :

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Дария апай: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Сары алтындай Алтын күз мерекесі құтты болсын!  «Күзгі баққа саяхат!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Алтын күз ырыс, береке, бірлік ала келсін!

Ән: Күз

Дария апай: Балалар біз бүгін күзгі баққа саяхатқа барамыз. Ол үшін көзімізді жұмайық! 1-2-3-1-2-3 (Тәрбиеші жерге сары, қызыл жапырақтарды шашып тастайды). Көзімізді ашайық. Балалар біз күзгі баққа келдік. Қараңдаршы айнала сап-сары, қандай әдемі.

-Балалар қараңдаршы мынау не?

-Жапырақтар.

-Жапырақтардың түсі қандай?

-Сары, қызыл.

Осы кезде әуен қойылады. Әуенмен залға кірпі кіреді.

Кірпі: -Сәлеметсіңдер ме! Балалар

Балалар: -Сәлеметсізбе, кірпі!

Кірпі: -Ой балалар сендер күзгі бақта не істеп жүрсіңдер?

Балалар: -Алтын күз мерекесін тойлауға келдік.

Кірпі: -Мынау қандай әдемі жапырақтар. Балалар мен күзде жапырақтар жинап, үйшігіме алып кетемін. Қыста үйшігімде тоңбай үшін осы жапырақтарды қолданамын. Мына жапырақтар өте әдемі екен маған жинап бересіңдер ме?

Ойын: Жапырақ жинау.

Ойынның шарты: Барлық балалар қатысады. Жердегі қызыл және сары жапырақтарды 2 себепке жинайды.

Ақерке апай: Біз осы күзгі орманда күз ханшайымы тұрады деп естідік. Сен бізді күз ханшайымына апарасың ба?

Кірпі: Әрине апарамын! Егер сендер маған өз өнерлерінді көрсетсеңдер!

Дария апай: Иа біздің балалар өте өнерлі. Ендеше біздің балалардың тақпақтарын тыңда.

Тамерлан:

Ой балалар, балалар.

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Хасан:

Листопод, листопод.

Осыпается наш сад.

Листья желтые летят.

Под ногами шелестят.

Шахназ:

Жайдарлы күз жарқын күз,

Аяулы күз алтын күз,

Дәнге толды ен далам,

Дариядай шалқып жүр.

Диана:

Арыстан:

Берекесін силауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Азиза Маратова:

Мейірлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа ризамыз,

Аппақ қардай таңыңда,

Шомыламыз нұрға біз.

Кірпі: Өте өнерлі екен балалар! Ал енді менің би билегім келіп тұр. Егер менің көңілімді көтеріп би билесеңдер мен сендерге күз ханшайымын шақыруға уәде беремін.

Дария апай: Өте жақсы кірпі. Біздің балалар көңілді би де билеу біледі.

Би: Көңілді би.

Ортаға әуенмен күз ханшайымы кіреді.

Күз.                        Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.

Мен – жапырақты, алтын, жаңбырлы күзбін. Тағы да мені «өнімді» деп атайды, өйткені жеміс-жидек, көкөністер, саңырауқұлақ, бидай тағы басқа өнімдерді жинайды.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің күз туралы не білетіндеріңді тексеріп, өнерлеріңді тамашалағым келіп отыр.

-Балалар айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктерді білесіңдер?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Айлардың атын атаңдаршы?

-Жарайсыңдар балалар!

 

Акерке апай: Күз ханшайымы біздің балалар күз туралы тақпақтар өте көп біледі. Біздің балалардың тақпақтарын тыңда.

 

Кали Азиза:

Сыңғырлайды қоңыраулар.

Қыркүйектің айында.

Жас ұландар бара жатыр.

Өнер білім бағына

Тимур:

Туча небо кроет

Солнце не блестит

Ветер в поле воет

Дождик моросит

 

 

Абилмансур:

Күздің қараша айында.

Жиын терін бітеді.

Жапырақтар сарғайған.

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

 

 

Максим:

Кружит, кружит в вохдухе.

Пестрый хоровод,

Красные, желтые,

Ветер листья рвет.

Адиль:

Осень наспутила.

Высохли цветы

Иглядят уныло

Голые кусты.

Ақерке:

Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!

 

Біздің де Алтын күз сіз сияқты кішкентай ханшайымдарымыз бар.

Кішкентай ханшайымдарымыздың биін тамашала.

Би: Жапырақтар

Ойын: Күн мен жаңбар

Ойын шаршы: Көңілді әуен ойнағанда, балалар билейді секңреді. Жаңбыр даусы естілгенде балалар қолшатырға тыңылады.

Ән: Бақшада.

 

Кірпі: Мен күз болғанда өзіме азық жинаймын. Мына жерде маған қажетті көкөністер бар  сияқты.

Дария апай: Мына жерде кішкентай кірпілер де келіп отыр. Сен кірпілермен бірге  би биле

Би: Кірпілер биі

Тақпақтар: Улжан, Гульжан, Асан, Ансар Т, Інжу.Заңғар, Мухамедали

 

Балалар күз ханщайымы мен кірпімен қоштасып балабақшаға қайтатын уақыт болды.

Осымен біздің күзгі баққа саяхатымыз аяқталды. Күз патшайымына алғыс айтайық, бізге тағы да келіп тұр.
Құрметті қонақтар бүгінгі біздің «Алтын күз» атты ертегілігіміз өз соңына жетті. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет. Көріскенше сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *