«Сиқырлы сандық»


Жамкеева Айдана Несипбаевна,

Қайратқызы Үміт КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешілері

Балалар «Паровоз» өлеңін айта отырып паровоз болып залға кіреді.

Қане кімнің бойы ұзын,

Паровозы ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ата- аналар!Балалар қараңдаршы біз қайда тап болдық?Қандай әсем бақ.Күзгі орманның көрінісі қандай керемет.Қане орындықтарға жайғасып алайық.Мына жерге қараңдар бұл не екен?

(Ағаштар арасынан сандық алып шығады).

Балалар: Сандық.

Жүргізуші:Бұл жай сандық емес!Сиқырлы сандық.Балалар бұл сандықты ашып ішінде не бар екенін көреміз бе?

Балалар: Ия, ашамыз.Көреміз.

Жүргізуші:Қызық, сандықтың ішінде не бар екен?Ашып көрелік. Ал, ендеше маған көмекке екі бала келіңдер.(балалар аша алмайды)

Сандығымыз ашылмады балалар бәлкім тақпақтар айтып береміз, сонда сандығымыз ашылар :

Армысыздар , халайық!

Бармысыздар ,халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!               Диас

 

Күзім-ау,күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!                     Дилара

 

Қарашы күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?               Рысбек

 

Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді

Осы ма, осы ма күз деген

Бақшаға  баратын бізбенен             Кәусар

 

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын           Нәби

 

Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым,қарадым

Танымастай болыпты.            Райян

 

Алтын, сары, қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.            Ажар

 

 

Жүргізуші: Тамаша балалар, тақпақтарынды өте жақсы айтып шықтыңдар, ал енді сандықты ашып көрелік.(сандық тағы ашылмайды)

Балалар жабырқамаймыз.Енді біз жұмбақ шешіп көрелік, бәлкім сандығымыз ашылып қалар:

 

Бұтаққа ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.   (Жеміс)

 

Көк лағым көгенде тұрып семірген   (Қарбыз)

 

Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызғылт дәу жатыр.      (Қызылша)

 

Жер астында темір қазық       (Сәбіз)

 

Жұмбақ жауаптары слайдтан көрсетіліп отырады.

Жүргізуші:Ал, енді мен тағы да сандыққа барып, ашып көрейін.

(тартады сандық тағы ашылмайды)

Балалар мына сандық тағы ашылмады, тағы бір өнерімізді көрсетеміз бе?

Балалар: Ия

Жүргізуші:Ендеше ән орындайық.

Ән:Күздің күні қандайды.

Әнімізді керемет орындадық енді сандықты ашып көрейік.(Сандық ашылады).Керемет мына сандықта көп заттар бар екен.Мына бас киімді  қараңдар.Бұл бас киім ,бақша қарауылынікі ғой. Күз оны бізге жайдан жай беріп    жіберген  жоқ, оны біз керегімізге жаратуымыз керек.Осы бас киіммен ойнаймыз ба?

Балалар: Ия

Ендеше қазір мен көзімді жұмып, бақша қарауылын таңдап аламын.Ортада айналамын қолыммен қай баланы нұсқасам сол бала бақша қарауылы болады.

Ойын : «Чучело» – «Бақша қарауылы»

Бәріміз қолымыздан ұстап шеңбер құрайық.Ортамызға осы бас киімді кигізіп  қарауылды шақырайық.Әнімізді айтып қарауылды мазақ етеміз.

Балалар:

В огороде Чучело,шляпу нахлобучело,

Рукавами машет и как будто пляшет.

Ну-ка чучело давай, вместе с нами поиграй!

Қарауыл: Не могу сейчас играть,

Надо воробьев пугать!

Ойын  шарты : балалар шеңбер бойымен қашады. Ұсталып қалған бала қарауылға айналады.Ойын осылай қайталанады.

Мақсаты: Балаларға  жақсы көңіл күй сыйлап, шапшаңдық пен достыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші:Балалар , сендер тамаша ойнадыңдар.Сендер байқадыңдар ма бұл сандықта біздің жақсы ойнап,билеп, ән айтымызға арналған заттар жасырылған екен.Тағы да не жасырылғанын көреміз бе?

Балалар: Ия көреміз

Қандай әдемі жапырақтар.Осы жапырақтарды алып билей отырып, ән айтайық.

Ән: «Осенняя песенка»

Жүргізуші:балалар өте тамаша ән айтып , би  билеп бердіңдер.Бізге бұл сандықты кім қалдырды деп ойлайсыңдар?

Балалар : Күз

Жүргізуші:мен де күз деп ойлаймын.Ендеше күзге арнаған әнімізді орындап берелік, мүмкін оның күз ханшайымының өзі  де келіп қалар.

Ән :«Күз кел, кел!»

Әуен ырғағымен ортаға күз ханшайымы келеді.

Күз:Сәлеметсіңдер ме ,балалар?Сәлеметсіздер ме, қоңақтар?Балаларымыз қалай өсіп қалған, жаз бойы күнге күйген.Әндері қандай тамаша!

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,біз де сізді көргенімізге қуаныштымыз.Балалардың  сізді сағынып жаттаған тақпақтарын тыңдап көріңіз

 

 

Астық жеміс жиылды,

Камбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім  сыйыңды.          Диляра

 

Көбейді құт-береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз         Исмаил

 

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.         Іңкәр

 

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.          Абылай

 

 

Жайдары күз,жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқар күз.                Глеб

 

Шаттандырып біздерді,

Шат шадыман күз келді.

Шатыр тікті сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.         Айзере

 

Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар сезгендей.

Желмен ұщып барады,

Жерге қонып үлгермей.           Сезім

 

Күз : тамаша, тамаша,балалар рахмет сендерге.Сендер мен жіберген сандықтан барлық қызықты таптыңдар ма?

Балалар : Жоқ

Жүргізші: Жоқ , тағы да не бар екенін , күздің бізге не дайындағанын қарап көрейін.

(Сандық ішінен жұмсақ ойыншықтар  мен себеттегі тәттілерді алып шығады)

Ал енді ойнап алайық.Ол үшін ортаға 4 бала шығады.Тәрбиеші балалардың атын атап , ортаға шақырады.

Ойын: «Аңдарды тамақтандырайық»

Ойын шарты: ойынға 4 бала шығады. Балалар  себеттегі тәттілерді дұрыс таңдап, аңдарға  әкелулері керек.Аюға бал, қоянға сәбіз, тиінге жаңғақ, кірпіге саңырауқұлақ.

Мақсаты: Аңдар туралы білімдерін кеңейтіп, олардың  сүйікті тағамдарын тани білуге тәрбиелеу.

Жүргізші: Рахмет  сізге күз ханшайымы ойыныңыз қандай керемет.Сіз бізге ойын сыйладыңыз .Ал енді сізге біздің балалар би билеп берсің.

Би : «бұлт пен тамшылар»

Күз:Қандай тамаша би, балалар қалай мың құбылады.Көңілді әуен ырғағымен залға қыз бала  жүгіріп кіріп, тығылып қалады.Артынан асыға басып қонжық кіріп келеді.Жан жағына таңырқап қарап,тоқтап қалады.

Қонжық: Сәлеметсіңдер ме, балалар?Жаңағы қыз қайда кетіп қалды?

Күз:Сәлеметсің бе, қонжық?Сен неге жүгіріп жүрсің?Біреуді іздедің бе?

Қонжық:Ия, қызды іздеп жүрмін.Ол біздің апанымызға келіп менің ботқамды жеп, төсегімде ұйықтап, содан қашып кетті.Бірақ  апанымызда оның себеті қалып қойыпты.Соны қайтарып берейін десем, қашып кетті.

Күз: Қонжық сен асықпа деміңді бас.Мына түрінмен қыз баланы шошытып жібергенсің ғой.Қазір мен оны шақырайын.Қызғалдақ шыға ғой.Қонжық саған тиіспейді, қорықпа.

Қызғалдақ: Шынымен тиіспей ме?Ендеше мен қорықпаймын.Сендерге тіпті би де билеп бере аламын.Балалар , қонжық сен де бәрін маған қосылып бір билеп алайық.

Қонжық: Ал мен билей алмаймын ғой, мен сондай ебедейсізбін.

Қызғалдақ: Ештене етпейді мен сені үйретемін.Ал балалар көңілімізді көтеріп билеп алайық.Бәріміз менімен қайталаймыз.

Қонжық: Рахмет сіздерге,ал сіздер менің себетімде не бар екенін білесіздер ме?

Қызғалдақ: Мен білемін, бірақ айтпаймын.

Тәрбиеші мен балалар  бірге жоқ білмейміз, бірақ білгіміз келеді.

Қонжық:Ендеше жұмбақ шешіп көріңдер, сосын мен сендерге дәмін татқызамын.

Әрі қызыл,әрі тәтті

Татқан жанды таңырқатты.       (Алма)

Қызғалдақ: Дұрыс балалар шешуін таптыңдар.Бұл менің  сендергеорманнан күздің керемет сыйын теріп алған себет толы алмам. Осы себетті сендерге тарту етеміз.

Жүргізуші :Сыйларыңызға көп рахмет, біз де ризашылығымызды білдіріп сіздерге күздің бір керемет құбылысы жаңбыр туралы әнімізді орындап берелік.

Ән: «Жаңбыр»

Күз:Бәсе балаларға сыйым бар екенін ұмытып кеткен екенмін ғой, теріп келген саған рахмет ,Қызғалдақ.Қызғалдақтың ұмытып кеткен себетін алып келген қонжық саған да мың алғыс.Үшеуіміз әрі қарай тағы да менің  басқа да сыйларымды осы орманнан теріп жүре берейік.Балалар, қонақтар  сау болыңыздар, келесі кездескенше!

Жүргізуші :Балалар қалай сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

Балалар: Ия!

Жүргізуші :Біз қайда келдік?

Балалар: Күзгі баққа.

Жүргізуші :Кімдерді кездестірдік?

Балалар:Күз ханшайымын,конжықты, Қызғалдақты.

Жүргізуші :Ендеше балалар біз пойызымызға отырып, балабақшамызға қайтайық.Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.Осымен ертеңгілігіміз аяқталды сау болыңыздар!

Балалар қатар, қатар тұрып, пойыз болып өлең жолдарын қайталап,

Қане кімнің бойы ұзын,

Паровозы ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

жолға шығады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *