«Күнбағыстың оқиғасы»


Сулейменова Назира Бекболатовна,

Насыпханқызы Алтын КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешілері

Қатысушылар:

Күз (жүргізуші)

Күнбағыс

Қарға

Атай

Әуенмен залға балалар жапырақ ұстап кіреді

Тақпақтар:Айлана  Қуаныштың ағайын

Қоңырауын қағайын

Қуандырып біздерді

Ортамызға күз келді

Риана    Жомарт көңіл жарқын күз

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз

.

Алтын кілем сияқты

Даниил  Вот на ветке лист кленовый

Нынче он совсем как новый

Весь румяный золотой

Ты куда листок постой.

Тәрбиеші:Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын күз

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз

2 жүр:Тілейміз аман болсын ел іргесі

Алтын күз қайта келді берекексі

Молшылықтың жаршысы бола білді

Алтын күз-ырыс,бірлік ала келді.

·        Ән «Күз тамаша»

·        Жүр:Жарайсыңдар,орындарыңа жайғасы қойыңдар!

Ал балалар,балалар

Енді бері қараңдар

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші

2 жүр:Әуелі жұмбақ жасырам

Қулығымды асырам

Таба алсаңдар шешімін

Қонағымды дәл ортаға шақырам

Жұмбақ:Жиып-теріп болатын

Қамбаға астық толатын

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Дұрыс күз мезгілі.Ал,күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

(Балалардың жауабы)Өте жақсы.Ендеше уәде еткендей ортаға қонағымыз –Алтын күзді шақырайық!

Күз. Дұрыс, балалар! Ал менің жаңбырымнан қорқып кеткен жоқсындар ма?

(Балалар жауабы)

Мен – жапырақты, алтын, жаңбырлы күзбін. Тағы да мені «өнімді» деп атайды, өйткені жеміс-жидек, көкөністер, саңырауқұлақ, бидай тағы басқа өнімдерді жинайды.

Ал енді балалар, сендер жұмбақ шешіңдер:

Оранып көп жапыраққа

Өсіп жатыр атырапта… (қырыққабат)

Тураймын деп өзін,

Жасаурап тұр көзім.  (пияз)

Қайнатсаң – томатың,

Турасаң – салатың. (қызанақ)

Күз. Жарайсындар! Сендер менің жұмбақтарымды шешкендерің үшін, мен сендерге ертегі айтып беремін.

ШАЛҚАН ТУРАЛЫ ЕРТЕГІ
Жүргізуші: Ата шалқан отырғызды… Шалқанға ата былай деді:
Ата: Сен үлкен бол,

Көп өнім бер,
Мен мақтан тұтатындай.
Су да саған беремін,
Өңделген 5 шелекті…
Ух, шаршадым, ұйқым келді.
(Шалқаннан алыс емес жерге жатып, ұйқыға кетеді.)
Жүргізуші: Алаңсыз ата ұйқтағанда,
Шалқан да өсе бастады.

Аяғымен, қолдарымен
Арам шөппен алысты…
Міне, күзде келіп жетті,

Суық таңмен қазанда
Ата оянып, шошып кетті.
(Ата оянып, тістері сықырлап, суықтан секіре бастайды.)
Ата: Ұйықтап қалғам қалай ұзақ?
Шалқаным не болды екен?

Қарап тұрмын,

Өсіп-өніп қалыпты!
Демек, тартар уақыт келді.

Әй, шалқаным, өскенің,

Түсіме де кірмепті.
(Шалқанды ұстап, тартады.)
Жүргізуші: Болды, шалқан ашуланды.
Сәбіз: Ата сен епсіз болдың!
Мен – сәбізбін, шалқан емес. Көзіңді демек жумағансың.
Шалқаннан мен арықтаумын. Түстерім де қызыл-сары. (Биназар)
Ата: Секір онда себетке.

Бұнысы не, не ғажайып?
Мүмкін жаман ұйқтағанмын?
Көктемде шалқан еккем…
Жарайды, онда көрейік
Басқа шалқанды тартып.

Картоп: Ой, ой, ой, Мен қарсымын!
Мен – картоппын, шалқан емес.

Болмаса картоп сорпада

Қажет емес қасық ұстап.
Мен – негізгі өніммін! (Әбілмансұр)
Ата: Секір онда себетке.
Шалқанға тағы барайын,

Жерде қалай отырам!
Әй, шалқаным, шалқаным!

Қырыққабат:

Мен – кіртілдек қырыққабат!Азамат
Болмайды менсіз салат,
Ата: Кешір мені… Себетке секір.
Бұл не деген ғажайып?
Екі сағат болды ғой

Бақшада жүргеніме.

Шалқан қайда?
Мынау ғой дим…

Балалар ата көп ұйықтап шалқанды таба алмай жатыр?Бәлкім би-билеп ұйқысын ашармыз. “Ұлдар биі”(Анзор,Санжар,Саргис,Аян,Халиф,Даниил )

Қызылша:
Шатастырып қызылшаны шалқанмен.
Одан 100 есе қызылмын,
Пайдалымын, дәмдімін!(Қайсар)
Ата: Секір онда себетке.
Саған да орын табылар.
Бірақ сонда да қызықты
Шалқан қайда? Әлде мынау ма?

Балалар атайға әліде көмек керек ұқсайды.Көкеністерді ажыратуға көмектесейік.

Ойын:Көкөністі ажырат
Пияз: Мен де сондай түстімін,
Бірақ шалқан емеспін,
Мен – сенің пиязыңмын!
Біраз болса да қаталмын(Бексұлтан)
Ата: Секір онда себетке.
Кеш батуға таяды,

Қайда екен шалқаным

Мүмкін мынау шығар

Ата:Көкеністер себетте,

Жемістер кел көмекке(көмекке келіп,шалқанды тартып шығарады)

Шалқан:Кім білмейді шалқанды

Талайлар маған таң қалды

Бәріне сый боламын

Тауып көр менен дарханды(Мерей)

Атай көкеністерін жинап залдан шығып кетеді

Жемістер айтысы:

Балалар жемістер туралы тақпақтар айтып береді:

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Қызыл,кейде сарғылтпын

Не жетеді дәміме

Аузындамын бар жұрттың.Ғазиза

Ішім толған шәрбат

Дәмім қандай әйбат

Үзесің бірден жүзін

Менің атым жүзім.Жәмиля

 

Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.Карина

Мен – алмамын, алмамын

Таңдай татар бал дәмім

Мына тәтті бал-дәмді

Дастарқандарыңа арнадым.Аружан

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.Аруна

 

·        Би « Жемістерден шырын   »

Барлық өнімдерді жинап алдық! Мұқият қараңдар, бақшада ештеме қалдырған жоқпыз ба? (Балалар жауабы)

Жаңбырдың дыбысы

Есік артынан өксіп жылаған дыбыс естіледі.

Күз. Балалар, бұл не дыбыс? Сендерден кім жылап тұр? (ешкімді таппайды) Бұлай кімді ренжіткен? Ащы жылаған дыбыс қайдан естіліп тұр? (балалар көрсетеді) Мына жерден ба?

Күз есікті ашады. Күнбағыс кіреді.

Күз. Балалар, бұл күбағыс қой! Сәлеметсің бе, күнбағыс!

Күнбағыс (жылап тұрып). Сәлеметсіздер ме!

Күз. Неге сен қатты жылап тұрсың? Не болды?

Күнбағыс. Қалай мен жыламаймын? Барлық өнімдерді жинап алды, ал мені ұмытып кетті. Мен ешкімге керек емеспін. (Одан ары жылайды)

Жаңбырдың астында қалып қойдым апчи-апчи.Түшкіру

Күз. Балалар, күнбағысқа қалай көмектессек болады? Кәнекей, біз оны біздің мерекеге шақырайық? Көңілін көтерейік? Күнбағыс біздің мерекеге қонақ бол, бізбен бірге көңіл көтер!

Барлық бала:Жаңбырдан еш қорықпай

Жауғанда біз жүреміз

Күзгі жаңбыр туралы

Тіпті өлең білеміз

Ән “Жаңбыр”

Күнбағыс. Балалар, рахмет сендерге! Мен сондай қуаныштымын! Ал менімен бірше би билейсіңдер ме?

 

·        Би «Күнбағыс»Айлана,Рианна,Дана,Айлана К

 

Күнбағыс. Міне, менің тағы  күнбағыс-достарым пайда болды!

Әуенмен залға Қарға келеді, залды айналып, Күнбағыстың жанына тоқтайды.

Қарға. Міне менің Күнбағысым!

Неге кеттің бақшадан?

Қақ-қақ-қақ! Сұмдық!

Әрең іздеп таптым ғой.

Күнбағыс. Балалар мені аяп, мерекелеріне шақырды.

Қарға. Мереке? Қақ-қақ-қақ! Тағы қандай мереке?

Күз. Балалар, бізде қандай мереке?

Балалар. Күз мерекесі.

Қарға. Болса болсын… Қақ-қақ-қақ! Ал Күнбағыс менікі, бұны мен бірінші тапқам!

Күнбағыс. Балалар, көмектесіңдерші! Мен Қарғаға барғым келмейді, ол мені шоқып жеп қояды! (Балалардың артына тығылады)

Күз. Құрметті қарға, сен қайда асығып барасың? Одан да біздің балалар орамалмен қалай билейтінін көр.

Қарға. Жарайды, көрейін. Бірақ сонда да Күнбағыс менікі болады!

 

·        Орамалмен ойын «Жұбымды іздеймін»

Барлық балаларда түрлі-түсті орамалдар. Қыздар шеңбер бойымен жеңіл жүгіреді, ұлдар аяқтарымен тарсылдатады. Әуеннің екінші бөлімінде – ұлдар шеңбер бойынша жүгіреді. Ал қыздар бұл уақытта «серіппені» орындайды. Үшінші бөлімде – жұбымен айналады.

 

Қарға. Ой-ой-ой! Қақ! Қақ! Қақ! Қарауыл! Сұмдық! Орамалдарын желбіретіп, мені қорқытып жатыр! Қарауыл! Көмектесіңдер! (Залдан ұшып кетеді)

Сергіту сәті

Күнбағыс. Балалар, сендерге үлкен рахмет! Сендер мені Қарғадан құтқарып қалдыңдар. Балалар, мен сендердің мерекелеріңе қатысқаныма, сендермен танысып, дос болғаныма сондай қуаныштымын! Және сендерге шынайы көңіліммен тосынсый жасағым келеді: алтын шікілдеуік. Бұл жай шікілдеуік емес, бұл – сиқырлы шікілдеуік!

Күз. Рахмет, Күнбағыс. Ал біз сені біздің топқа қонақ болуға шақырамыз.

Күнбағыс. Әрине, риза боламын

Ән:Осень

·        Ойын Алтын күзбен

·        Ғажайып сәт (сыйлықтар беру)

·        Қорытынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *