«TBL – арқылы оқыту әдісі».


Ахметов Ершат Махметович

 Учитель  английского языка ВКО, с.Зубаир. Коммунальное государственное учреждение “Зубаирская средняя школа”

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдіс қарқыны білім беру жүйесінің алдына оқыту технологиясын жетілдіру міндеттерін қойып отыр. Осыған байланысты педагог мамандар оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін зерттеп, тәжірибе жүзінде сынап келеді.

Жаңа технологияны меңгеру оқытушының білімін жетілдіруіне зор көмегін тигізеді. Бұндай оқытушылардан білім алатын оқушылардың да шығармашылық қабілеттері арта түседі. Сабақ барысында осындай кеңінен қолданылуы қажет әдістердің біріне TBL оқыту әдісін яғни ұжымдық оқыту әдісін жатқызуға болады. Бұлар оқушылардың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушылардың танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс тану. Жаңа педагогикалық технологиялар оқытушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына басты рөл атқарады.

TBL – team based learning – кіші топтарда оқыту әдісі – оқушылардың  топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың топтық әдісі.

TBL оқыту әдістерінің басты ерекшелігі: әр оқушының қабілетін, дарынын дамыту, ұжымдағы әрбір мүшені оқыту және әркімге ортақ жұмыстағы бір-бірінің көмегі, ізгілік пен ынтымақтастық болып табылады. Топта бағыттап оқыту әдістерінде оқытушы мен оқушының іс-әрекеті алмасып отырады. Мұғалімнің іс-әрекетін, қызметін ұжым атқарады. Яғни жаңа білімді меңгерту тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмыстарын саралап, бағалауда, талдауда өздері жетекшілік етеді. Мұғалім ұйымдастырушы, ақыл кеңесші.

Бұл оқытудың ұзақ жылдар бойы тәжірибеден қалмай өзінің тиімділігін әр кезде дәлелдеп келе жатыр: жүйелі түрде қайталанып отырылатын жаттығулар жұмыс түрлері арқылы оқушылардың логикалық ойлауы жетіледі, тілі дамиды; әркім өзін еркін ұстайды, дербес жұмыс істеуге, өзбетімен қорытынды жасауға дағдыланады; өзін-өзі оқыту, бірін-бірі оқыту үрдісі жүреді; өздеріне берілген тапсырманы топ болып орындайды. Оқушылар өз іскерлігін көрсетіп, пікір алмастырып, ойларын ортаға салады. Олар ойларын ортаға салуға ынтымақтастықпен бірігіп, жұмыс істеуге қорытынды жасауға қатыса алады. Зерттеу-іздену іс-әрекетіне икемделіп, топтық жұмыста мұғалімнің тарапынан нақты нұсқау беріледі.

Сондықтан берілген әр тапсырманың мақсаты, мазмұны, құрылымы, оның қандай формада берілетіні жан-жақты ойластырылуы тиіс. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арту үшін топты үш шағын  топқа бөледі. Топтың жұмысын қажетті бағытқа бағыттап, тапсырмаға берілген уақытқа үлгеретіндей арнайы тапсырмалар мен сұрақтар құрастырылды. Тапсырма маңызды, қызықты, тәжірибеден алынған мәселе түрінде болу керек. Шағын топта жұмыс істеудің ерекшелігі – оқушылардың ойлау қабілеті, мәселені шешу қабілеті, шешім қабылдау, өзгелердің пікірін тыңдау қабілеті және топта жұмыс істеуге дағдыланады. Сабақтың барысында «Жеке дайындығын бағалау тестісі», 15-20 тестілік тапсырмадан тұратын пәндік танымын тексеретін тестілік бақылау өткізіледі. Одан кейін «Топтың дайындығын бағалау тестісі», осы тестің тапсырмасы бойынша әр топта тестілеу жүргізіледі. Екі тестің нәтижесінен кейін жалпы топтың және оның әрбір мүшесінің жеке бағасы анықталады. Сабақ барысында оқытушы бір топтан екінші топқа өту арқылы олардың жұмысын бақылап отырады. Ол кейбір жағдайларда ғана олардың жұмысына араласады.

Топта оқыту кезінде топтың әрбір мүшесіне мынадай талаптар қойылады:

жеке өз бетінше оқуы тиіс;
тақырып бойынша жеке тест орындауы тиіс;
топ үшін жауапты болу қажет, әрқашан дайындықпен келу керек, себебі топтың ұпайы әрбір білім алушының дайындық деңгейіне байланысты болады;
Олардың білімін талқылау кезінде әрбір топ мүшесінің қатысуын саралап, барлық топ мүшелері бірдей бағаланады. Осы сабақтарды өткізу барысында оқушылар сын тұрғысынан ойлану, өз әріптестерінен үйрену, топтық тестілерді өткізуде топ үшін жауапты болу, өзі оқу арқылы дайын болу мүмкіндіктеріне ие болды.

Топқа бағыттап оқытудың тиімділігі:

уақыт үнемделеді, қайталау арқылы есте сақталады;
тыңғылықты білім алу үрдісі жүзеге асады;
өз беттерімен бір нәтижеге қол жеткізеді, барлығы ізденеді;
үнемі пікір алмасу пікір талас қатынастары болады;
Топқа бағыттап оқытуда тапсырманы орындау барысы:

Әр оқушы тапсырманы жеке орындайды. Топтық тестілеуден соң әрбір топ мүшелері түсініксіз сұрақтар бойынша оқытушыдан мәлімет алды. Әрі қарай әрбір топтағы оқушылар алған білімдерін қолдану үшін тапсырмалар орындайды. Тәжірибелік сабақтың аяқталу кезеңінде топтар есеп береді, бұл оқушылардың тапсырманы орындау барысында жаңадан не үйренгендігін көрсетеді. Әрбір топ жұмысына талдау жасалады. Осы әдістің арқасында топтық оқыту үрдісіндегі жеке оқушының және топтың үлесін, рөлін талдауға, бағалауға мүмкіндік туады. Топ болып талқылайды, қорытынды жасайды. Осы TBL яғни ұжымға бағыттап оқуда оқушылардың тілі дамиды. Оқушылар жүйелі жұмысқа жұмылдырылады.

Жаңа технологияларды меңгеру оқытушының кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруна көмектеседі.

«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»,-деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір білім алушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б. таным әрекеттерін жасайды.

Қорытыта келе, тілді үйретудің жаңа технологияларын тәжірибеде кеңінен қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оқытушының шығармашылық қабілетін жетілдіреді. Осындай тиімді әдістерді сабақта пайдалану үшін оқытушы көп еңбектеніп, ізденуі керек. Қазіргі қоғамдық өмірімізде көрініс тапқан сан – салалы сапалық өзгерістер, жаңарулар, жаңалыққа бетбұрыстар педагогтерді өз істеріне сын көзбен қарауға итермелеуде. Өйткені, оқушыларға берілетін білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та оқытушының іс- әрекеті, беретін білімі мен үлгі- өнегесі арқылы қалыптасады. Осындай жүгі ауыр, жауапкершілігі мол мәселелерді шешу педагог мамандардың алдына зор міндеттер жүктейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.    Алдашева А. Әдістеме әлемінде. Ғылыми- әдістемелік жинақ. -Алматы, 2008. –125 б.

2.    Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі-Алматы,2005.-240 б.

3.    Миролюбов А. Разработка теоретических вопросов системы упражнения в советской методике обучения иностранным языкам в средней школе. Под ред. Климентенко А., Миролюбова А.-М.: Педагогика, 1973. -270 б.

4.    Оразбаева Ф. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Типтік оқу бағдарламасы: Әдістеме әлемінде // ғылыми-әдістемелік жинақ. -Алматы, 2008. -145 б.

5.    Телеуов М.К., Досмагамбетова Р.С., Молотов-Лучанский В.Б., Муратова А.З., Риклефс И.М., Калиева Ш.С., Риклефс В.П. // Инновационные технологии в обучении и оценки учебных достижений студентов Карагандинского государственного медицинского университета: Монография, -Караганда, 2010. -160 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *