Торғай тарланы – Оразалы Қозыбаев


Мұхамедуали Айым Жаңабайқызы

Қостанай обл. Арқалық қаласы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің БМ-31 тобының оқушысы

 Жетекшісі: оқытушы Мырзагалиева Айнур Балгабайкызы

         Торғайдың байлық тұнған дархан жері

Аққу, қаз асыр салған шалқар көлі.

Арқаның даласында бір қала ба.

Анамдар құшағына тартар мені.

Бақыттың бастамасы,

Шаттықтың астанасы,

Арқаның жас қаласы,

Атыңа бас ием!

Астықтың даласы бұл,

Жастықтың панасы бұл,

Достықтың панасы бұл,

Арайланған –

Таң нұрым.

Ән жырым,

Жан гүлім,

Арайлы Арқалығым!

Арқалық жарты ғасырдан астам тарихы бар ескі шаһар. Киелі Торғай өңірінің ардақты азаматтары осы қаланың  бой көтеріп,  жандануына үлкен үлес қосқан. Кешегі өтпелі   кезеңнің    қиындығын   басынан    кешкен   қала   қайтадан     жаңаша   күйге

еніп, жақсаруда.  Биыл рухани қала  Арқалыққа 60 жыл.

Осы мақалада, еліне еңбегі сіңген, халқының құрметіне айналған, Торғай тынысын кеңейткен, Арқалық қаласының дамуына қосқан еңбегі мол алып тұлға – Оразалы Әбілұлы Қозыбаев жайлы сөз етпекпін.

Адам – уақыт туындысы,  дәуірдің жанды бөлшегі. Өмірден өзі озса да,  артында өшпес із қалдырған талай тау  тұлғалардың ерлігі  мен елдің бүгінгі ұрпақ біліп өсулері тиіс.

Қостанай өңірі алты алаштың басына күн боп туған Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин,  Шоқан Уалиханов,  Міржақып Дулатов, Бейімбет Майлин, Омар Шипин, Ілияс Омаров пен марғасқа Манаш Қозыбаевты тудырған киелі мекен. Білім, ғылым, мәдениет пен өнер саласының майталмандары мен қатар, Тобыл топырағы ел болып қалыпасуымызға орасан зор еңбек сіңірген тау тұлғалардың да дүниеге әкелді. Солардың бірі, бірегейі – Оразалы Қозыбаев.

Жер қозғалса да, салмақты  қалпынан бір танбайтын сабырлы мінезі бар, еселі еңбегімен көпке үлгі болған көрнекті  мемлекет және қоғам қайраткері Социалистік Еңбек Ері (1967), Ұлы Отан соғысының ардагері,  халқымыздың адал перзенті Оразалы Әбілұлы Қозыбаев 1924 жылы Меңдіқара ауданындағы  Тазкөл елді мекенінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысып, Қарулы күштер қатарынан елге оралған соң, ол қырық жыл бойына партия, кеңес және шаруашылық органдарында қызмет істей жүріп, еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына елеулі үлес қосты.  Еңбек жолын 1947  жылы техникалық хатшы болып бастаған жас жігіт 6 жылдан соң  Затобол райком партиясының екінші хатшысы болып шыға келеді. 1959 жылдың күзінде Қостанай атком партиясы ел сенімін ақтаған Оразалы Қозыбаев Амангелді ауданына, тың және тыңайған жерді игеруде туындаған қиындықтарды еңсеру үшін жоспармен жібереді де, көп ұзамай оны Амангелді райком партиясының бірінші хатшысы етіп сайлайды.  1959-1962 жылдарында  Амангелді ауданының партия комитетінің бірінші хатшысы, 1965-1967 жылдары Арқалық аудандық-өндірістік басқарманың бастығы,  Арқалық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істейді. Алпысыншы жылдардың басында Үлкен Торғайдың табиғи байлықтарын игеру туралы бастама көтеріп,  қысқа мерзімнің ішінде Торғай өңірінің кең-байтақ далаларында оңдаған кеңшарлар ұйымдастырылып, Арқалық қаласының  құрылысы  жандана түсті, боксит кенін игеру туралы қауырт қолға алынды.   1967-1975 жылдары  Қазақстан  КП Қостанай облысының партия  комитетінің  екінші   хатшысы,  1975 – 1984  жылдары  Ақтөбе кеңестері  атқару комитетінің төрағасы болып қызмет етті. 1995 жылы «Ардагерлер  жазбалары» кітабы жарық  көрген.  Қазақстан Республикасының бірнеше мәрте  Қазақ   КСР  Жоғарғы Кеңесінің   депутаты  болып  сайланды.  Іскер азамат өзіне жүктелген тапсырмаларды  үлкен  жауапкершілікпен  орындап, Торғай  жерінің  ауыл  шаруашылығының  аяққа  тұруына  өлшеусіз  үлес қосқан. [1,257б]

Үкімет басындағыларға жолдаған өзінің «Торғай шақырады» атты хаты арқылы, Торғай тыңын көтеру жөніндегі ұсынысын облыс, республика және одақ басшыларына жеткізді. Д.О.Қонаевтан басқа жоғарыдағылар ұсынысқы күдікпен қараса, облыс басшылары ашық қарсы болды. Оразалы Қозыбаев болса ол ежелгі Торғай даласын игерудің қажеттігін дәлелдеу мен талай табалдырықтарды тоздырып, дөкейлердің есіктеріне дамыл бермеді. Ауданға Мәскеуден жағдаймен танысуға Н.С.Хрущевтың кеңесшісі, академик Андрей Степанович Шевченко бастаған комиссия келді. Олар аудан, шаруашылық басшылары мен мамандарға көптеген сұрақтар қойып, дәнді-дақылдар егілетін алқапты көрді. Социалистік Еңбек Ерлері Мырзағали Алтынбаев, Намазбай Әмзин сияқты жергілікті ақсақалдармен сөйлескенде олар Торғай өңірінің көптеген жерінде арпа, бидай, сұлы, тары дақылдарының жақсы өнім беретінін нақты мысалдармен дәлелдеп берді. Жағдаймен танысқан комиссия мүшелері Оразалы Қозыбаев бастаған Амангелділіктердің бастамасы дұрыс деген қорытындыға келіп Мәскеуге аттанды. Сөйтіп, мүлгіп жатқан қазақтың момын пұшпағына жан кіре бастады, орталықтан қаржы құйылды,  материалдар жеткізілді, үш ауданад кеңестік шаруашылықтар қарыштап алға баса бастады.Тың өлкесі құрылды. Көп ұзамай «Правда» газетінде «Торғай шақырады» деген үндеу мақалалары шықты.  Бұрын бұл жерде астық өсіруге болмайды деген пікірді жоққа шығарды. Кейін Оразалы Қозыбаев Арқалық ауданын басқарып, оның қалыптасуы мен дамуына зор еңбек сіңірді. Осы еңбегі үшін ол Социалистік Еңбек Ері атағымен марапатталып, есімі Қостанай және Арқалық қаласы көшелерінің біріне берілді. Ал жылдың желтоқсанында Оразалы Әбілұлы Қостанай облыстық партия комитетінің 2-хатшысы лауазымына тағайындалды. [2,4б]

Тұла бойы қызу іс-әрекет пен бастамашылдыққа толы, жігерлі де жайсаң жан өзі қолға алған іске бар қажыр-қайратын салатын. Жоғары мемлекеттік қызметтерді атқаруда ол терең біліктілігімен, өмірлік құлшынысымен, адамдарға деген сүйіспеншілігімен  ерекшеленетін. Оның  есімімен  Қостанай облысының көптеген тың игеруші шаруашылықтарының ірге көтеруі,  Арқалық  қаласының  құрылысы,  Торғай тыңын игеру, Ақтөбе облысының экономикасын дамыту істері байланысты. Оның бойынан тіршілік даналығы, ақжарқын қарапайымдылық, тамаша жан шуағы молынан табылатын. Оның Отан алдындағы адал қызметі көптеген мемлекеттік наградалармен, Социалистік Еңбек Ері жоғары атағымен аталып өтілді. Ол республиканың ҮІ-Х сайланған Жоғарғы Кеңесінің және жергілікті өкілетті органдардың депутаты болды.

Халық игілігі үшін еңбек, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік оның әрекеттерінің, идеялары мен сенімінің қозғаушы күші болып табылады. Құрметті демалыста жүріп те ол шаруашылық басқарудағы өз тәжіриесі мен білімін жастарға аянбай үйретті, өз замандастары – XX ғасыр қаһармандары жөніндегі кітаптар сериясының авторы болды. Бұндай абырой мен беделге ол өзінің іскерлігі, адалдығы, қарапайымдылығы мен адамгершілігі арқасында жетті.

Оразалы Әбілұлы Қозыбаев табиғатында ерекше жаратылған тұлға еді, оған терең ойшылдық, кең адамгершілік, ұлтжандылық, талаптылық, асқан жігерлілік қасиеті тән болды.

Ұзақ  науқастан кейін 1996 жылы мезгілсіз дүние салды. Соңғы сапарға шығарып салу рәсімінде Б. Әшімов, Е. Әуелбеков, М.Сағдиев, А. Жолмүханбетов, О. Қуанышев, Қостанай, Ақтөбе облыстарының өкілдері, марқұмның көптеген достары, туған-туыстары және жақындары болып, соңғы сапарға шығарып салды [3,6б]

« Елі барда ер еңбегі ескерусіз қалған емес». Өткен күндер көмескілене бастағанымен , халық айта жүретін ерлікке тең іскерлік, халық ұмытпайтын есімдер болады. Сондай ардақты азаматтың бірі Оразалы Қозыбаев дүниеден өткенмен, бүрынғыдай ел есінде екені анық. Өйткені ол кезде Қостанай өңіріне ғана емес, исі қазаққа кең танылды. Облыстық деңгейдегі билік тізгінін ұстады. Қоғамдық қайраткерлігімен , әділдігімен , іскерлігімен аты шықты.Оразалы Қозыбаевтың есімін қазақтың үлкен*кішісі жадында сақтайтын оның бір қыры –  елжандылығы, ұлтқа деген жанаршылығы. 2012 жылы өзі ірге көтеруіне тікелей мұрындық болған, кейін өз есімін иеленген Қаратал орта мектебінде Оразалы Қозыбаев атындағы тарихи -өлкетану мұражайы ашылды. Мұражайдың ашылу салтанатына облыс орталығынан келген қонақтар, аудан әкімдігінің өкілдері және Оразалы Қозыбаевтың туған-туыстары, көзін көрген ағайындар, іргелес ауылдағы мектептің ұстаздары, ауыл тұрғындары қатысты.[4,3б]

Торғайдың  туын көтерген, уығын қадап, шаңырағын шарқтатқан, елдің мерейін өсіріп, ағайынның атын аспандатқан атпал азаматтар баршылық. Соның бірі, бірі ғана емес, бірегейі  Арқалық  ауданының  ең алғашқы басшысы болған, «Торғай шақырады» деп, дүйім елге жар салып, ақ селеулі даланы алтын астықты алқапқа айналдырған, елім деп еңіренген ер азамат –  Оразалы Әбілұлы Қозыбаев. Торғай төңірегі, Амангелді, Арқалық ауданының бар адамы бағалап, халқы құрмет тұтатын Оразалы Қозыбаевтай азаматты бүгінгі ұрпақ білмейді, елім деп еңіреген нсіл ердің есімі ұмытылып барады деуге болады. Барлық мағыналы ғұмырын ел – жұртына арнаған, Торғайдай тарихи өлкенің өркендеп өсуіне өлшеусіз үлес қосқан Оразалы Қозыбаевқа Арқалық қаласын атын берсе де артық емес. Ол болмаса, өзі алғашқы қазығын  қаққан  «Новый»  немесе  «Родина»  поселкелерін  оның есімімен атаған жөн.

«Северный», «Новый» немесе «Родина» деген жалпы атаулар ғой. Оларда ешқандай мән-мағына жоқ. Осындай қала іргесіндегі ауылдарды – «Оразалы Қозыбаев ауылы» десе жұртшылық та, аруағы да разы болмас па еді.

Ер есімі –  ел есінде мәңгі қалуы тиіс. Ол үшін игілікті іс тындыру, аруақты ардақтау – бүгінгі ұрпақтың азаматтық пазызы деп білемін.

Қазақтың біртуар азаматы Оразалы Қозыбаев Торғай өңірінің жаңаруына, экономикасының дамуына, мәдениетінің гүлденуіне, патша кезіндегі Торғай облысы атауының қайта оралуына үлкен жүректілікпен еңбек ете білді.

Өз кезеңінің айқын тұлғасы Оразалы Әбілұлы Қозыбаевтың халқына қалтқысыз адал қызмет етудің үлгісі, бүгінгімен ертеңгі ұрпаққа тәрбиелік мәні зор патриотизмнің бір көрінісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *