«Тәуелсіздік жолында күрескен батырлардың ерлігі»


Мұхамедуали Айым Жаңабайқызы

 Қостанай обл. Арқалық қаласы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің БМ-31 тобының оқушысы

 Жетекшісі: оқытушы Уахитова Алмагуль Абдуалиевна

Қазақ даласы таланып, патша өкіметі оның қарулы күші казактар жасағы хан, сұлтандармен бірігіп, зорлық – зомбылық мемлекеттік дәрежеге көтерілген кезде өрбіді. Қазақ сахарасын отарлау саясаты толығынан қалыптасты. Бүкіл қазақ даласына патша өкіметі өз билігін үстем етті. Хандық билік жойылды, көшпенділердің жерін тартып алу көшпенділік өмір қаракетін жоюға дейін апарды. Халық тығырыққа тірелді. Саяси дағдарыс, қазақ мемлекетінің соңғы атрибуттарының жойылуы, халықтың тұтастығы ыдырап, Ресей әкімшілік жүйесіне енді, шаруалардың жерсізденіп, құм шөл, шөлейт далаға ысырылуы – осының бәрі халық басына күн тудырды.

Торғай облысы 1916 жылгы көтерілістің ірі орталықтарының бірі болды. Мұнда қазак шаруаларының күресі мейлінше табанды болып, ұзаққа созылды[1].

Империялық езгіге карсы Торғайдан басталған көтеріліс ақыры Ресейдің ақ патшасын тақтан құлатқан атақты Ақпан төңкерісіне ұласты. Көп жерлерде аталмай жүрген елдің, ұлттың қамын жеген ерлер осы ұлы дүбірге тамызық болып атойлап алға шыққын Торғай тарландары жайлы бір ауыз сөз.

Бектасов Сүлтан Бірәліүлы «Ұлы Жыланшық» бойындағы Қыпшақ тайпасынан тарайтын «Тоқпан» руының атақты байы Бірәлінің отбасында дүниеге келген тұңғышы. Он үш ағайынды болған. Алайда інілері Мейірман, Шепелей, Қадір, Жәлелдерден басқасы аштықта қырылған.Тірі қалғандары қазір әр түрлі қызмет жасап жүр. Сұлтан өз үйіндегі татар молдадан сауат ашып, көрші «Терісбұтақтағы» Құлмұхаммед Ишан салдырған медреседе, кейін Орынбор гимназиясында орысша оқып білім алған. 1916 жылғы көтерісшілер арасында орысша сауаттысы осы Сұлтан болса керек. Көзі ашық көкірегі ояу, сауатты азамат сол кезеңдегі зиялы қауымды қолдап, Ресей патшалығының өз халқына жасаған қиянаты мен озбырлығына қарсы көтерілген, Ұлт – азаттық көтерілісті қолдаған. Сұлтан Бірәліұлы Ұлт -азаттық көтерілістің аяғына дейін қатысқан, Амангелді Имановтың сенімді серігі, әскери комиссары кеңесшісі, әрі іс қағазын қазақша, орысша, арабша оқитын, әрі жүргізіп жаза алатын хатшысы болған. Сұлтан тек бай баласы ғана емес, зиялы қауымда туып, сондай ортада өскен текті тұқым. Сол кездегі

қазақ    зиялылары    Ахметпен,    Міржақыппен,    Әлібимен,  Амангелдімен,  Кейкімен қатар азаттық үшән атқа мінгені хақ.

Көтерілістің ошағы Жыланшық өңірінде басталғаны айтыла бермейді. Көтеріліс басшылары Әбдіғаппар Жыланшықтағы «Көкөдеңде», Амангелді «Балық қара» суында, Кейкі «Бозатанда», Әліби «Әли» елді мекенінен атқа қонған азаматтар емеспе? Бәрі бір Жыланшық бұрынғы Родник (кейін Жыланшық аталды) кеңшары аумағы екенін бүгінгі ұрпақ білмеуі де мүмкін. Тіпті көтерісшілер қай жерде қашан соғысқаны естен шығып барады. Жылдарда Торғай көтерісшілері жазалаушы отрядттармен «Татыр» көлінде қазанда «торғайда» қарашада, «Күйікте» қарашада, шошқалыда желтоқсанда, жылдың ақпанында Құмкешу, Доғалда, Үрпекте қанды қыргын болған [2].

Торғай көтерілісі 1916жылы басталып Патшаның тақтан кетуімен аяқталды. Ал басқа қазақ даласындағы көтеріліс әрісі бір ай, бір жетілік болып нәтижеге қол жеткізе алмай тоқтағаны тарихи шындық. Қазір керсінше Торғай көтерілісін жоққа шығарғысы келетіндер бар. Ал Сұлтан Бірәліұлы сол қанды шайқастың бел ортасында болған, сол оқиғаны қағазға түсірген адам. Мүмкін бір күні қолжазбалары да жарыққа шығар. Ол үшін архивтерді тынбай іздеу қажет.

Сейдахмет Бейсейітұлы – 1879 жылы Торғай уезі, Шұбалаң болысында дүниеге келген. 1916 ылғы Торғай көтерілісі басшыларының бірі, мыңбасы. Торғайдағы Ы.Алтынсарин мектебінде білім алған. Амангелді Иманов басқарған халық қозғалысына Сейдахмет алғашқылардың бірі болып қосылған. Сейдахмет Бейсейітұлы 1920 – 1921 жылдары Торғай уездік милициясын басқарған. 1921 жылы «денсаулық жағдайыма байланысты» деп өзі арыз беріп жұмысынан босып шығып, орнына адам қойып кеткен Амангелді Имановпен қуғындалып, патша өкіметіне қарсылық көрсеткені үшін сотталып, 1908 – 1911 жылдары түрмеде отырған. Өмірінің соңғы жылдарында туған ауылында әртүрлі жұмыстар атқарған. 1936 жылы 1916 жылғы көтерілістің 20 жылдығына байланысты «Қазақстанның 15 жылдығы» медалімен марапатталған [3].

Әбдірахман Иманқұлұлы Сарықопа бойындағы Майқарауды отыз жыл басқарған болыс, Мекке – Мәдинеге бір емес, екі рет барған қажы, елі таныған ақын, күллі Арқа өңіріне абыройлы көсем де шешен тұлға болатын. Маусым жарлығынан кейін Торғай дуанына келіп ел тізгініндегі болыс -билермен жиналыс ашқан генерал – губернаторға қызметтен айырыламын, айдалып кетемін деп бүгежектемей «Қомсынғанға Алла бар, сом темірге балға бар, қазақты басынбаңдар», – деп қарсы шапқан ай мүйізді ақ серке де осы Әбдірахман болыс еді.

Өзінің тұңғыш ұлы Шарафидденді, ағасы Нарымбайдың ұлдары – Сәкен, Мәди, Сейіткерей, Әмір, Бидасты Амангелді батыр сарбаздарының қатарына   өз   қолымен   апарып   қосады.   Сөйтіп,   ғарасат   майданға   бел байлағандарды бұрын ат   –  көлік, қару – жарақпен жабдықтаса, енді адам жағынан жасақтауға да тікелей кіріседі.

Патшаның жазалаушы әскерімен болған шайқаста өз ұлы Шарафидден мен  інілері  Сейіткерей,  Мәди,  Сәкен  Нарымбай  ұлдарының  оққа   ұшуы

Әбдірахман болысты бұрынғыдан бетер ашындыралы. Амангелді батырдың қазасынан кейін Торғай рефкомының тізгіні өзі көсем, өзі шешен Әбдірахман болыстың қолына көшеді, батырды қажы ауыстырады. Бірақ Торғайда Кеңес өкіметі біржола орнап, күш алғаннан кейін қазағым, халқым деген қажы мен большевиктердің жолы екі айырылады [4].

Ұлт –  азаттық көтерілістің туын көтерген Әліби Жангелдин, Амангелді Иманов, Әбдіғапар Жанбосынұлы, Иманқұлдың әбдірахманы сынды Алам арыстарының бәрінің көксегені, көздегені бір ғана мақсат болатын. Ол -елінің де, жерінің де, тілінің де, діні мен ділінің де тізгіні өзгенің қолына көшкен қазақтың өз еркін өзіне орату – тын.

Қазақтың басына төнген сол бір нәубет жылдары қаншама адам жазықсыз жаланың құрбаны болды. Қаншама бала әкесінен, ағасынан, туысқанынан айырылып, жетімдіктің зардабын тартты. Сол жапа шеккендердің бірі Қимаден Жайықбаев еді. Жайықбаев Гиматден (Қимаден) 1870 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданының № 2 ауданында дүниеге келген. 1899 жылдан 1916 жылға дейін ауыл кеңесі хатшысы болып жұмыс атқарған. Ол кезде болыс деп аталған көрінеді. 1916 жылғы Ұлт – азаттық көтерілісте Амангелді Имановтың сарбазы ретінде әрі «қазақ жастарын соғысқа берміз» деген ұранмен ақ патшаның бұйрығына қарсылык көрсеткендердің бірі болды. Ахмет Байтұрсыновтың құрдасы. Ахмет Байтұрсынов Әулиекөл арқылы жүргенде, құрдасы Қимаденге соқпай кетпейтін көрінеді.Жайықбаев Қимаден ол кезде, яғни 1921 жылдан 1929 жылға дейін Аманқарағай болысында (Семиозер ауданы) болыс болған. 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісінен кейін, өкімет 1929 жылы қазақтың бар малын сыпырып алып, колхоздандырмақшы болады. Соның кесірінен қаншама қазақ қырылып қалды. Кеңес өкіметіне қарсы Батпаққарада көтеріліс болып, соған қатысқан Қимаден ОГПУ-дың қолына түсіп, абақтыға жабылып, 1930 жылы босап шығады. Сол жылдан бастап оның өмірі «Ақбас» колхозында жұмысшы болудан жалғасты, бірақ басынан өте қиын кезеңдерді өткерді.Сол қиын жылдары жалған жаланың құрбаны болған Жайықбаев Қимаден сияқты батырларымыздың есімі ұрпақ жадында мәңгіге сақталуы тиіс.Мен тек 1916 жылғы көтерілістің бір бөлігін ғана атап өттім. Қазақ халқының азаттық жолындағы өткерген кезеңдерін тізіп шығу мүмкін емес. Тәуелсіздік үшін сан ұрпақ алысты, арпалысты[5].

Тәуелсіздік жолы – ұзақ жол, ғасырлық жол ол ата бабаларымыздың жолы, ерлік жолы. Жат қолында сұлтан болғанша өз елінде ұлтан болуды қалаған қазақ өр халық екендігін, басқаны сыйлай білсе, өзінде солай сыйлата алатын халық екендігін танытты.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Жауды шаптым ту байлап» Манаш Қозыбаев, 1994жыл

2.«Торғай» газеті, Шөптібай Байділдиннің мақаласы

3.«Қостанай таңы» газеті, 4 қазан 2016 жыл

4.«Қостанай таңы» газеті, 19 шілде 2016 жыл

5.«Қостанай таңы» газеті, 29 маусым 2016 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *