Адамды ізгілікке тәрбиелейтін-адамгершілік қасиеттер.


Сейдазым Әйгерім Асқарқызы
Арқалық қаласы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің Бм-31 тобының оқушысы
Жетекшісі: педагогика психология пәнінің оқытушысы Издибаева Дариға Муратовна

       Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз – өзін сыйламайды. Оқушыларды рухани – адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік – рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата – ана үлгісі» – деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл  атқарады. Рухани – адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет – дарынының ашыла түсуіне, ақыл – парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім – тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз.
Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік — адамның рухани арқауы. Адам баласы жалғыздықта өмір сүре алмайды.Әрдайым арқа сүйейтін адамға мұқтаж болады. Заман ағымына қарай адамдық құндылықтар да қасиеттер де өзгеріп бара жатыр. Әрбір адам өзінің жағдайын ғана ойлайды. Сол сияқты бізді ата анамыз асырайды,оқытады,тоқытады, біз үшін бәрін беруге дайын. Ал соны бағаламайтын жандар қаншама. Қартайған шағында кез келген ата ана көмекке зәру болады. Өз құрсағынан шыққан сәбиден әрине жақсылық күтеді. Бірақ керісінше жасы жеткенімен ата анаға масыл болып отырған адамдар қаншама. Сондықтан да біздің ең жақын адамдарымызды бағалайық. Бұл дүниеде адам өзінің пенделік қасиеттерімен күресе жүріп өзінің адамдық қасиеттерін шыңдап, өзінің пендешіліктерін, басқаша айтқанда өзінің «тозағын» жеңіп шығуы қажет. Өйткені, оның бұл дүниедегі бар қайғы-қасіреті оның осы пендешіліктерінен туындайды. Соған орай оның бұл дүниедегі бақыты мен ақіреттегі бақыты да оның өз пендешіліктерін қаншалықты жеңе алғанына байланысты.Профессор М.Ғабдуллин өзінің “Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес” еңбегінде “Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды. Тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді” дейді. Адамгерішілік тәрбиесінің теориялық мәселелері Әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан. Әл-Фараби “Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады” деген.

Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз. Келешек ұрпағымыз саналы, көзі ашық, бастысы тәрбиесі мен адамгершілігі мол азамат болсын! Себебі, болашақ бүгінгі жастардың қолында!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *