Жеке тұлғаның әлеуметтенуі

Жомартова Сайраш Тусупхановна
преподаватель обществознания Алматинского колледжа новых технологий

Әлеуметтену — жеке адамның қалыптасуы. Кез  келген адамдүниеге  келе  салысмен міндетті түрде  белгілі бір қоғамның (мемлекеттің,ұлттың,этностың т.б.) мүшесі болғандықтан ол сол өз қоғамына сай қалыптасады. Қалыптасу  процесіне  отбасындағы қалыптасқан үрдістен бастап қоғамдағы қалыптасқан ережелер мен заңдылықтар әсер  етеді. Әлеуметтену — қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Адам адам болып туылмайды, қалыптасады. Адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи нышандардың негізінде жүзеге асады: мұнда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар , мәдени құндылықтарды меңгеру, мектеп пен семьяда тәрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты факторлар шешуші роль атқарады. Адамның бұл қалыптасу процесі ғылымды яғни нақты социология ғылымында әлеуметтендіру деп аталады.  Қазіргі  қоғамда адамның әлеуметтенуіне немесе  ол процестің кей  кездері  шиеленісуге  ұшырауына ақпараттың  көптігі  және  ашықтығы.  Адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады.  Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа  ұрпақ  өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда  “жеке адамның әлеуметтенуі”  деп атайды.  Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге  бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке  адамның әлеуметтік  ортамен өзара әрекеттесу  процесі, оның барысында,  бір жағынан — адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру,  мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді.  Адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның  тең құқылы мүшесіне айналады. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады. өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. Ол жеке тұлғаның жағдайын жан-жақты, әрі жинақтай бейнелейтін сипаттамаларды: мамандығын, кәсіби білігін, атқарып жүрген жұмыстарының сипатын, лауазымын, материалдық әл-ахуалын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа мүшелілігін, іскерлік байланыстарын, туыстық тарамдарын т.б. қамтиды.

Тұлғаның әлеуметтенуі индивидуалды дәрежеде бірнеше үрдістен тұрады: 1 Адамдардың тұлғалықтары өзара әсерлесу арқылы қалыптасады. Бірақ олардың өзара әсерлесу мінездемесі жас, интеллектуалды дәреже, жыныс тағы сол сияқты факторларға өз әсерін тигізді. 2 Қоршаған орта да баланың тұлға болып дамуына септігін тигізеді. 3 Тұлғалық жеке бас индивидуалды тәжірибе арқылы қалыптасады. 4 Тұлғаның құрылуына әсер ететін аспект болып мәдениет саналады. Негізгі әлеуметтену феномендеріне мінез-құлық стереотиптерін игеру, істегі әлеуметтік нормаларды игеру, дәстүр – қызығушылықтарды, құндылықтарды, бағыттарды т.с.с. игеру жатқызылады. Ал әлеуметтенудің негізгі институттары ретінде: жанұя, мектептік мекемелер, формалды емес ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, еңбек ұжымдары т.с.с. есептелінеді . Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуында әсер ететін қарым-қатынас, таным, еңбек деп қарастырылатындықтан әлеуметтену тұлға дамуының үрдісі ретіндегі үш негізгі негізгі аймақтың ортақ мінездемесі болып индивидтің сыртқы ортамен әлеуметтік байланысын кеңейту болып табылады. Мұнда үш негізгі маңызды үрдіс өтіледі. Біріншіден. бұл әр іс-әрекет түрінде болатын және оның түрлері арасындағы байланыс жүйесінде бағдар болады. Ол әр тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектісін анықтауы, игеруі болып табылады. Осындай бағдардың жемісі ретінде іс-әрекетті тұлғалық таңдау деп атауға болады. Оның негізінде екінші үрдіс туындайды, яғни – негізгі таңдалған іс-әрекет төңірегінде орталықтану және басқаларды оған бағынышты ету. Үшіншіден, іс-әрекетті жүзеге асыру барысында тұлға жаңа рольдерді игеріп, олардың мәнділігін игереді.

Қорыта айтқанда тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына әлеуметтенудің ықпалы зор, тұлға болып дамыған тіршілік иесін әлеуметтенусіз елестету мүмкін емес.

Жеке тұлғаның әлеуметтенуі: 1 комментарий

  • 17.04.2019 в 13:25
    Permalink

    👍☝

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.