«ЗЕРДЕ» интеллектуалды ойыны.


Орынбекова Бакыт Болатовна
КМҚК «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: Интеллектуалды ойын арқылы балалардың  ой-өрістерін кеңейтіп, бес сала бойынша жыл бойғы білімдерін қайталату.

Міндеттері: Білімділік. Балалардың  Білім беру саласының бірнеше бөлімдері бойынша тапсырмалар мен түрлі сұрақтарға жауап алу арқылы білуге деген құштарлықтарын арттыру, үш тілді меңгеру қабілеттерін тереңдете түсу. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық.  Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік.  Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істей білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

 

Балалар әуенмен залға кіреді. Зал ойын ережесіне сай безендірілген. Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі болатын «ЗЕРДЕ» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңдер. Бүгін біздің ойынымызды тамашалауға қаншама қонақтар келіп отыр екен. Қане олармен амандасып алайық.

(Қонақтармен амандасады, шаттық шеңберін жасайды)

Шаттық шеңбері:

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды

Барлық істі басқарған.

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

Қайырлы таң апайлар,

Қайырлы таң қонақтар.

( 3 тілде амандасады)

Балалар 3 топқа бөлініп отырады. Алдарында ойынға арналған құралдар бар.

Осы кезде Білім магистрі келеді.

Тәрбиеші: Хош келдіңіз, Білім магистрі. Бүгін бізде Интеллектуалды ойын болайын деп жатыр. Балалармен осы ойынды бірге жүргізсек қайтеді.

Білім магистрі: Білемін, білемін. Мен де осы балабақшада «ЗЕРДЕ» атты ойын болайын деп жатқанын естіп арнайы келдім. Балалардың білімін тексеріп көргім келеді. Маған да бұл ойын өте ұнайды.

Тәрбиеші: Олай болса бастайық. Мен алдымен шартымен таныстырып өтейін. Міне балалар 3 топқа бөлініп дайын отыр. Қазір олар өз топтарымен таныстырып кетеді.

1.     «Жалын» тобы

Жалындап жайнаймыз

Жарыстан қалмаймыз.

2.     «Алау» тобы

Алаулаймыз, жанамыз

Бірінші орынды аламыз.

3.     «Сұңқар» тобы

Сұңқардай самғаймыз

Жеңуден жалықпаймыз.

Олардың алдарында белгілері  бар. Қойылған сұрақтың жауабы дайын болған кезде оны көтеріп белгі береді де, жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа жұлдызшалар беріліп отырады. Ол жұлдызшаларды беріп, жеңген топты анықтайтын әділқазылар алқасын сайлап алуымыз керек. Оған бізге үш адам керек.

Олар:  Балабақша әдіскер, психолог, педагог

Ал құрметті ойыншылар алдарыңызда өздеріңіз көріп отырғандай әр сала бойынша ұяшықтар тұр. Қазір әрбір топтың басшылары бір-бірлеп ұяшықтарды таңдайды, ол ұяшықтан шыққан сұрақтарға 3 топтың да ойыншылары жауап береді. Дұрыс жауаптарға жұлдызшалар беріліп отырады.

Ал енді ойынымызды бастайық.

1. «Коммуникация» саласы бойынша «Сауат ашу» бөлімінен тапсырма.

«Берілген әріптеге сөз ойлау» 1 минут ішінде көбірек сөз табу керек.

1. «А» дыбысы

2. «Б» дыбысы

3. «С» дыбысы

 

2.«Таным» саласы бойынша «Математика» бөлімінен тапсырма. Әр топқа үстел үстіне есептер беріледі, балалар жылдам есептерді шығару қажет.

3.«Әлеумет» саласы  бойынша «Көркем әдебиет», «Драма» бөлімінен тапсырма. Теледидардан ертегілерден көріністер көрсетіледі, балалар қандай ертегі екенін табады.

4. «Шығармашылық» саласы бойынша «Ән-күй» бөлімінен тапсырма.

Балаларға жыл мезгілдеріне байланысты  әуендері қойылады, оның қандай мезгіл екенін тауып айту.

Жыл мезгілдеріне байланысты тақпақтар айту.

Көктем, жаз, күз, қыс туралы тақпақтар.

5.«Денсаулық» саласы бойынша көңілді сергіту сәтін жасату. Бұл бөлім бағаланбайды.

 

6. «Коммуникация» саласы бойынша «Кім жылдам?» ойыны. Мұнда балаларға әр түрлі бөлімдер бойынша 1 минут ішінде сұрақтар қойылады. Жылдам жауап берулері тиіс.

І.

1. Төртбұрыштың неше бұрышы бар? – Төрт.

2. Бір аптада неше күн бар? – Жеті.

3. Қазір жылдың қай мезгілі? – Көктем.

4. Көкөністер қайда өседі? – Бақшада.

5. Домалақтың бұрышы бола ма? – Жоқ.

6. Тауық, әтеш, үйрек, қаз қандай құстарға жатады? – Үй  құстары.

7. Қыста қардан не жасаймыз? – Аққала.

8. Үйдің төбесі қандай пішінге ұқсайды? – Үшбұрышқа.

9. Жаңа жылда Аяз ата не береді? – Сыйлық.

10. Қасық, пышақ, кесе, тәрелке, шанышқыны бір сөзбен қалай атаймыз? –

Ыдыстар.

11. «А» дыбысы қандай дыбысқа жатады? – Дауысты.

12. Көктем  мезгілінің айларын ата. – Наурыз, сәуір, мамыр..

13. Ұшақ, тік ұшақ, зымыран қандай көліктерге жатады? – Ұшатын

көліктерге.

14. Бір жылда неше мезгіл бар? – 4 мезгіл бар.

15. Қазақстанның рәміздерін атап бер. – Ту, елтаңба, әнұран.

16.Мұғалім не істейді?- Оқытады.

17. Мұғалім сөзін 3 тілде айтып бер- мұғалім-учитель (тичэ)

ІІ.

1. Доптың пішіні қандай? – Домалақ.

2. Жемістер қайда өседі? – Ағашта.

3. Түлкі, аю, қоян, ата, әже, бауырсақ қай ертегінің кейіпкерлері? –

«Бауырсақ».

4. Бағдаршамның қандай түсінде жолдан өтеміз? – Жасыл.

5. Бір қолда неше саусақ бар? – Бес.

6. Аспанның түсі қандай? – Көк.

7. Дәрігер не істейді? – Емдейді.

8.Дәрігер сөзін 3 тілде айтып бер: Дәрігер- доктор(доктэ)

9. Сопақшаның бұрышы бола ма? – Жоқ.

10. Бағдаршамда неше көз бар? – Үш.

11. Машина, ұшақ, автобус, троллейбусты бір сөзбен қалай атаймыз? –

Көліктер.

12. Біздің балабақшамыз қалай аталады? – Қарлығаш.

13. Суға жылдың қай мезгілінде шомыламыз? – Жазда.

14. «Т» дыбысы қандай дыбысқа жатады? – Дауыссыз.

15. Торғай, қарлығаш, көгершін, бүркіт қандай құстарға жатады? – Дала

құстары.

16. «Балабақша» сөзінде неше буын бар? – 4 буын бар.

17. Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?- Бәйшешек.

ІІІ.

1. Бауырсақтың пішіні қандай? – Домалақ.

2. Ата, әже, әке, ана, баланы жалпы қалай атаймыз? – Отбасы.

3. Үшбұрыштың неше бұрышы бар? – Үш.

4. Жемістер мен көкөністер жылдың қай мезгілінде піседі? – Күзде.

5. Тудың түсі қандай? – Көк.

6. Тауық, қаз, үйрек қандай құстарға жатады? – Үй құстары.

7. Малақай, қолғап, тон қай жыл мезгілінің киімдері? – Қыс мезгілінің.

8. Аспазшы не істейді? – Тамақ  пісіреді.

9.Аспазшы сөзін 3 тілде айтып бер: Аспазшы- повар- (кук)

9. Адамда неше қол бар? – Екі.

10. Бағдаршамның қандай түсінде адамдар жолдан өтеді? – Жасыл.

11. «Аққала» сөзінде неше буын бар? – 3 буын бар.

12. «Өрт сөндірушілер» не істейді? – Өртті сөндіреді.

13. «Ә» дыбысы қандай дыбысқа жатады? – Дауысты дыбыс.

14. Түлкі, қасқыр, аю қандай жануарларға жатады?- Жабайы жануарларға.

15. «Ана» сөзінің орысшасы. – Мама.

16. Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?- сиыр, жылқы, қой, ешкі.

17. Адамда неше көз бар?- Екі.

7. «Таным» саласы бойынша «Қоршаған орта» бөлімінен тапсырма. Теледидардан «Не артық?» ойыны. Мұнда балалар не артық екенін табады, және оның не үшін артық екенін айтады.

 

Әділқазылар алқасы балалардың білімін бағалап, жұлдызшаларын санау арқылы қай топтың жеңгенін анықтап, оларды медалдармен марапаттайды.

Білім магистрі: Жарайсыңдар балалар, сендер өте білімді екенсіңдер. Мен сендерге ризамын!

Тәрбиеші: Балалар, мен де сендерге ризамын! Барлығың да жыл бойғы алған білімдеріңді бүгін көрсете білдіңдер. Рахмет сендерге

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *