Сарыарқа


Габдуллина Гүлсара Әубәкірқызы
М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп – гимназиясының география пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты: Сарыарқа тауының географиялық орны, геологиялық құрылысы мен жер бедері туралы түсінік беру.
Білімділік – Қазақтың ұсақ шоқысының географиялық орнын анықтай алуға, картадан көрсетіп сипаттай білуге, геологиялық құрлысын, ондағы пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын түсіндіру;

Дамытушылық – Өз бетімен білім алу қабілеттілігін дамыту. Оқушылардың тақырыпқа байланысты көзқарастарын, дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелік – Табиғатты аялап, қорғау қажеттілігін көздейтін экологиялық тәрбие беру. Оқушыларды табиғат әсемдігін сезіну мен сүюге баулу негізінде сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: оқыта – үйрету, деңгейлеп, саралап оқыту әдісін қолдану, сұрақ – жауап баяндау.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның физикалық, климаттық картасы, таратпа материалдар.

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: адамгершілік, жомарттық, сабырлық, адалдық

СУ АСТЫ ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ»

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Көктемнің алғашқы күні, тіршіліктің оянған сәті, шуақты күндерің көп болсын деп бір –бірімізге гүл сыйлай отырып, үй тапсырмасы бойынша сұрақ қоямыз.

Сабақтың жоспары:
I кезең – ұйымдастыру
II кезең – үй тапсырмасын тексеру
III кезең – жаңа тақырыпты меңгерту
IV кезең – білім мен икемділікті бекіту
V кезең – үйге тапсырма беру
VI кезең – қорытындылау, бағалау кезеңі

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Үй тапсырмасын тексеру. Тест, географиялық диктант, карточка.
I – нұсқа
1. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының қандай бөлігі енеді?
Д) Оңтүстік шығыс
2. Қарақия ойысы теңіз деңгейінен қанша метр төмен жатыр?
Е) 132
3. Наурызым қорығы қай жазықта орналасқан?
Б) Солтүстік Қазақ жазығында
4. Солтүстік Қазақ жазығының негізгі өзендері?
А) Ертіс, Есіл, Тобыл
5. Қара топырақты зона Қазақстанның аймағында тараған
II – нұсқа
1. Қазақстан аумағының % дала зонасы алып жатыр
В) 29
2. Шөлейт зонасының негізгі топырағы
А) Ашық қара қоңыр
3. Қазақстан аумағының 44%- н алып жатқан табиғат зонасы
D) Шөл
4. Каспий маңы ойпаты осы аймақтың құрамына енеді:
D) Шығыс Еуропа жазығы
5. Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы:
C) Мұнай, газ

Географиялық диктант
1) Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының ……………. …………. бөлігі енеді.
2) Тұран жазығы құрамындағы ………… ………… ғана дала зонасын кесіп өте алады.
3) Солтүстік Қазақ жазығының қазақстандық бөлігі …….. ауданға бөлінеді.
4) Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы ………… мен …….
5) Наурызым қорығы …………. ……………. жазығында орналасқан.
6) Қарақия ойысы …………. жазығында орналасқан

1) Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік шығыс бөлігі енеді.
2) Тұран жазығы құрамындағы Торғай үстірті ғана дала зонасын кесіп өте алады.
3) Солтүстік Қазақ жазығының қазақстандық бөлігі төрт ауданға бөлінеді.
4) Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы мұнай мен газ.
5) Наурызым қорығы Солтүстік Қазақ жазығында орналасқан.
6) Қарақия ойысы Тұран жазығында орналасқан.
Таратпа материалдардың сұрақтары:

1 карточка
а) Каспий маңы ойпатының негізгі байлығын ата?
б) Қарақия ойысы теңіз деңгейінен қанша метр төмен жатыр?
в) Қазақстан аумағы табиғат зоналарында орналасқан
2 карточка
а) Орманды дала зонасында өсетін ағаштар?
б) Қара топырақты зона Қазақстанның аймағында тараған?
в) Наурызым қорығы қай жазықта орналасқан?

Жаңа сабақ түсіндіру
Жоспар:
1. Географиялық орны
2. Геологиялық құрылысы, жер бедері

 

Сарыарқа – өзіндік табиғи бітім – болмысымен дараланатын, кесек тарихы, оқшау ерекшелігі бар, уақытпен бірге жаңғырып – жасарған мекеннің бірі. Бұл өте байтақ мекен, бай мекен. Егер Қазақстанның географиялық картасына зер салсақ, оның орта тұсынан мыңдаған шақырымға созылған адырлы аймақты көреміз. Солтүстігінде Батыс – Сібір ойпатынан басталып, оңтүстігінде Тұран ойпатымен, шығысында Сауыр Тарбағатай тауы жүйесімен, батысында Торғай жазығына дейін созылған, алып жонды ертеден – ақ халқымыз Сарыарқа деп атаған. Батыстан шығысқа 1200 шақырымға созылып жатыр.
Сарыарқа каледон (батыс жағы) және герцин (шығыс жағы) қатпарлы кезеңінде қалыптасты. Неотектоникалық қозғалыстың сонымен бірге желге мүжілу үдерісі салдарынан Сарыарқаның жер бедерінің осы қазіргі бейнесі қалыптасты. Бұл бөліктегі ең биік тау – Қызыларай, оның ең биік нүктесі Ақсораң (1565м).
Қызыларай тауы Қазақстандағы кен көлемде мекен ететін арқарлардың жері. Одан солтүстікке қарай Қарқаралы тауы, оның ең биік нүктесі Жиренсақал (1403 м).
Қарқаралы территориясында Қарқаралы атты ұлттық саябақ бар.
Мұндағы ірі ойыс – Теңіз Қорғалжың қазаңшұнқыры. Ол Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатыр: Бурабай және Ұлытау (1134м).
Сарыарқа – пайдалы қазбаларға бай өлке. Қарағанды мен Екібастұз көмір өндірудің ірі ошақтары болып табылады. Жезқазған, Қонырат және Саяқ кен орындары мыс, темір, марганец кендеріне бай. Жезқазған, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында ірі металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді. Ақсуда ас тұзы өндіріледі.

Бекіту сұрақтары.
1. Сарыарқаның ең биік тауы? (Қызыларай)
2. Сарыарқа қандай аудандармен шектеседі? (Солт. Қаз. ж., Тұр., Тор., Сауыр)
3. Сарыарқа өлкесі қандай таулардан тұрады? (Қызыларай, Қарқаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау, Ұлытау)
4. Қарқаралы тауының шығу тарихы? (Қарқара қазақ қыздарының бас киім)
5. Сарыарқа өлкесінде қандай пайдалы қазбалар бар? (Тас көмір, мыс, темір, марганец)
6. Сарыарқаның негізгі өзендері? (Есіл, Нұра, Сарысу)
8. Сарыарқада 1968 жылы құрылған қорық? (Қорғалжын)
Үйге тапсырма: Сарыарқа. Пайдалы қазбаларын кескін картаға түсіру.
Қорытындылау.

Бағалау кезеңі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *