Елбасына арнау


Мұғиын Мадина Төлтайқызы
Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің ИЯ-16-9 тобының оқушысы
Жетекшісі: қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Қалкенова Эльмира Ибрагимовна

Жүрегіне құйып ап, Алатаудан таң нұрын,
Айналдырдың шуаққа еркін елдің әр күнін.
Тығырықта тұрғанда топ бастадың түрен сап,
Халқыңменен сабақтас болғаннан соң тағдырың.

Тыныс берді еліңе терең ойлы толғамың,
Аты аңызға айналған ата жолын жалғадың.
Тәуелсіздік қазаққа тәңір сыйы деп біліп,
Орындадың бабалар аңсап күткен арманын.

Рухы биік халықпыз тіл бітірген тасқа да,
Ерлігіңе сүйінді ел, жанарынан жас тама
Ерке Есілдің бойында тұр әнекей жарқырап,
Елдігімнің белгісі ару қала Астана.

Қалам алдым осылай жазайын деп жасын жыр,
Өрлеп кетті Нұр ата өрге қарай тасың дүр.
Ұлан-ғайыр даламды аманаттап ұрпаққа,
Қазағымның мерейін тау суындай тасындыр.
Үлгі-өнеге қалдырып, жол бастадың жаңадан,
Көзін тікті қазаққа барлық әлем, бар адам.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *