Тіл


Хаметқызы Зульфия
Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледждінің ШК-15-9 тобының оқушысы
Жетекшісі: қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Қалкенова Эльмира Ибрагимовна

Бір ой мені мазалайды қаралы,

Орыс тілі жаулап барады сананы.

Болашағым қалай болар екен деп,

Жүрегім де соған менің жаралы.

Еш нәрсеге таласым жоқ, таласым,

Ей, бауырым, қайда кетіп барасың?

Әрбір қазақ өз тілінде сөйлесе,

Жазар едің жүрегімнің жарасын.

Сүтпен келген өз тіліңде сөйлеуге

Шақырамын бар қазақтың баласын.

Ей, бауырым, өз тіліңде сөйлеші,

Билесең де жер мен көктің арасын.

Ұлтты қорғау мынау дархан даламда

Бір-ақ жол бар тілмен қорғап қаласың.

Өз жеріңде, өз тіліңмен сөйлеуге,

Шақырамын бар қазақтың баласын.

Әжем менің неге бүгін налиды

Қазақшаға үйрете алмай сәбиді.

Немересі былдырласа орысша,

Қалай ғана қазақ тілі дамиды.

Ата-бабам бас имеген басқаға,

Өз тілінде өлең жазған тасқа да.

Бүгіннен біз қолға алмасақ тіл жайын

Болашаққа боламыз ғой масқара.

Ана тілім-байлығым да, берекем,

Ана тілім-бақытым да, мерекем.

Бауырларым қазақ тілде сөйлесе,

Айтшы өзің қазақ кімнен кем екен?

Тіл қаруым, тіл қасиет бойдағы

Тілім жаным тіл құдірет ойдағы.

Тілім барда мен де бармын жаһанда

Көп қиянат жасалды оны жойғалы.

Қанша саған жасалса да қиянат,

Сен ешқашан ана тілім сүрінбе.

Елім аман, жерім аман тұрғанда,

Қазақ тілім, ана тілім мәңгілік!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *