Жаңажылдық мерекелік кештің сценариі


Айымбекова Гүланр Мәжитханқызы
Қосымша білім беру педагогы
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығы

Жаңажылдық мерекелік кештің

сценариі

 

Қатысушылар:

Аяз ата, Қарша қыз,  мыстан кемпір, қасқыр, күшік, балапан,

торайлар, түлкі, Алдар көсе, тышқан, шырша, Жын, Алладин,

Шахризада, сұлтан.

 

Қойылатын ертегілер:

1.      Алдар көсе.

2.      «Жасыл шырша»

3.       «Мың бір түн». Шахризада мен сұлтан.

4.       «Жыл он екі ай»

5.       «Алладиннің шамы»

 

1 жүргізуші:

Амансыңдар ма, ата салтын сақтаған, баба үмітін ақтаған, ер мінезін екшеген, елдігінен кетпеген, кеңдігімен кеуделі, келешегі сәулелі, ақ көңілді, мол мейірлі ағалар мен апалар!

 

2 жүргізуші:

Добрый день, дорогие ребята, уважаемые гости нашего праздника! Добро пожаловать на  наш  сегодняшний праздничный вечер!

 

2 жүргізуші:

Саламатсыңдар ма, әр үйдің еркесі мен «серкесі», еліміздің болашағы, егемендіктің тәтті дәмін татып өсіп келе жатқан балақандар мен ботақандар.  «Доңыз» жылы сіздерге ырысты да берекелі болсын, жақсылық  атаулы өздеріңе жұғысты болсын.

 

1 жүргізуші:

Армысыңдар, ұраны ұлылықты, құраны жылылықты жалпы әлемге паш  еткен жаны жомарт жамағат!

 

2 жүргізуші:

С Новым годом! С Новым годом!

Дорогая детвора!

Праздник радостный, веселый

Начинать пришла пора!

Привет вам, ребятишки,

Девчонки и мальчишки,

Веселые, забавные

Детишки очень славные.

1 жүргізуші:

Селт етіп сезім қалғыған жанды оятпақ,

Керегі сізге тап-таза ниет, ар аппақ.

Бұл дағы, шіркін, өмірдің  жеткен сый-кеші,

Үмітпен ғазиз жылды біз тұрмыз аяқтап.

 

2 жүргізуші:

Көңілдің жанып көгілдір көркем оттары,

Ескіден қалған білінбей кірдің жоқ бары.

Сананы билеп, салтанат құрып, сан тілек,

Жаңа жыл сағаты тұр ғой міне соққалы.

 

2 жүргізуші:

Қадірлі халайық, баршаңызды жаңа 2007 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, біздің ауданымыздың табысы мен ырысын молайтуға күш салып жүрген, бүгінгі жаңа жылдық жасыл шырша кешінің ұйымдастырушы және демеушісі болып отырған ауданымыздың әкімі Нүркенов Бақытжан Балтабекұлына сөз беріледі.

 

Жайды да қанат балдырған менің арманым,

Өнердің көгін бір сәтке ғана барладым.

Бақытжан аға, сізге мен ақ ниетпен

Әсем бір әнмен шашуымды арнадым, –

Ш. Уәлиханов орта мектебінің 2 сынып оқушысы Бағымбай Көркемнің орындауында «Угәй-әй» әні орындалады.

 

1 жүргізуші:

Аппақ дала, аппақ дала,

Ауламызда аққала.

Ортамызда жасыл шырша,

Ән шырқайық айнала.

 

Балалар шыршаны айнала жүреді. «Аппақ, аппақ, жапалақтап …» әні  орындалады.

 

Хор біткен соң қасқыр уілдеп сахнаға кіреді де:

– Қарным ашып кетті, қарным тойып тамақ ішпегеніме бір апта болды, – дейді.

Осы кезде залға күшік, балапан, 3 торай  шармен  ойнап,  әндетіп кіреді:

Өткен жылға ырзамыз,

Өсе түсті бойымыз.

Қандық талай сырға біз,

Шарықтады ойымыз.

 

Жақсы жаңа жыл келді,

Асқар таумен тұлғалас.

Ән айтайық,  би билеп,

Қарап тұрма, аралас.

 

Залға мыстан кемпір ысқырып ұшып келеді:

Қатыгездік қанымда,

Қылмыскерлер жанымда,

Қуаныш, тойға жол бермеймін

Күш-қуатым барында.

 

«Әлі келмес әлек», – демеңдер,

Көк аспанды жерге түсіремін,

Жердің күл паршасын шығарамын.

 

Шыршаны бір айналып шыққан соң:

-Мына жерде не болып жатыр, мені неге шақырмайсыңдар, а ? Әп пәлем, ақыры мені қоспайды екенсіңдер, ендеше мен сендерге көрсетейін.                    Не істесем екен?!

Мыстан кемпір шыршаны айнала бере қасқырмен соғысып қалады. Қасқыр оны итеріп жібереді де:

-Жолдан тұршы, ей мыстан! Өзімнің қарным ашып, мазам болмай тұр.

– Қасеке, ашулысың ғой. Мен де ашуланып тұрмын. Көрдің бе? Мына жұрт бізсіз кешке жиналыпты. Қарның ашып тұрса, мен осында келе жатып семіз торайларды көрдім. Оларды алдап торға түсірейік те жеп алайық. Келе жатқан доңыз жылы екенін білесің, ал біз оларды жеп қойсақ жаңа жыл болмайды. Мына жұрт тарайды, ешқандай мереке болмайды.

Қасқыр мен мыстан қуанып, қапты алады да, шыршаны айналып жүріп, торайларды ұстап алып үлкен қапқа салады.

Күшік пен балапан:

–          Балалар! Көмекке Аяз атаны шақырайық

–          Аяз ата келіңіз!  Аяз ата келіңіз! Аяз ата келіңіз!

Қасқыр:

–           Мыстан, мен мына жақты , сен ана жақты қара. Аяз ата келе жатқан жоқ па екен. Егер ол  жоқ болса торайларды жылдам үйге әкетіп, пісіріп жеп алайық.

Екеуі Аяз атаны қарауға кеткенде, түлкі шығады:

–          Керемет, қандай ғажап десеңші мына жер. (Таңғалып жүріп қапқа соқтығысады да оны иіскелейді) – Мынау не болды екен? Балалар, мұнда не бар? Шынымен-ақ бұл қаптың ішінде торайлар бар екен ғой. Бұл екеуінің  ойлары түсінікті болды, мен бұларды қатырайын. (Қапты ауыстырып қояды. Ортаға мыстан мен қасқыр келеді.

Қапты көтерейін десе қап жеңіл, дереу қапты ашып қарайды – ішінде торайлар жоқ. Алданғанын біле сала, ойбайлайды, екеуі жанжалдасып қалады)

Осы кезде балапан мен күшік Аяз ата мен Қарша қызды ілестіріп залға кіреді.

Аяз ата:

–          Ау, амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

 

Асулармен алысқан,

Асау жырмен жарысқан,

Аталарың сендерге

Асығып келді алыстан.

 

–          Балалар, мені жаңа жылды алып келеді деп көптеген халық күтіп отыр, сендерге жылды алып келу үшін кішкентай торайларды тауып алуымыз керек. Сендер маған көмектесіңдер, өнерлеріңді жақсылап көрсетсеңдер торайларды тез табамыз.

 

Қасымда бар ақшақарлар,

Олар ренжіп қалмасын.

Бүлдіршіндер, сендерге

Әсем биін арнасын.

«Ақшақарлар» биі.

–          Ал ендеше менің кішкентай достарым, торайларды бірге іздейік! (Алдар көсеге жолығады)

 

Алдар көсе әндетіп шығады:

–          Мен Алдармын, Алдармын,

Сақалым болса талдармын.

Айтар сөзге іркілмей,

Сайтанды  да алдармын.

Мен шешенмін, шешенмін,

Сондықтан да көсемін.

Нарық мына заманда

Бай болып шығу есебім.

 

Аяз ата:

– Алдаржан, сенің ақылды екеніңді мына жұрт біледі. Бізге торайларды табуға көмектесші. Сен туралы ертегілер көп екенін біз білеміз. Біздің торайларымыз сол сенің ертегілеріңнің ішінде кездескен жоқ па?

–          Аяз ата, мен білгенімді айтайын, бірақ мына балалар менің көңілімді көтерсінші (Балалар өз өнерлерін көрсетеді).

1.      _______________________________________

2.      _______________________________________

3.      _______________________________________

4.      _______________________________________

5.      _______________________________________

6.      _______________________________________

7.      _______________________________________

8.      _______________________________________

9.      _______________________________________

10.  _______________________________________

 

–           Рақмет, ал  торайларды «Шырша» ертегісінен көрдім. Сол жақтан іздеп көріңіздерші, мүмкін сол жақтан табылар.

 

Музыка ойнап тұрады. Ортада шырша жайқалып тұрады, оған  Аяз ата, Қарша қыз және балалар өз сұрақтарын кояды:

–          Шырша, шырша, сенің ертегілеріңнің ішінде торайлар бар ма?

Шырша:

–          Мені әдемелеп безендірсеңдер, маған арнап жақсы ән, тақпақ айтып берсеңдер,  айтамын!

1 жүргізуші:

– Балалар! Ендеше шыршаның көңілін табу үшін «Шырша безендіру» ойынын ойнайық. (Ойынның шартын түсіндіреді. Безендіріп болған соң, бәрі бірігіп «Шырша» жырын айтады. Балалар өз өнерлерін көрсетеді.)

1. ________________________________________________

2. ________________________________________________

3.________________________________________________

4.________________________________________________

5_________________________________________________

6_________________________________________________

7_________________________________________________

8_________________________________________________

__________________________________________________

 

Ойын біткен соң барлық бала дауыстап:

– «Шырша, жарқыра», – деп айтады. Балалар ән, тақпақ айтып, үлкен шыршаның шамдарын жағады.

–          Рахмет, балалар! Мен сендердің торайларыңды көрген жоқпын, бірақ олар «Мың бір түн» ертегісінде деп естідім, сонда барып көріңдерші.

–          Жарайды, – деп кейіпкерлер жолға шығады.

 

Шыршаны бір айналып шығып, Аяз ата, Қарша қыз және балалар «Мың бір түн» ертегісіне келеді. Олар кілемнің үстінде жатқан сұлтан  мен оның қасында  отырған Шахризаданы көреді.

Аяз ата:

–          Оу, құдіретті әміршім! Сіздің патшалығыңызда біздің кішкентай торайларымыз бар ма екен?

Сұлтан:

–          Менің  шығыс биін ұнататынымды білесіңдер ғой, маған әдемі бір би билеп берсеңдер, айтамын.

(Шығыс биі биленеді)

–          Рақмет,  балалар, өнерлеріңе ризамын. Мен сендердің торайларыңды көрген жоқпын. Бірақ, менің  уәзірлерімнен естуімше, оларды  «Жыл он екі ай»  ертегісінен көріпті. Сонда барып көріңдерші, мүмкін жолығып қалар.

 

Осы жерде тышқан шиқылдап жүгіріп келеді.

Аяз ата:

– Ау, тышқан, неге тыным  таппай жүрсің?

–          Мен тағы да жыл басы болғым келеді. Менің жылым торайлардан кейін емес пе? Ал  торайларды ұрлап кетті деп естідім.  Сондықтан биылғы жыл басы мен болуым керек.

Аяз ата:

–          Тышқан-ау, мұның дұрыс болмады. Мына балалардан ұят болды ғой.

–          Онда біз бір ойын ойнайық! Егер  мені балалар ұстап алса, мен өз кезегімді күте тұрамын,  ал ұстай алмаса, өз обалдарың өздеріңе!

«Мысық-тышқан» ойыны және көзді байлап «Жасырынбақ» ойыны  ойналады.  (Жүргізуші балаларды ойындардың шарттарымен таныстырады)

 

Ойын біткен соң сахнаға үш оқушы шығады, қолдарында хат:

–          Алақай! Алақай! Мен хат тауып алдым. Ой, маған емес екен, хат тасушы қателесіпті, хат Бақытжан Балтабекұлына екен. (Қасына барып, хатты оқып береді)  Екінші бала қолындағы хатты Жұмакүл Оңғарбайқызына, ал  үшінші  хатты барлық балаларға оқиды.

Күшік пен балапан:

–          Аяз ата! Біз шаршап кеттік. Келесі ертегіге поезбен барайықшы?!

Осы жерде «Поезд» ойыны ойналады. (Ойын шартымен балаларды  жүргізуші таныстырып кетеді)

 

Сахнаға Алладин шығады.

Аяз ата:

– Бұл қай ертегі екен, балалар? Айналайын, Алладин! Сен біздің кішкентай торайларды көрдің бе?

– Көргенім  жоқ. Бірақ мен өз Жынымнан сұрап көрейін. Ол білетін шығар.

Алладин сиқырлы шамын сүртіп қалып, Жынды шақырады.

 

Жын:

–          Мені шақырдыңыз ба, әміршім?

–          Сенің қолыңнан барлығы келеді ғой, бізге кішкентай торайларды тауып беруге көмектесші.

–          Көріп тұрмын. Олар аман-есен. Өздері сондай көңілді. Олар жай келе жатқан жоқ, сендерге көптеген сыйлықтар әкеле жатыр, сонымен қоса жаңа жылға үлкен, дәмді тәтті нан әкеле жатыр.

 

Осы жерде залдың шамдары бір сәт өшіріліп, торайлар ортаға үлкен тортты алып кіреді.  Оларды барлық кейіпкерлер қуана қол соғып қарсы алады.

 

1 жүргізуші:

Қызықты барлық ойға алып,

Жаңа жыл жатыр тойланып.

Қанекей, әсем шыршаны,

Ән салайық, айналып.

 

Барлық бала қосылып «Кел, Жаңа Жыл» әнін шырқайды.

 

2 жүргізуші:

– Балалар! Өздеріңе осындай тамаша мереке, керемет жаңа жылдық шашу сыйлық жолдаған ағамызға алғысымызды білдірейік. Сыйлық тапсыру рәсімін  ауданымыздың әкімі Нүркенов Бақытжан Балтабекұлына берейік.

 

Барлығы хормен :

– Рахмет!

Аяз ата:

–          Бәрекелді! Ал, балалар, қош болыңдар! Көріскенше сау-саламат болыңдар! Келесі жылы кездескенше аман-сау болыңыздар!

1 жүргізуші:

– Балалар, осымен мерекелік кешіміз аяқталды. Барлықтарыңызды мерекелік дастарханға шақырамыз!

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *