«Тілім менің тұғырым» атты интеллектуалды ойын


Шайдильдаев Еркин Нургазыиевич
Қосымша білім беру педагогы
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығы

Мақсаты: 1. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен қазақ халқының мәдениеті мен тарихынан білімінің, ой-өрісінің тереңдігін байқау;

  1. Оқушының ғылыми ойын, логикалық, теориялық ойлауын жетілдіру.Қысқа да нұсқа сөйлеуге машықтандыру;
  2. Оқушы бойында мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсінуін, туған елдің мәдени-рухани байлығына деген азаматтық борыш сезімін қалыптастыру.

 

Ойынның барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Кіріспе:

-Белсенді әрі беделді

Ақыл-ойы кемелді

Бұл шәкірттер ақылды

Жинаған бар білімді-дей келе ,бүгінгі «Жүзден жүйрік» и.о.бастауға рұқсат етіңіздер. Осы ойынға қатысатын сайыскерлермен таныстырып өтейін:

№ 1

№ 2

№ 3

№ 4

№ 5

-Ендеше мен сіздерді қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.

2.

3.

4.

5.

-Ойын 7 кезеңнен тұрады:

  1. «Бәйге»
  2. «Сөз білгірі»
  3. « Тіл және әдебиет»
  4. «Жеті қазына»
  5. «Мен білсем»
  6. «Асыл ой»
  7. «Жорға».

 

-Ал ендеше ойынды бастаймыз.

 

 

 

І «Бәйге»

  • «Өлең сөздің патшасы…» Жалғастырыңыз,кімнің өлеңі?(Абай)
  • Құралай көрсе ,көзге атқан…

Не туралы өлең ?(Мергеншілік)

  • «Ақан сері-Ақтоқты»трагедиясының авторы? (Ғ.Мүсірепов)
  • Үш бәйтерек…(Сәкен,Ілияс,Бейімбет)
  • «Ай мүйізі шақпақтай,

Шүйделері тоқпақтай…»Қай мал? (Қошқар)

  • Ы.Алтынсариннің табиғат туралы өлеңі? (Өзен,жаз)
  • Жар-жар қандай жағдайда айтылады?
  • Аңшылық туралы өлеңдер қай жырда айтылады?

(Тұрмыс-салт)

  • 5 қару не? (Садақ,мылтық,найза,қылыш, айбалта)
  • Көксеректі асырап алған бала? Құрмаш
  • Өмір мектебі романы? С. Мұқанов
  • Жазба әдебиетінің негізін қалаушы? А.Құнанбаев
  • Жамбылдың пірі? Сүйінбай
  • Шоқанның туған жері? Қостана

ІІ «Сөз білгірі»

1)Дүниеде жақсының аты

Ғалымның несі өлмейді? Хат, письмо,…

2) Шебердің қолы,

Шешеннің несі ортақ? Сөз,слово,…

3) Сұрасаң руымды Қаракесек

Досымнан дұшпаным көп , қылған …? Өсек, сплетни,…

4) Ерлік білекте емес, неде? Жүректе, сердце,..

ІІІ «Тіл мен әдебиет»

1) Қазақ әдебиеті.

Қарынсау, қара тегештей,

Қара қоңыр саптыаяқ…Кімнің өлеңі? І.Жансүгіров  «Саптыаяқ»

2) Қ.ә.

«Өмірінде не кездеспейді?Әсіресе Айша мен Бірмағанбеттің басынан кешірмегені бар ма?Кімнің шығармасы?Б.Майлин «Қара шелек»

3) Қазақ тілі.

Лексика нені зерттейді?Сөз мағынасын

4) Қ.т.

Сабақтас құрмаластың басты белгілері? Алдыңғы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, 2-не бағына байланысады.

 

 

ІҮ «Жеті қазына»

1) Ауыз әдебиеті. Наурыз кезінде айтылатын өлең? Наурыз  жыры.

2) 21 ғасыр әдеб.М.Өтемісұлы қай жылы дүниеге келді?1804 ж.

3) 21 ғ.ә. Ақын өлімі туралы аңыз? Қ.Аманжолов.

4) Фонетика. Мына тіркесте қай ықпал бар? Күз жақын. Кейінді ықпал.

5) Морфология. Есімдіктің қай түрі? «Қайсыбіреу» (Белгісіздік)

6) Синтаксис. «Бүгін хабарласты» Пысықтауыштың қай түрі? (Мезгіл)

7) «Иткөйлек» деген не?

8) Көрермен сұрағы .

«Мойнына бұршақ салу» мағынасы не?

9) Сексек ата ?

10) 7 қазына дегеніміз не ?

Ү  «Мен білсем…» Су, тұз, нан ,құран, сағат. Бұл заттар нені білдіреді? (Ораза)

ҮІ «Асыл ой» Тақтада нақыл сөз, жұмбақ мақал-мәтел. Ойыншылар өз қалауымен таңдап жауабын береді.

  • Нақыл сөз «Аты озып тұр» (Адамзаттың қоғамдағы әлеуметтік жағдайының жақсарғанын көрсетеді).
  • Жұмбақ Буын орнын өзгертсек

Жүз жылға уақыт не десек

Жаңылмайсың жауаптан (ғасыр)

  • Мақал-мәтел «Бұлақ көрсең,…» жалғасын тап (көзін аш)

ҮІІ «Жорға»

Бұл бөлімде сұрақтарға дұрыс, әрі жылдам жауап беру керек. Сұрақтар әртүрлі саладан келеді. Ұпайы аз ойыншы бірінші жауап береді.

  1. Ж. Молдағалиев кім? Ақын
  2. Адамның негізі? Әйел
  3. «Маса» кімдікі? А. Байтұрсынов
  4. Рейхстакқа ту тіккен қазақ? Р. Қошқарбаев
  5. Тұңғыш қазақ академигі? Қ Сатбаев
  6. Абайдың туған жылы? 1845
  7. Ораза кезінде аруақтарға жасалатын құрмет? Пітір
  8. Қыз ұзатылғанда айтылатын жыр? Сыңсу
  9. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? Түркі
  10. «Қыз қуу» не? Ойын
  11. Намаз неше рет оқылады? 5
  12. Шөбересінің алақанынан су ішкен қайда барады? Жұмаққа барады
  13. «Білдірме» дегенді ыммен көрсету. Көз қысу
  14. Анаңның төркіні? Нағашы
  15. Өзін таныстырған қай ақын? Қасым
  16. Біреудің жұмысын ортақтасып атқару? Асар
  17. Көп ұлтты мемлекет? Ресей
  18. Астау неден жасалады? Ағаштан
  19. Жаңа киімге берілетін ақша? Байғазы
  20. Нағашы әжеңнің күйеу баласы? Әкең

Ойынды қорыту.

  1. Әділқазылар алқасына сөз беру
  2. Марапаттау
  3. Жүргізушінің қорытынды сөзі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *