«Ұстаздарым , думан болсын әр күнің!» атты мұғалімдер күніне арналған мерекелік бағдарлама.

Шайдильдаев Еркин Нургазыиевич
Қосымша білім беру педагогы
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығы

«Шашу» бишілер тобының вальсімен ашылады.

 

Илияс: Ассалаумағалейкум, уа, халайық !

 

Эльзат: Қайырлы күн, аяулы ұстаздар!

 

Мақсат: Армысыздар, қазанында қазы-қарта қайнаған ел!

 

Мерейлім: Бармысыздар, бақшасында гүлдей болып жайнаған ел!

 

Илияс: Бүгінгі  ұстаздар  қауымының  төл  мерекесіне  арналған  «Ұстаздарым, думан болсын әр күнің!» атты мерекелік кешке

 

Бірге:  Қош келдіңіздер!

 

Илияс: Шәкірт жанын ұғатын да-ұстаз!

 

Эльзат: Өмір жолын табатын да –ұстаз!

 

Мақсат: Жамандықты жоятын да-ұстаз!

 

Мерейлім: Білім нәрін құятын да –ұстаз!

 

Илияс: Түпсіз терең тұңғиықтың түбегінен шығарып алып, ақ жолды үстейтін де-ұстаз!

 

Эльзат: Ақ жүрегіңнің түбегінен орын алып түспейтін де-ұстаз!

 

Мақсат: Ендеше, осы қадірлі де қымбатты Ұстаздар үшін…

 

Бірге: Ду қол шапалақ!

 

Музыкалық номер: ән ( хабарлаусыз кетеді)  Өнер мектебінен Ерболат «Қаздар қайтқанда»

 

Илияс : Алтын  күздің  алғашқы  мерекелерінің  бірі  ұстаздар  күні!  Бұл  күнді  жыл  сайын  мейірімді  әз  бейнелер  одан  әрі  құлпыртып, қоңыр  күзді  жадыраған  күлкісімен, мейірімді  жүзімен  шуақтандырып  келеді.

 

Эльзат : Иә ,  мұғалімдер  күні  әлемдегі  ең  көрікті  мерекелердің  бірі. Бәріміздің  жадымызда  мәңгі  сақталып,  саналы  ғұмырымыздың  бір  бөлігінде  жол нұсқаушы  болған, жақсылыққа  жетелеп, лебізімен  ұйытқан , жүрегімен  сүйіп, жанарымен  жылытқан  бірден – бір  жан,  ол – Ұстаз.

 

Мақсат:«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» – деп, Абай

атамыз айтқандай, бар шәкірттің көңілінен шығып, оларды өзіне баурап,    бірден үйіріп жету оңай емес.

 

Мерейлім: Сонда да осы қиындықты жеңіп, еңбегінің арқасында елеулі  болған ұстаздар қаншама?!

 

Илияс: Ұстаз – әке, өйткені, ол шәкірттеріне аямай қамқорлық жасайды.

 

Эльзат : Ұстаз – ана, ол шәкірттерін туған анасындай баурап, өмір қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп аялаудан, мәпелеуден жалықпайды.

 

Мақсат: Құрметті қауым!Қазақ басына қандай заман туып жатса да , қазақтың жиын тойы қай кезде де аз болмаған. Ал сондай әр жиын, әр тойдан кейін ауыздан түспей айтылып жүрер, есінде қалар қызығы , айрықша оқиғасы –сол тойда  шырқалар ән мен тыңдаған күйі екендігі анық.

 

Мерейлім:  Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Қаратаев Ильдярдың орындауында Құрманғазының күйі «Адайды» тамашалаңыздар.

 

Илияс:  Аудандағы білім қызметкерлерінің жаңа белестерге шығып,                       кәсіби қызметімен айналысуына жағдай жасауға аудан әкімі үлкен күш – жігер жұмсауда.

 

Эльзат: Тыңдайықшы ағалардың ақылын,

Көрейік тек жанарлардың жарқылын.

Айтылатын ақ тілек бар қауымға

Жақсы лебіз-жарым ырыс жарқыным-дегендей, құттықтау сөз кезегі  Аудан әкімі   Смаилов Марат Райымбекұлына беріледі.

 

Бірге: Құттықтаймыз!

 

Мақсат: Құттықтаймыз , ұстаздар асыл күнімен,

Ұстаз десе, он екі тамыр иіген.

Сіздер үшін қабыл ал, ұстаздарым,

Жанұядан  құралған биші тобын!

-Ортада М.Әуезов атындағы орта мектебінің отбасылық бишілер тобы. «Украин биін» қабыл алыңыздар!

 

Мерейлім: Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.

 

Илияс:  Рас, Елбасымыздың « Адам бойындағы ең асыл қасиеттер – ізгілік пен білімділік дейтін терең мәнді сөз бар. Ал адам жанына осы асылды дарытушы – Мұғалім. Еңдеше Мұғалім күні – өмірдегі орны бөлек, ең ұлық мереке».

 

 

-Мерекелік құттықтау  сөз , аудандық масилхаттың  хатшысы  Шамаев  Берік  Ысқақұлына  беріледі.

 

Мақсат: Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.

еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру  үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі деп М. Жұмабаев атап өткендей, ұстаздықтың даңғыл сара жолын салуға өз үлестерін қосып жүрген ардақты ұстаздарымыздың орны тіпті бөлек.

–         Сол ұстаздардың құрметіне, музыкалық жолдауымен М.Төлебаев атындағы саз мектебінің ұстаздарының орындауында мына бір әсем әнді қабыл алыңыздар! ( «Не законченный роман» әні)

 

Мерейлім: Көңілдің төрінен орын алған кең пейілді, ақ ниетті ұстаздарға арналған мерекелік кешке аудан мектептерінде қызмет етіп жүрген шығармашыл ұстаздар, еңбегімен ерекшеленіп, бала жүрегінен орын алған ардагер, зейнеткер ұстаздар,мектеп директорлары, кәсіподақ ұйымының төрағалары шақырылыпты.

 

Илияс: Иә, ауданымыздың өркендеуіне, жас ұрпақтың ой – санасының, парасат-пайымының қалыптасуына өздерінің өлшеусіз еңбектерін қосып келе жатқан шығармашыл – мұғалімдер және басқа да көптеген шығармашылық бастамамен жұмыс істейтін ұстаздарға алғысымыз шексіз.

 

Эльзат:Шығармашыл ұстаздарды құрметтейік, жыр етейік!

 

Мақсат:«Өнер- таусылмас азық, жұталмас байлық» дейді халық даналығы. Өнер түрлері елде мол, халықпен жасап келеді.

 

Мерейлім: Соның бірі – күй. Күй жанрында халықтың өткендегі өмірі, тұрмыс –тіршілігі, әдет – ғұрып, салт – санасы, дүние танудағы көзқарасы, арман – тілегі тағы басқа толғанады.

–         Ортаға М.Төлебаев атындағы саз мектебінің мұғалімі Әлияның орындауында халық әні «Илигайды» қабыл алыңыздар!

 

Илияс: Осы бір ізгілік мерекесі қарсаңында ұстаздарды қалай марапаттаса да артықшылығы жоқ . Көкірек көзі ояу адамдардың барлығы сіздерді құрмет тұтатыны анық.

 

Эльзат: Қадірменді  ұстаздар! Келесі орындалар би сіздер үшін . Өнер мектебінің мұғалімі Муканова Нұргүлді қарсы алыңыздар.

 

Мақсат:  « Бес күн дәурен өте шығар, ешбір жанға білінбей – ай!» немесе «Аса байлық не керек, ден сау болса болғаны – ай » деп келетін сөздер қаншалықты абсалютты ақиқат болса, сол ақиқаттың жанға жайлы, мамықтай үлпілдеген ән әуені де соншалықты шынайы емес пе?!

 

Мерейлім: Иә, рас. Тал бойына басшылық пен қатар әншілік, домбырашылық, сазгерлік қасиеттер дарыған,дарыны сал – серілік дархандыққа ұласқан Бердіхан, Күздеу, Амандық ағайлардың өнері, шын мәнінде дара.

 

Илияс: Ендеше ортаға осы кісілерді шақырып , өнерлеріне тәнті болсақ.

-«Құлан сазы» фольклорлық ансамбльдің орындауында халық әні «Әридай».

 

Эльзат: Осы орындауда келесі әнді қабыл алыңыздар! (Фольклор)

 

Мақсат: Сен  қалай  ойлайсың Мерейлім, менің  ойымша  кез  келген  адам  мұғалім  бола  алмайды.  Себебі , ұстаздық  өнер- тағылымы  терең  өнер. Ал  өнер  кез- келген  адамға  қона  бермейді.  Олай  болса  шын  ұстаз  болу  үшін  табиғи  дарын  ізгілікті  ізденіс  пен  ерен  еңбек  қажет.

 

Мерейлім: Иә Мақсат  мен  осы  сөзің  дәлелді  бола  түсу  үшін  мына  жыр  шумақтарын  қосайын:

Ұстаз  болу  сезімнің  ақындығы,

Ұстаз болу жүректің батылдығы.

Ұстаз  болу  мінездің  күн  шуағы

Азбайтұғын  адамның  алтындығы – деп  Ғафу  Қайырбеков  ағамыз  жырлағандай  , біздің  ауданымызда  сөзі  маржан, үні  ән  ұстаздар  барп  болғанын  мақтан  етеміз . Әрине  ұстаз  жүгі-  ауыр  жүк. Адамның  жан- дүниесін  түсініп  ренжітпей  қателігін  сездіре  білу  – бұл  нағыз  шеберлік  емес  пе?!

 

Илияс:Ұлттың негізгі тірегі – ана тілі. Тіл киелі дүние. Аналарымыз бесікті тербете отырып, өнерлі бол, бақытты бол  ақ қозым- деп жырлаған.

 

Эльзат: Осы ана тіліміздің асқар биігі, мөлдір маржаны, қасиетті кәусары- өлең. Менің өз тануымша өлең- тілдің соғып тұрған жүрегі, жүріп тұрған қаны.

-Көркем  сөз.   М. Шаханов  «Шың  басындағы  оқиға» , оқитын Қызылшаруа  орта  мектебінің  мұғалімі  Мәжитов  Еркін.

 

Илияс:         Оңай емес ұстаз болу жалғанда,

Ұстаз жүгі, сірә жеңіл болған ба .

Оған керек ақыл-ойың, жігерің,

Оған керек сыршыл мінез, талғамда,-

дей келе, сөз кезегін аудандық білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы Сеитжапаров Еркін Серікханұлы мен білім  қызметкерлерінің Кәсіподақ ұйымының төрайымы Тойбекова Зәуреш Орынқұлқызына беріледі.

 

Эльзат: Құрметті ардагер ұстаздар! Аудандық білім бөлімі мен мен кәсіподақ ұйымы атынан кішкене сыйлығымызды қабыл алыңыздар.

 

Бірге: Құттықтаймыз!

 

 

Мақсат:

Ұстаз жұрты бақыты ғой әлемнің,

Ұстаздықтан бақыт отын көремін.

Мектептердің ұстаздары ғажайып,

Тамсанады сізге қарап өз елің.

Мерейлім:

Ардагер ұстаз, қабыл ал жастар үнін,

Алдыңыздан алғыр шәкірт аттанды мың.

Ақ шаштар кәріліктің белгісі емес,

Ол менің тентектігім, аңқаулығым.

 

–    Ардагер  ұстаздар  үшін…

 

Бірге: Ду қол шапалақ!

 

Мақсат:  Ұстаз деген қасиетті адам бар.
Біле білсең сенің екі анаң бар,
Бірі сенің- туған анаң болса егер
Екінші анаң- ұстаз деген данаң бар.

Мерейлім: Туған анаң болмаса ,ойнап, күлмес ең,

Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең

Ұстаз ана болмаса сен өмірдің
Мәні менен мағынасын білмес ең.

 

Илияс: Құрметті осында отырған ұстаз-аналар, сіздердің құрметтеріңізге  Балалар мен жасөспірімдер орталығының мұғалімі Тілеубаева Эльзаттың отбасылық тобының орындауында Ш.Қалдаяқовтің«Ана туралы жырын»  қабыл алыңыздыр.

 

Мерейлім: Құттықтаймыз, ұстаздар асыл күнімен

Ұстаз десе, он екі тамыр иіген.

Сіздер үшін қабыл ал, ұстаздарым,

Ұстаздардың құралған биші тобын  әсем қазақ биімен!

Қазақ биі «Сұлтан» (хабарлаусыз)

 

Илияс: Жүректі шырақ етіп жандырған кім?

 

Эльзат: Жырымен жан сусынын қандырған кім?

 

Мақсат: Қастерлеп сөз асылын өнерімен

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

 

Бірге: Әрине Ұстаз!

 

Мерейлім: Ерте оянып, ойланып шерлеткен кім?

 

Илияс: Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Эльзат:Құба жон, құлатқан құм, құла қырды

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

 

Бірге: Әрине Ұстаз! Ұстаздар үшін тағы да ду қол шапалақ!

 

Мақсат:

Ұстаздар !Ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар

Ағайын тойларыңа тарту етем,

Арқалы әншімізден сый алыңдар.

-Өнер мектебінің мұғалімі Ембердиев Камшатбектің орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

 

Мақсат: Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді еліміздің кәсіби мерекесі-Ұстаздар күнімен тағы да шын жүректен құттықтаймыз.

 

Мерейлім:

Жаңарған еліміздің кешегісі мен бүгінгісі, ертеңі мен болашағын жарастырып отырған ұстаздық  еңбектеріңіз шексіз. Білім негізін қалауда жақсылықтың бастаушысы бола білетіндіктеріңізді мақтан тұтамыз.

 

Илияс:

Білім саласын өркендетуге сіңірген еңбектеріңізге табыс, сәттілік және қуат, зор денсаулық пен отбасылық амандық, береке-бірлік тілей отырып, «Ұстаздарым ,думан болсын әр күнің!»атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.

 

Бірге: Келесі кездескенше күн жақсы болсын, ұстаздар мерекесі құтты болсын!

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– Апайлар мен ағайлар бізді қызықтыратын мына бір сұрақтарға жауап алсақ па дейміз.Ортаға Құрметті Ұстаз- әже ———–апайды шақырсақ па дейміз

 

СҰРАҚ: Сіз өз балаңызды және немереңізді оқытып, тәрбиелеп отырған әжесіз. Сіз осы немереңіз бенен, шәкіртіңіздің қайсысының сабағына көп көңіл бөлесіз?

 

-Рахмет сізден мерекелік тарту ретінде бір өлең сұрасақ деп едік.

 

– Бізді қызықтыратын сұрағымызды әрі қарай жалғастырсақ: Ортаға Ұстаз- ата ————— ағайды шақырсақ. Мектептегі бар баланың қылығы, мінезі, ерекше қасиеті сізді ренжітеді, қуантады, шаттандырады. Есте кетпес қызықты әңгімелері де болады. Сіз үйде демалғанда шәкірттеріңіз қай қырынан көз алдыңызға елестейді? Ренжіткен сәті ме, әлде қуантқан кезі ме?

 

-Рахмет сізден мерекелік тарту ретінде ән сұрасақ.

-Біз сіздермен тағы да пікірлеспекшіміз. Ұстаз- ана ———– апайды ортаға шығарсақ. СҰРАҚ: Сіздің көп жылдық қызметіңізде есіңізде сақталып қалған шәкіртіңіз бар ма? Рахмет сізден де мерекелік тарту сұраймыз.

 

ОЙЫН: «Кім жылдам?» Ойынның шарты: столдан жұп шақырамыз..Жұптағы 1 ойыншы 2 ойыншыға тапсырманы тез , жылдам ,қатесіз айтуы керек.
1- жұпқа  тапсырма 7 –нің көбейту таблицасын тез жатқа айтуы керек.
2- жұпқа амоним сөздерді айтуы қажет
3- жұпқа ана туралы мақал- мәтел .
4- жұпқа Менделеевтің таблициясы айту керек

 

– Сауалымызды жалғастырсақ, ортаға Ұстаз- аға ———– ағайды шақырсақ.
Сізде кішкене шәкірт болып, мектеп табалдырығын аттадыңыз. Шәкірттік өміріңізден әңгімелеп берсеңіз. Рахмет. Мерекелік тарту ретінде сізден бір ән, би сұраймыз.

 

– Сауалымызды Ұстаз- апа ———— апайды ортаға шақырамыз.Сіз ұстаздық жолды таңдадыңыз.
Ұстаздық – мұғалімдік, бұл- ең қиын, әрі қызқты мамандық. Осы мамандықты таңдау сыры туралы әңгімелеп берсеңіз. Мерекелік тарту ретінде бір ән немесе билеп берсеңіз.
І Ж: Ия, Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға- деп Абай атамыз
жырлағандай,Ұстаз –қасиетті сөз.

Leave a Reply

Your email address will not be published.