10 желтоқсан – Халықаралық адам құқықтары күні бағдарламасы


Аймбеков Алимжан Амангелдіұлы
А.Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылы, А.Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектебі

Жүргізуші:    Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар мен қонақтар және бүгінгі танымды ойынға қатысушылар мен жанкүйерлер!

 

  • Мемлекеттің басты байлығы қашанда ең бірінші оның халқы болып қала бермек. Әсіресе, адамдар құқығы міндетті түрде заңмен қорғалуы тиіс. 10 желтоқсан – Халықаралық адам құқықтары күні деп аталып жүр.

Ой- санасы толысқан азамат өз құқығы мен еркін біледі,  қорғай алады. Ал, жасөспірімдер құқығы ше? Алдын-артын бажайлап қарай бермейтін албырт шақта олардың аңдамай жүріп от басуы болмаса, түрлі қателіктерге ұрынуы мүмкін ғой. Жасы кәмлетке толмағандарға өз құқығын түсіндіріп, осындай оқулықтардың алдын алу мақсатында аудандық білім бөлімі мен балалар мен жасөспірімдер орталығы «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында танымдық ойын өткізбекші.

 

Белсенді әрі беделді,

Ақыл ойы кемелді!

Бұл шәкірттер ақылды,

Жинаған бар білімді –дей келе сөз кезегін осы ойынға қатысқалы отырған үміткерлерге берсек. (Әр оқушы өздерін таныстырып, сүйіп оқитын пәндері, арманы, болашағы туралы айтып өтеді).

 

Жүргізуші: Сендерге артар міндет көп,

Көтер биік намысыңды құрметте.

Ақтай білсең ұстаздардың намысын,

Ең бастысы сендер үшін сол міндет-дей келе бүгінгі ойынды бағалайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

 

  1. Аудандық білім бөлімінің бас маманы Боранбаев Нұрбек Медерұлы
  2. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Тасыбаев Қайрат Байғашұлы
  3. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Баймұратова Айнұр Манапбекқызы
  4. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Стыбаев Арман Мұратханулы
  5. Балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының орынбасары Жұмағұлов Айдар Болатұлы

 

  • Келесі кезекте ойынның шарттарымен сіздерді таныстырып өтейін.
  1. Блиц сұрақтар
  2. Асыл ой
  3. Жағдаяттан шығу
  4. Егер де мен…

 

  • Ендеше ойынның бірінші кезеңі «Блиц сұрақтарынан» бастаймыз (әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі.)
  • Екінші кезең «Асыл ой» деп аталады. Мұнда тақтаға тізілген ұпай қатары болады, артында сұрақтары бар. Сайыскерлер өз қалауынша таңдап, жауабын береді. Ойлануға 20 секунд.
  1. Жолдасыңның нашақорлыққа бет алғанын аңғардың. Оны теріс жолдан тайдыруды алдыңа мақсат еттің. Сенің іс-әрекетің.

 

  1. Орман халық байлығы. Оның саясында демалғанға не жетсін. Төрт жас өспірім табиғат аясында от жағып, тамақ пісірді. Отты өшіруді ұмытып, ұшқыннан өрт шықты. Мемлекет екі миллион теңгеге шығынға ұшырады. Онымен қоса бір өрт сөндіруші қаза тапты. Кінәлі төрт жас-өспірімді білесің. Сенің іс-әрекетің.

 

 

  1. Қоңырау кезінде ойнап жүріп лақтырған добын мектеп терезесіне тиіп сынып қалды. Ешкім көрген жоқ. Кінәңді өзің барып мойындарма едің?

 

  1. Мектеп өмірінің қызығы да шыжығы да бар. Құрбыңды мұғалімдер кемсітіп бағасын төмендетеді. Әділетсіздікті көре тұра үнсіз қаласың ба?

 

 

  1. Сен бос уақытыңды тиімді пайдаланғың келеді. Спортқа не музыкаға қатысқың келеді. Ал мұғалімнің қосымша сабаққа келуіңді талап етеді. Өз құқығыңды қалай қорғайсың?

 

  1. Өз қатарластарыңның арасында бір-біріне күш көрсету ақша жинау белең алған. Көптеген балалар ата-аналарынан мектепке мұғалімдер ақша сұрап жатыр деп өтірік айтып, топтағы белгілі бір адамға апарып береді. Ол шексіз жалғасып кете бере ма? Қалай тоқтатар едің?

 

  1. Ата-анаң сенің жастығыңа қарамай ауыр жұмыстар тапсырады. Ертеңіне орныңнан әрең тұрасың. Кейде сабаққа да жібермей қояды. Ал сен орта білім алуға құқылысың. Жолдастарыңмен бірге алаңсыз оқығың келеді. Болашаққа құрған жоспарың бар. Сенің іс-әрекетің қандай болмақ.

 

  1. Асығып келе жатып жолды жүгіріп, қиып өттің. Сені қақпауға тырысқан екі көлік бір-бірімен соғысты. Адам қазасы орын алды. Өзіңді кінәлі санайсың ба?

 

  1. Азаматтық құқықты барлық адам пайдалана ала ма?

 

  1. Заң, Конституция деген не?

 

  1. Қазақстан Республикасын кім басқарады?

 

  1. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кімдер шығарады?

 

  • 3 кезең «Жағдаяттан шығу» деп аталады.
  • Орыс халқының ұлы жазушысы Лев Толстой «Арман-жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ» десе, керемет философтардың бірі Л.Шеффер: «Үміті мен арманы көп адам осы сәттің өзінде де келешектің құшағында өмір сүреді»- депті. Олай болса, осы кезеңді пайдалана отырып келешектің құшағында өмір сүрудің тәтті бір сәтін бастан өткізіп көрейік.
  • Ендеше соңғы кезең «Егер де мен…» деп аталады. Әр сайыскерге үш минут уақыт беріледі.

Қортынды. – Құрметті қауым осыменен «Өз құқығыңды білесің бе?» атты танымдық ойынымыз аяқталды. Әр Қазақстанның азаматы өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай білуі қажет екенін білдік

«Бүгінгі білім-ертеңгі байлығымыз». ХХІ ғасыр- білім ғасыры. Ертеңімізге сеніммен қарайтын өз құқығын қорғай алатын азамат болыңдар деген ниетпен сөзімді аяқтағым келеді.

  • Ендеше сөз

кезегін қазылар алқасына береміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *