«Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының ҮІ аудандық фестивалінің бағдарламасы


Ибрагимов Мият Садырович

Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығының

қосымша білім беру педагогы

Мақсат: Ассалаумағалейкум, уа, халайық !

 

Эльзат: Қайырлы күн, қадірменді қонақтар!

 

Мақсат: Бүгінгі    «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары»

 атты педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының ҮІ аудандық фестиваліне

 

Бірге:  Қош келдіңіздер!

 

Мақсат: Кәсіптік одақтар ұйымы-сыншы  әрі ақылшы,

Қоғамда орны ерек, алғашқы көшбасшы.

Тәуелсіз елдің ол-тірегі, тіреуі,

Жалынды жастарға әрдайым жолбасшы.

 

Эльзат: Кәсіптік одақтар ұйымы-іскерлік мектебі,

Баршаға белгілі, өнеге өткені.

Мақсаты-татулық, ынтымақ, жарастық,

Ұйытқан ісіне сан ұлтты, үлкенді, кішіні.

 

Мақсат: Ендеше, адамның мүддесін заңменен әрдайым қорғай

тын, сақтайтын, қолдайтын …

 

 Эльзат: Жанашыр, жақын, сенімді, ұстаздар қауымын ылғи да қуантатын ұйым үшін…

 

Бірге: Ду қол шапалақ!

 

Мақсат:          Асыл-тастан, өнер-жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашанда нанымды .

Сол өнердің жолын қуған

Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары атынан

Қабылдаңыз шын жүректен

Сәлемімізді жалынды.

Эльзат:

Көш бастау қиын емес,

Қонатын жерде су болса

Қол бастау қиын емес

Шабатын жерде жау болса .

Шаршы топта сөз бастау қиын емес

Аталы сөзді ұғатын ел болса-дей келе, білім саласының көркемөнерпаздық шығармашылықпен айналысатын дарынды қызметкерлерін анықтау,кәсіподақ ұйымдарының беделі мен шығармашылық белсенділігін арттыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу  мақсатында өткізгелі отырған фестивальді бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Мақсат: Фетивальді бастамас бұрын,құрметті әділ қазылар  алқасымен таныстырып өтейік:

 

1.Орынбаева Гүлсін Рахымжанқызы- білім және ғылым қызмекерлері Кәсіподағының төрайымы,алқа төрайымы;

 

2.Құрманбекова Сұлушаш Сатбекқызы- облыстық білім басқармасының бастығы, алқаның тең төрайымы;

 

3.Қабиева Айгүл Қабиқызы- ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР мәдениет қайраткері , М. Х. Дулати  атындағы ТарМУ-нің  мәдениет және өнер кафедрасының меңгерушісі , доцент;

 

4.Бимурзаев Есілбек Төребайұлы- ҚР мәдениет қайраткері , М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Мәдениет  және өнер  кафедрасының доценті;

 

5.Нұрақбаев Ринат Даниярұлы- «Асыл Арман»ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Оралхан Бөкей атындағы республикалық көркем сөз  оқу шеберлері сайысының  лауреаты, қосымша білім беру  педагогтарының  республикалық  байқауының 1-ші орын жүлдегері;

 

6.Привалова Ольга Николаевна- ТарМПИ «Хореография» кафедрасының  аға доценті , көптеген республикалық  және халықаралық  байқауларда жүлдегер атанған  би ұжымдарын дайындап  әрі тәрбиелеп жүрген ұстаз, «Томирис» би тобының көркемдік жетекшісі;

 

7.Нарбатыров Камал Қасқырбайұлы- облыстық халық шығармашылығы орталығының әдіскері,  Құрманғазы атындағы  Ұлттық консерватория  түлегі, Кенен Әзірбаев атындағы сыйлықтың иегері;

 

  1. Сатыбалдиева Айгүл Бекенқызы- облыстық мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс шаралар өткізу орталығының вокал студиясының жетекшісі, қосымша білім беру педагогы;
  2. Бекназаров Бейбіт Арманұлы- «Кәсіподақ жаршысы» облыстық газетінің бас редакторы, 2011 жылығы «Көшбасшылар шеруі» республикалық байқауының жеңімпазы;

 

  1. Байзилдаев Дулат Боранбайұлы – Жамбыл облыстық филармониясының ұлт-аспаптар оркестрінің домбырашысы, Н.Тілендиев атындағы 2013 жылғы республикалық байқаудың жүлдегері, «Аймақтар аламаны» тележобасында облысымыздың намысын қорғаған өнерпаз;

 

11.Нұрманалиева Айжан Сержанқызы- Абай атындағы Жамбыл  гуманитарлық колледжінің «Актер және хореография өнері» кафедрасының меңгерушісі, «Шолпан» би ансамблінің , «Ақ кербез» би ұжымының көркемдік жетекшісі;

 

  1. Мағзымбеков Ерұлан Сәбенұлы –білім және қызметкерлерінің кәсіподағы Кеңесінің аппарат жетекшісі;

 

13.Қожамұратова Жанар Сейітқалиқызы- білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Кеңесі аппаратының жетекші маманы.

 

Мақсат: Ендеше, осы қадірлі де қымбатты  қонақтар үшін…

 

Бірге: Ду қол шапалақ!

 

Эльзат:  Аудандағы білім қызметкерлерінің жаңа белестерге шығып,                       кәсіби қызметімен айналысуына жағдай жасауға аудандық білім  қызметкерлерінің  кәсіподақ  ұйымы  үлкен  күш – жігер жұмсауда.

 

Мақсат: Кәсіподақ ұйымдарының  беделі мен шығармашылық белсенділігін арттыруда және кәсіподаққа мүшелікке ынталандыруда  білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымының орны ерекше.

 

Эльзат:

Мереке бүгін, бақ күні

Егеменді елімнің

Желбірейді көк туы

Түсіндей боп көгімнің.

Мақсат:

Бейбіт еңбек сүйерім

Татулық, бірлік, береке,

Шалқыған шаттық күйлерім

Әр күнім  табыс, мереке!

1.Хор

2.Хор

 

Эльзат:

Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды

тарихтың төрінен. Бақыт тапты, шаттық көрді, қош

айтысты, сан ғасырлық шерімен!

 

Мақсат:

Бүгін міне, азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашты,

ел мерейін асырды, егемен ел түрлендірді, нұрландырды

ғасырды!

Эльзат:

Бүгіннің   биігінен көз салып көр еліме,

Бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме.

Қазақстан-бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан!

Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан!

Тәуелсіздік асқарынан барласаң,

Бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан.

3.———————————————————————

 

Мақсат:        Өнерлінің өнерін,

Тағы да байқап көрейік.

Жүйрік аттай желейік,

Өнерге кезек берейік…

4.———————————————————————-

 

Мақсат:  Менің  ойымша  кез  келген  адам  мұғалім  бола  алмайды.  Себебі , ұстаздық  өнер- тағылымы  терең  өнер. Ал  өнер  кез- келген  адамға  қона  бермейді.  Олай  болса  шын  ұстаз  болу  үшін  табиғи  дарын  ізгілікті  ізденіс  пен  ерен  еңбек  қажет.

 

Эльзат: Иә Мақсат,  мен  осы  сөзің  дәлелді  бола  түсу  үшін  мына  жыр  шумақтарын  қосайын:

Ұстаз  болу  сезімнің  ақындығы,

Ұстаз болу жүректің батылдығы.

Ұстаз  болу  мінездің  күн  шуағы

Азбайтұғын  адамның  алтындығы – деп  Ғафу  Қайырбеков  ағамыз  жырлағандай  , біздің  ауданымызда  сөзі  маржан, үні  ән  ұстаздар  бар болғанын  мақтан  етеміз . Әрине  ұстаз  жүгі-  ауыр  жүк. Адамның  жан- дүниесін  түсініп  ренжітпей  қателігін  сездіре  білу  – бұл  нағыз  шеберлік  емес  пе?!

5————————————————————————————–

Мақсат:Ұлттың негізгі тірегі – ана тілі. Тіл киелі дүние. Аналарымыз бесікті тербете отырып, өнерлі бол, бақытты бол  ақ қозым- деп жырлаған.

 

Эльзат: Осы ана тіліміздің асқар биігі, мөлдір маржаны, қасиетті кәусары- өлең. Менің өз тануымша өлең- тілдің соғып тұрған жүрегі, жүріп тұрған қаны.

6.————————————————————————–

 

1-жүргізуші:

Алаулаған отты жыр, бойында аңыз,

Түлеп өстік Жібек Жолы бойында біз.

Ақын-жыршы, күйші мен өнерпаздың,

Әнші-биші барында мойындаңыз.

 

Би?

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік осы бір ғана сөздің ішінде сонау өткен ғасырлардан бергі осы заманымызға дейінгі өшпес тарихтың ізі жатыр.

1-жүргізуші:

                        Тәуелсіздік! Бұл-ХХ ғасырда мәртебемізді марқайтып, әлем алдындағы  абыройымызды асқақтаған, Қазақстан деген байтақ елдің, қазақ деген   қаһарман ұлттың жұмыр жер бетінде бар екенін жария еткен ең басты

тартуы!

2-жүргізуші:

Асыл сөз көп халықта

Үні жүрер құлаққа

Іздеген жетер мұратқа

Ізденуден жалыққан.

 

Оригиналдық жанр ?

1-жүргізуші:

Арулар неткен сымбатты,

Ғажайып нұрға бөленген.

Бүгінгі фестивалға қыздар үн қатты

Мың бұралған  биімен

 

«                      »биі  Орындайтын 

2-жүргізуші:

Ұзақ жылдар бойы қанда, жаста, терде төгілген тәуелсіздік біздің халқымыз үшін аса қымбат. Себебі тәуелсіздік-ата-баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға, әлемдік қауымға ендірді.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік-ата тарихымызды ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз-қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. Азғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шартарап танып үлгерді. Қазақ елі бүгінде еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым елдердің қатарында.

 

Драмалық көрініс   «Тәуелсіздік шежіресі»     ? 

 

 

Мақсат :

Кәсіптік одақтар ұйымы орыны ерекше,

Қоғамда атқарар зор рөл өзгеше.

Міндет ол, мақсат көп, жарқын жол,

Азамат құқығын қорғайды, көп жүкті  көтере.

 

Эльзат :

Жанашыр, ақылшың, сырласың-осы ұйым,

Шешілер сан алуан, сұрақтар ең қиын.

Кеңесші керек сәт туғанда, табылар қасыңнан,

Шешілер күмәнді күдіктер, берілер жауабың.

 

Мақсат: Құрметті қауым!Қазақ басына қандай заман туып жатса да , қазақтың жиын тойы қай кезде де аз болмаған. Ал сондай әр жиын, әр тойдан кейін ауыздан түспей айтылып жүрер, есінде қалар қызығы , айрықша оқиғасы –сол тойда  шырқалар ән мен тыңдаған күйі екендігі анық.

 

Эльзат:   қобыз Әлия?

 

Мақсат: Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.

еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру  үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі деп М. Жұмабаев атап өткендей, ұстаздықтың даңғыл сара жолын салуға өз үлестерін қосып жүрген ардақты ұстаздарымыздың орны тіпті бөлек.

  • Сол ұстаздардың құрметіне, музыкалық жолдауымен М.Төлебаев атындағы саз мектебінің ұстаздарының орындауында мына бір әсем әнді қабыл алыңыздар! ( «Үмітім менің» әні)?

 

Эльзат:

Кәсіптік одақтар ұйымы-елімнің ертеңі,

Нық басып қадамын, қарыштап келеді.

Қоғамда әділдік орнатып ,ту етіп елдікті,

Үкілеп үмітті, сақтайды теңдікті.

 

 Эльзат: Қадірменді  қауым! Келесі орындалар би—————-  Өнер мектебінің мұғалімі Муканова Нұргүлді қарсы алыңыздар.

 

Мақсат:  Кәсіподақ , бастай бер біздерді алға,

Сүйеу болшы көңілі  пәк жүрген жанға.

Дені де сау,жаны да сау азамат боп,

Жетейікші  келешек атар таңға .

Эльзат: Заманыңның  өзің ең бір тұлғасы,

Тебіреніп ел-жұртым жыр толғады.

Кәсіподақ қоғамы-жұмысшылар қорғаны,

Бүгін саған арналар жыр жолдары!

 

Мақсат: Тәуелсіз елдің сенімді  тірегі , тіреуі кім?

 

Эльзат: Патриоты Отанның, ел үшін тер төккен кім?

 

Мақсат: Жалынды жастарға әрдайым жолбасшы кім?

 

Эльзат: Ұйытқан ісіне сан ұлтты, үлкенді, кішіні кім?

 

Бірге: Әрине , Кәсіподақ ұйымы! Кәсіподақ  үшін тағы да ду қол шапалақ! 

 

Мақсат: Жүр бауырым, кәсіподақ сарайына,

Ол-тірегің сүйейтін  сүрінгенде.

Қабағың  түйілгенде…сен күйінгенде…,

Жадыратар жаныңды , КӘСІПОДАҚ үйінде

 

Эльзат:  «Кәсіподақ гимні» . Орындайтын автор.

 

Мақсат:

Ұстаздар !Ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар

Ағайын тойларыңа тарту етем,

Арқалы әншімізден сый алыңдар.

————————- орындауында «Қазақ елі осындай» әнін қабыл алыңыздар.

 

 

Эльзат:

Жаңарған еліміздің кешегісі мен бүгінгісі, ертеңі мен болашағын жарастырып отырған ұстаздық  еңбектеріңіз шексіз. Білім негізін қалауда жақсылықтың бастаушысы бола білетіндіктеріңізді мақтан тұтамыз.

 

Мақсат:

Білім саласын өркендетуге сіңірген еңбектеріңізге табыс, сәттілік және қуат, зор денсаулық пен отбасылық амандық, береке-бірлік тілей отырып,  «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының ҮІ аудандық фестивалі өз мәресіне жетті.

 

 

Бірге: Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *