«Еңбек күніне» арналған концерттік бағдарламаның сценарийі


Ибрагимов Мият Садырович
Қосымша білім беру педагогы
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығы

Ж.: Қайырлы күн, қадірменді еңбеккер қауым!

 

Ж: «Еңбек күніне» арналған «Мамандығым-мақтанышым» атты мерекелік іс-шараға …

 

Бірге: Қош келдіңіздер!

 

Ж:                   Мереке бүгін, бақ күні

Егеменді елімнің

Желбірейді көк туы

Түсіндей боп көгімнің.

Ж:

Бейбіт, еңбек сүйерім

Татулық, бірлік, береке!

Шалқыған шаттық күйлерім,

Әр күнім  табыс, мереке!

Ж:Құрметті қауым сіздер білесіздер, төрт жылдан бері  Елбасының Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып жарияланды.

Ж:Ия, еңбексіз адамзаттың күні қараң. Өйткені адамзат жаралғаннан бергі бір анық ақиқат: ата-анаға, Отанға, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Отбасының амандығы, байқуатты болуы, адал перзенттің тәрбиеленуі еңбекпен тікелей байланысты.

Ж:—————-бүгінгі іс-шараға мұғалім болып, қоғамдық жұмыс атқарған, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдары болып зейнетке шыққан ардақты ұстаздар және еңбек жолын енді бастаған жас мамандар келіп отыр

Ж:Ия, сонымен қатар бүгінгі  кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдары, аудандық білім бөлімінің басшысы Абуталипов Ербол Абақұлыда осында…

 

Ж: Ендеше мерекелік бағдарламаны  бастамас бұрын, келген құрметті қонақтармен таныстырып өтейік:

1)Аршабаева Аманкүл – Қ.Сәтпаев орта мектебі

2)Нұрғасқаева Күмісхан – Аудандық білім бөлімі

3)Саймұратова Сәттігүл – Қ.Сұлтанбеков орта мектебі

4)Досымбеков Сағымбек – Т.Рысқұлов орта мектебі

5)Тулекова Райкүл – Октябрь шаруа орта мектебі

6)Сатова Патшагүл – Абай орта мектебі

7)Сұлтанбекова Зылиха – Ш.Уалиханов орта мектебі

8)Сәлімбаева Күланда – №1мектеп – лицейі

 

Ж:Бүгін еңбек күніне орай еселі еңбек етіп, ел алғысына бөленіп жүрген бір топ азаматқа сый-сияпат көрсетпекшіміз.

 

Ж: Тамаша, сонымен қатар жаңа еңбек жолын бастаған жас мамандарға кәсіподақ билетін салтанатты түрде тапсырмақшымыз…

 

Ж: Еңбек – адам өмірінің мәні. Ешкім де онсыз мұратқа жетіп, биікке шықпайды. Адал термен тапқан нанның да дәмі тәттілеу. «Еңбек ер атандырады» дейді халқымыз. Сондықтан да тіршілікте бағы жа­нып, абыройы асқандардың бар­лығы да қажырлы еңбекпен биікке жеткен адамдар деп айтуға болады.

 

Ж: Олай болса, сіздердің құрметтеріңізге орындалатын әнді қабыл алыңыздар!

 

Ән. Квинтет «Біз біргеміз»

 

Ж:  Сіздер білесіздер аудандағы білім қызметкерлерінің жаңа белестерге шығып,                       кәсіби қызметімен айналысуына жағдай жасауға аудандық білім  бөлімі мен білім қызметкерлерінің  кәсіподақ  ұйымы  үлкен  күш – жігер жұмсауда.

 

Ж: Ендеше сөз кезегі аудандық білім бөлімінің басшысы Абуталипов Ербол Абақұлына беріледі

 

Ж: Кәсіподақ ұйымдарының  беделі мен шығармашылық белсенділігін арттыруда және кәсіподаққа мүшелікке ынталандыруда  білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымының орны ерекше.

 

Ж: Ендеше құттықтау сөз кезегі аудандық кәсіподақтар комитетінің төрайымы Тойбекова Зәуреш Орынқұлқызына беріледі.

 

Ж: Ән трио «Кәсіподақ жаршысы»

 

 

Ж:   Құрметті қауым , еңбек  күні   – барлық еңбек  адамының  төл мерекесі іспеттес. Кәсіподақтар- азаматтық қоғамның айнымас құрамдас бөлігі ретінде еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауды өз қызметінің ең басты міндеті деп танып, мемлекеттіліктің нығаюына нақты үлесін қосып келеді. Ия, кәсіподақтардың күші-бірлігі мен ынтымағында.

 

Ән: «Өнер» мектебі Вокал тобы «Қариялар азайып бара жатыр»

 

Ж: Дәл қазір апайлар мен ағайлар, бізді қызықтыратын мына бір сұрақтарға жауап алсақ па дейміз.Ортаға құрметті ұстаз- әже ——————апайды шақырсақ па дейміз

 

СҰРАҚ: Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?


-Рахмет сізден мерекелік тарту ретінде бір өлең сұрасақ деп едік.

– Бізді қызықтыратын сұрағымызды әрі қарай жалғастырсақ: Ортаға Ұстаз- ата ————— ағайды шақырсақ. Еңбек етуде шығармашылық, шабыт не үшін қажет?

-Рахмет сізден мерекелік тарту ретінде ғибратты  бата сұрасақ.

-Біз сіздермен тағы да пікірлеспекшіміз. Ұстаз- ана ———– апайды ортаға шығарсақ. СҰРАҚ: Еңбек етуде адамның қандай ерекшелігі байқалады?

Рахмет сізге  мерекелік тарту ретінде мына әсем әуенді жолдаймыз
Ән: «Өнер» мектебі фольклор тобы «Туған жер»

 

Ж: Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін,

Мақcатыма жеткізер- уақытыма сенемін,

Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен өнеріме сенемін.

 

Ж: Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дей келе, жас ұрпақтың  жарқын болашағына жұлдызды жол салатын, құзіретті  тұлға, жас маман —   Сіздерсіздер!

Ж:Бүгінде білім – өркениетті елдердің құнды капиталына, сенімді тірегіне айналуда, білім менеджментін дамыту мен үздіксіз білім алуды мақсат еткен, болашақтың құзіретті тұлғасын тәрбиелеудегі зор міндетті жүктеген жас маман — болашақ ұлт ұстазы да – Сіздерсіздер! Сіздерге — Ақ жол!

 

Ж: Құрметті жас мамандар сіздерге ақ жол тілей отыра , қазір сіздерге  кәсіподақ ұйымының билетін салтанатты түрде табыс етпекшіміз. Ортаға:

 

1.Искакова Наргиза – №2 орта мектебі, ағылшын тілі

2.Сағынбекова Ақтолқын – Қ.Сәтпаев орта мектебі ағылшын тілі

3.Өскенбаева Лаура – Ш.Уалиханов орта мектебі, математика пәні

4.Сейсен Ақерке – құлан орта мектебі, ағылшын тілі  пәні

5.Дәкенов Ақжан – №1 мектеп-лицейі, информатика пәні

6.Болатов Сұлтан – Ю.Гагарин негізгі мектебі, дене тәрбиесі пәні

7.Саттарова Гүлсім – Бірлес орта мектебі, орыс тілі мен әдебиет пәні

8.Молдакулова Жанерке – Б.Момышұлы орта мектебі, физика пәні

9.Оңалбек Алуа – Жамбыл орта мектебі, ағылшын тілі

10.Әлімкешова Салима – Қ.Сұлтанбеков орта мектебі, әлеуметтік педагог

11.Тоқтағұлова Алина – Қ.Сұлтанбеков орта мектебі, ағылшын тілі пәні

12.Жұмағұлова Балжан – Т.Рысқұлов орта мектебі, ағылшын тілі пәні

13.Дүйсебаева Айдана – Ақыртөбе орта мектебі

14.Беркінбаев Ерғали – Ақтоған орта мектебі, дене шынықтыру пәні

15.Еспен Аяулым – А.Шынасылов орта мектебі, математика пәні

 шақырамыз.

 

 

Ж: Хан бол, мейлі қара бол,
Дарын бол,мейлі,дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.

Ұстаздар — ұлттың тірегі,
Ұстаздар – елдің  жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі – дей келе, жас мамандардың  ұстаздық еңбек жолына бағыт беріп, сәттілік жолдау үшін құрметті ардагер ұстаздарды ортаға шақырсақ

 

Ж: Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға,

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма,

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған,

Бірге: Бас иіңдер, Ұстаз деген қасиетті жандарға!

 

Ж:   Жарайсың тамаша өлең жолдары екен.———————   тәуелсіз елімізде бүгінгі  күні кәсіподақтар жұмысы  зор маңызға ие болып отыр. Еңбек адамының мүддесі  мен құқығын қорғауда кәсіподақтар мықты күшке айналуда . Елбасы Н.Назарбаев әлеуметтік қатынастарды қалыптастыруға, жұмысшылардың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігін арттыруға, еңбек дауларын реттеуге кәсіподақтардың қатысуына үлкен көңіл бөлу қажеттігін нақты тапсырған болатын.

 

Көркем сөз. М. Төлебаев атындағы балалар саз мектебі. Құлтасова Айдана

«Кәсіподаққа арнау»

 

Ж:     Өршіл мінез ұқтырып,

Қызмет етер тік тұрып,

Жұмысшының өкілі

Танытатын мықтылық.

Керек дәйім адамға,

Мейлі, дала, қалаңда.

Қорғайтұғын құқығын,

Үлкен ұйым қоғамда.

Ж: 

Кәсіподақ қамқоршы есім жаңғырып,

Болашағың мәнділік пен сәнділік.

Баршамызға шаттық , бақыт сыйлашы,

Кәсіподақ жасай берші мәңгілік!

 

Ән: Фольклор «Бірге жүрген күндер-ай»

 

Ж: ——–С. Торайғыров: Ел үшін еңбек етсең, халқын сүймек.

Біз үшін отқа,суға түсіп жүр деп.

Ер өлсе де , еңбегін ел өлтірмес,

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек- деп жырлаған екен…

 

Ж: Ол кісі тағыда:Білім терең теңіз бе,

Білім,еңбек егіз бе?

Рухани азығым –

Осы екеуі деңіз де, –

Дейді атам –білімді

Еңбекпенен сен ізде!- деп жырлаған. Тамаша өлең жолдары емес пе?!

 

Ән «Өнер» мектебі Ембердиев Камшатбек «Ұстазым»

 

Ж: Еңбек адам өмірінің мәні болып қала бермек. Жер бетінде жақсылық атты ұғым барда шынайы бақыт, еңбек бақыты да қоғамның бір құндылығы ретінде сақталатыны анық.

 

 Би «Өнер» мектебі Муканова Нұргүл «Қазақ биі»

 

Ж:Құрметті еңбек адамы! Білім саласын өркендетуге сіңірген еңбектеріңізге табыс, сәттілік және қуат, зор денсаулық пен отбасылық амандық, береке-бірлік тілей отырып,  бүгінгі мерекелік концертімізді аяқтаймыз.  Еңбек ұжымының әр мүшесін елдің өркендеуі жолында еселі  еңбек  атқаруға шақырамыз!

 

 

 

Ж: Құрметті жас мамандар сіздерге ақ жол тілей отыра , қазір сіздерге  кәсіподақ ұйымының билетін салтанатты түрде табыс етпекшіміз. Ортаға:

1.Искакова Наргиза – №2 орта мектебі, ағылшын тілі

2.Сағынбекова Ақтолқын – Қ.Сәтпаев орта мектебі ағылшын тілі

3.Өскебаева Лаура – Ш.Уалиханов орта мектебі, математика пәні

4.Сейсен Ақерке – Құлан орта мектебі, ағылшын тілі  пәні

5.Дәкенов Ақжан – №1 мектеп-лицейі, информатика пәні

6.Болатов Сұлтан – Ю.Гагарин негізгі мектебі, дене тәрбиесі пәні

7.Саттарова Гүлсім – Бірлес орта мектебі, орыс тілі мен әдебиет пәні

8.Молдакулова Жанерке – Б.Момышұлы орта мектебі, физика пәні

9.Оңалбек Алуа – Жамбыл орта мектебі, ағылшын тілі

10.Әлімкешова Салима – Қ.Сұлтанбеков орта мектебі, әлеуметтік педагог

11.Тоқтағұлова Алина – Қ.Сұлтанбеков орта мектебі, ағылшын тілі пәні

12.Жұмағұлова Балжан – Т.Рысқұлов орта мектебі, ағылшын тілі пәні

13.Дүйсебаева Айдана – Ақыртөбе орта мектебі

14.Беркінбаев Ерғали – Ақтоған орта мектебі, дене шынықтыру пәні

15.Еспен Аяулым – А.Шынасылов орта мектебі, математика пәні

 

Ән «Кәсіподақ гимні» Орындайтын Үмбеталиев Асылбек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Концерттік бағдарлама:

 

 

1) Ән: Квинтет «Біз біргеміз»

2)Ән: трио «Кәсіподақ жаршысы»

3) Ән: «Өнер» мектебі Вокал тобы «Қариялар азайып бара жатыр»

4) Ән: «Өнер» мектебі фольклор тобы «Туған жер»

5) Көркем сөз:М. Төлебаев атындағы балалар саз мектебі. Құлтасова Айдана

«Кәсіподаққа арнау»

6) Ән: Фольклор «Бірге жүрген күндер-ай»

7) Ән: «Өнер» мектебі Ембердиев Камшатбек «Ұстазым»

8) Би: «Өнер» мектебі Муканова Нұргүл «Қазақ биі»

9) Ән: «Кәсіподақ гимні» Орындайтын Үмбеталиев Асылбек

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *