8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – өмірдің шуағы» мерекелік бағдарламасы


Шыныбекова Нағима Калыққызы

Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығының

қосымша білім беру педагогы

1ж.-Қайырлы күн , қымбатты Ұстаздар!

 

2ж.-Жыл мезгіліндегі ең тамаша мерекеге арналған «Ана – өмірдің шуағы» мерекелік бағдарламасына қош келдіңіздер!

 

1ж.-Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-Наурыз-Халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің ажары, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы екені сондықтан.

 

2ж.-Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік бағдарлама аналарға арналады.

 

1ж.-Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

        Аналардан туған небір даналар.

       Ана тіршіліктің тірегі,

       Армысыздар, қасиетті аналар!

 

2ж.-Армысың, ауылымның асылдары,

        Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

        Сіздер үшін ән мен күй , өлең мен би,

        Сіздер үшін мереке шашулары.

 

1ж.-Халықаралық әйелдер күні мерекесі…

 

Бірге: Құтты болсын!

 

2ж.-Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын…Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер!

 

-Сахнаға № 1 мектеп-лицейінің бишілер тобын шақырамыз. «————–» биін тамашалаңыздар!

 

1ж.- Анам менің күн көзіндей шуақты,

         Даладай кең, таулы өзендей қуатты.

         Дүниедегі жақсылықтың барлығы

         Жан анадан тарап жатқан сияқты- дей келе, сөз кезегін балғын балауса бүлдіршіндерге береміз.

 

-Ортаға———————— бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз.

 

Ән. -Келесі кезекте ——————— орындауында Мэлс Өзбековтің «———————-» әнін қабыл алыныздар.

 

2 ж. – Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған,

          Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.

          Әлемде сен болмасан осылайша,

         Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман?-дей келе, сөз кезегі Аудан әкімі Айтаков Жарылқасын Абжапарұына сөз беріледі.

 

-Сахнаға  ——————— орындауында Гүлнұр Өмірбаеваның  «Қыздар, қыздар» әнін қабыл алыңыздар.

 

1ж. : —————– , мынадай сұраққа жауап берші: Дүниедегі ең сұлу кім?

 

2ж.-Әрине, дүниедегі ең сұлу-ол қазақ әйелі.

1 ж.- Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең ізгі адам.

2 ж. – Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана.

1 ж. – Қазақ әйелі – бар бақытың ерінің талайынан күткен әлемдегі ең асыл жар.

2 ж. – Ұлттың ұйытқысы.

1 ж. – Ұрпақтың анасы!

  • 2 ж. – Ендеше, келесі құттықтау сөз кезегі аудандық білім бөлімінің басшысы Утеулиева Лаззат Шақуалықызына және білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Тойбекова Зәуреш Орынқұлқызына беріледі.(Сыйлықтар таратылады)

 

  • «Өнер»мектебінің мұғалімі Самылтырова Назгүлдің орындауында « —————–»   әнін қабыл алыңыздар

 

1ж. Шалқытып мерекеде ән салайық,

       Сұлуға сұлу көзбен тамсанайық.

       Бүгінгі мерекелік кешіміздің,

       Қонақтарын құшақ жая қарсы алайық!

 

  1. Ембердиева Айсұлу Уайділдәқызы
  2. Сейтқұлова Құрманкүл Әуелбайқызы
  3. Даубаева Фатима Нәрезімқызы
  • Құрметті қонақтар! Осы көктемнің алғашқы айында Фатима Нәрезімқызының туылған күні. Бәріміз бірге ол кісі құттықтап, қол соғып қошеметтеп қояйықшы!
  • Деніңізге саулық, отбасыңызға бақыт, шығармашылық табыс тілейміз!
  1. Қасеналиева Айгүл Әскербекқызы
  2. Момбекова ГүлнарЛәйлақұлқызы
  3. Жаңабердиева Рабиға Кеңесбекқызы

 

2ж.-Құрметті бақытты ана!Бақытты басшы! Сахна төрінен орын алыңыздар.    

 

1ж.-Біздің қонақтарымыз-өнер десе өркендетер, шебер десе шексіз шиыр топ жарған асыл да абзал, білімді де ақылды жарқын жүзділер! Ендеше,халық өмірінің айнасы әдебиет арқылы сан ғасырды көктей өтіп ананың қасиетіне арналған мақал-мәтел сайысына берейік.

 

2ж.-Иә, ауданымыздың  сұлу, әрі қадірлі, тәрбие мен білімді тең игерген мектеп басшыларымен «Сөздің көркі-мақал» демекші, сайыс өткізгелі отырмыз. Біз сіздерге сұрақ немесе жұмбақ жасырамыз. Алдымен жауабын тауып, сол сөзге байланысты мақал айту керек. Ендеше, іске сәт!

 

  1. Теспес жерді тескен,

Сол тесікте өскен. (Тышқан)

«Өлі арыстаннан, тірі тышқан артық»

 

2.Төрт аяқты шалғы,

  Орып кетер малды. (Қасқыр)

«Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан»

 

3.Ұзын мұртты сарылар,

  Қойындарында наны бар.(Бидай)

«Арпа, бидай ас екен,алтын, күміс тас екен»

 

4.Бір ғажап бар тілі жоқ,

   Сөйлеп берсе мініжоқ (Хат)

«Ғалымының хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді»

 

  1. Кішкентай ғана бойы бар,

   Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

«Ақсақ қой түстен кейін маңырайды»

 

6.Теңізден де, мұхиттан да өткізеді,

   Аңсаған алысқа жеткізеді. (Кеме)

«Мектеп кеме, білім теңіз»

 

  1. Қимылдаса қос шебер,

   Қыруар-қыруар іс өнер.(Қол)

«Көз қорқақ, қол батыр»

 

8.Мұрты бар, сақалы жоқ

  Тоны бар,шапаны жоқ. (Мысық)

«Мысық жоқта тышқан төбеге шығады»

 

9.Сүйексіз қып жаратқан,

   Жұртты аузына қаратқан. (Тіл)

«Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады»

 

  1. Нағашы жұрт кімге қамқоршы?(Жиенге)

«Жиен ел болмас, желке ас болмас»

 

11.Жат елге түскен қыз кім болады?(Келін)

«Келіннің аяғынан,қойшының таяғынан».

 

1ж.- Бәрекелді!Сайысқа қатысқандарыңыз үшін рахмет.Сіздерге біздің сыйлығымы құрметті қонақтардың  ду қол шапалағы!!!

 

  • Ортаға «Шашу» бишілер тобын қошеметпен шақырамыз!

 

2ж.-Ана,Ана,Ана!…Не деген мейірлі, н деген шапағатты сөз еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөзде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші! Сезім мен қасиетті,махабатты пен шапағатты сыйдырып тұрған ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулыны барлығы да ананың сүтінен жаралған.

 

1ж.- Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ».

 

2ж.-Иә,бүгінгі айтылатын ақ тілек,жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналмақ. Олай болса,құттықтау сөз кезегі ер басшылардың атынан Тұрманбетов Ануарбек Мұхамбетұлы, Тасыбаев Қайрат Байғашұлы, Маңғұтов Мырзабек Қарақұлұлына беріледі.

 

– Ортаға №1 мектеп- лицейінің бишілер тобын шақырамыз.  «——————-» биін тамашалаңыздар!

 

2ж.- Біздің бүгінгі мерекеге келген қонақтарға сұрақтарымыз бар:

  1. Бала тәрбиелей отырып, еңбек ету дұрыс па?Қиындық келтірмей ме?
  2. Еңбек еткен уақыттағы есте қалған қорыққан немесе қуанған кездеріңіз бар ма?
  3. Кейбір шет елдерде әйелдерүйде отырып бала баққаны үшін ақша алады. Бұған көзқарасыңыз қандай?
  4. Бала тілі- бал демекші, бүлдіршіннің әсем күлкісіне толы, мейірімділік шапағат пен аналық махаббат ордасы болған мектеп туралы не айтасыз?
  5. Өміріңізде болған қызықты оқиғаңыз бар ма?Айтып беруіңізді сұраймыз.
  6. Болашақ ұрпаққа тілегіңіз?
  7. Мектепте жүргендіктен қызықты сәт дегендер өзен болып тасып жатқан шығар?Ойыңызға түскенін айты берсеңіз?
  8. Сіздің ойыңызша, сіз қандай ұстазсыз? Жағымды және жағымсыз жөндеріңіз қандай?
  9. Сіздің ойыңызша, жанұяның өміріңізге әсері қандай?
  10. Ұстаз болған  оңай ма?

 

1ж.-Сіздерге көп-көп рахмет! Бала білімінің іргетасы болып отырған, ұйымшылдық пен татулықтың мекені- мектепке өз өмірінің өзегін арнаған барлық ұстаз аналарға бас иеміз!

 

2ж.-Расын да,адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдыретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.

 

1ж.- Ақ сүтінен жаралған,

       Ақ сүтінен нәр алған,

       Анаға бас иеміз!

      Туған елдің тілі деп,

      Туған жердің үні деп,

      Анаға бас иеміз!

 

2ж.- Біз мәңгілік сіздерге, аналар, борыштармыз дегім келеді. Сіздерге шын жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз құтты болсын дей келе,әсем әнге кезек берсек. Қабыл алыңыздар!

– ——————–орындауында Үміт Битенованың «—————–» әнін қабыл алыңыздар!

 

1ж.-Сенен өскен балалар,

       Батырлар мен даналар.

       Құттықтаймыз мейраммен,

      Құрметті жан аналар!

 

2ж.-Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

        Бізді өмірге әкелген даналарды.

        Себебі ана деген асыл жан ғой,

        Ойлауменен істелік әр қадамды.

 

1ж.-Наурыз келді,

        Анажан серпіліңіз.

       Шуақтанып,

      Шаттанып желпініңіз.

      Кеудеңізде керемет оттар жатыр,

     Сізден жылу әлемін күткеніміз.

 

2ж.- Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі. Жердің өзіне де Жер-Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па?Ана хақында ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан.

 

  • Тағы да ортаға ———————— шақырамыз. Қол соғып қошеметтеп қояйық!

 

1ж-.Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.

        Ана-перзент тәрбиелеуші,

       Ана-қызметкер,

       Ана-ғалым,

       Ана-ғарышкер,

       Ана-зейнеткер.

Сондықтан да болар әркім өз анасы жөнінде толғанады, ойланады, сағынады. Аналардың құрметіне ————————–орындауында «——————» әнін қабыл алыңыздар.

 

2ж.-Домбырам мұнша шешен болдың неге?

      Күй толған көкірегің шежіре ме№

      Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,

      Саусағым тиіп кетсе ішегіңе,- дегендей Н.Тілендиевтің «Аққу күйі» арқылы аналарымызға деген ықыласымызды білдіреміз.

–  №2 шағын орталықты мектептің мұғалімі Қадіров Амандықтың орындауында «Аққу» күйі.

 

1ж.-Сізге арналады бүгінгі ұлы ісіміз,

        Ардақтайтын , мақтанатын кезіміз.

       Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген,

      Ұлы Ұстаз-ана мына отырған өзіңіз.

 

2ж.-Бүгінгі күн жер бетіндегі барлық аналардың қуаныш, шаттық мерекесі. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды , ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.

 

1ж.-Адам бар ма ана сүтін татпаған,

       Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

       Адалдықты ар-намысты сақтаған,

       Мен ананың  сонысына мақтанамын.

—————————- орындауында халық әні «————————- ».

 

 

2ж.-Сан мың шәкірт өзіңнен  тәлім алды,

         Аяулы  Ұстаз-ана, ісіңнің бәрі ұнамды.

        Әр күн сайын атыңды қайталаймын,

        Еске алғандай таң сайын әнұранды.

 

1ж.- Ана-адамзат мекен ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

       Ана деген адамға Атамекен,

       Әр адам анаменен адам екен.

       Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,

        Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.

 

2ж.-Ана ол біздің елде ардақты адам,

       Кішісі де, үлкені де ардақтаған.

       Өзінің аяулысы Отанын да

      «Ана» деп біздің халық текке айтпаған,- деп кезекті  әнге  береміз.

– ————————- орындауында халық әні «————————».

 

1ж.-  Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп, сол үшін күреске шығады. Сондықтан дүниежүзінің ойшылдары 8 наурызды – халықаралық әйелдері күні деп белгіледі. Жақсы, жақсы тілек айтамыз. Күн сайын айтсақ та, қуантсақ та жарасар еді.

 

2ж.- Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

        Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

       Қалайша аяулы ана тына алармын,

        Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

 

– Ортада Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің «Жігіттер» фольклорының орындауында «Жас дәурен» әнін қабыл алыңыздар.

 

 

1ж.-Ұлтымыздың бүкіл ұлағат өрісі аналар сіздердің мейірім шуақтарыңыз жарқырап, шұғылалы сезім сәулелеріңізбен нұрландырып, даналықтың бастауы бола беріңіздер.

 

2ж.- Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Міне, көрдіңіздерме?

 

1ж.- Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

         Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!

         Сыйынатын болса өмірде құдірет,

         Сыйынар ем ана деген тәңірге!

         

2ж.-Аналар, қалқып бақыт аралында,

        Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

        Осымен кшімізді аяқтайық,

        Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа,- дей отырып, бүгінгі «Ана-өмір шуағы» бағдарламасы аяқталды.  

– ———————— орындауында «Анаға сәлем!» әнін қабыл алыңыздар

 

1ж.- Ардақты аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын!

 

2ж.- Келесі кездескенше күн жақсы болсын, ағайын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *