Мерекелі-берекелі қоңыр күз


Кашбек Бахытгуль
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы № 1 «Арман» бала бақшасы

 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі

Зал әсем безендірілген, балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші:- Құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы және балалар!

«Мерекелі, берекелі, қоңыр күз» атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді. №12 «Гүлдер» тобының бүлдіршіндерін қошаметпен қарсы алайық.

Балаларымыздың  орындауында «Күз жомарт» әнінің қабыл алыныздар.

Ән: «Күз жомарт»

 

Күз мерекесіне  арналған  өлең шумақтарымызды тыңдап көрейік.

Камила:

Сарғайды тоғай, сап-сары манай.

Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып

Жапырақ ұшты, суық та түсті

Сонда да бізге,қызық көп күзде.

Қайсар:

Алтын суық күз келді
Жел мен жаңбыр әкелді
Құстар ұшып кетеді
Ән салмайды өтеді

 

Ажар:

Жаздай күткен бәріміз,

Сары алтын,сары күз,

Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күнім елжіреп.

  Арсен:

Аспанды сұрғылт бұлт,

Жан-жақтан жабады.

Күнбірте суытып,

Жауын көп жауады.

 

Алихан: Жайдарлы күз жарқын күз

Аяулы күз алтын күз

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып тұр

Мейірлі күз мырза күз

Сыйлығына  ризамыз.

Дамир:    Сары жапырақ төгілген

Тоғайды да көрдім мен

Енді сары бояумен

Күз суретін салам мен.

Әділжан:Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі

Жылаған дауыс естіледі.

Балалар жылап отырған күнбағысты тауып алады.

Жүргізуші:-Балалар қараңдаршы мынау күнбағыс емес пе, саған не болды неге жылайсың?

Күнбағыс:- Сәлеметсіңдер ме балалар!?  Адамдар бақшадағы барлық егістерді жинап алды да мен қалып қойдым, мен қорқамын, ешкімге көмегім жоқ.

Жүргізуші:-Балалар қараңдаршы күнбағыс әбден қорқып қалыпты кәне мерекемізге шақырып көңілін көтерейік, келісесідер ме?

Балалар:- Иә.

Күнбағыс:-Сендер мені шың кіргізесіңдер ме, рахмет балалар мен қуанып тұрмын.
Жүргізуші:-қолынан ұстап залға кіргізеді. Енді  біздің балалар қандай би біледі тамашалайқ.

Би:  «Жапырақтар» қыздар билейді

 

«Карина,Мадина,Амина,Ажар,Камила,Мөлдір,Наргиз,Жансұлу»

Күнбағыс:-жеңген балаға енді мен жалғыз емеспін менің досым бар деп қуанады.

Ортаға ұшып қарға кіреді.

Қарға:-  Қарқ-қарқ! Мен күнбағысты іздеп жүрсем бұл мұнда неге жүр!? Бұл менің күнбағысым.

Күнбағыс:-Мені балалар мерекелеріне шақырды қызық болып жатыр.
Қарға:-  Қайдағы, бұл қандай мереке?

Балалар:-Күз мерекесі.

Қарға:-  Тауыпсың мерекені сен менің күнбағысымсың алып кетем жүр.

Күнбағыс:-Ол мені қазір шағып тастайды мен барғым келмейді.

(деп балалардың артына тығылады.)

Жүргізуші:-Қарға сен асықпа біздің балалар қалай билейді  көрші.

Би: «Барбарикий»

Қарға:Ой осында би дейсіндер ме, би деген мынадай болады.

(қарға билей жөнеледі)

Жүргізуші:-Қарға біздің балалардың би ұнамаса әндерін тындайық.

Оркестр:Камила, Мөлдір, Жансұлу,Наргиз.

 

Қарға:-  Ой-ой –ой.Қарқ-қарқ! Сендердің әндеріңнен басым айналып кетті ғой, , қой өзімнің орманыма барайын онда тыныш.  (шығып кетеді)

Күнбағыс:Ой балалар рахмет сендерге  қарғадан мені құтқардыңдар.

Жүргізуші:-Балалар  ата-аналармен ойын ойнайық.

«Кім жылдам» ойыны

Алтын Күз:–  Сәлеметсіңдер ме достар!

Сәлеметсіңдер ме қонақтар!

Жүргізуші:-Қош келдің Алтын Күз!Төрлет біздің балаларымыздың көрінісін тыңдап көрейік.

Көрініс : « көкөністер дауы» картоп, қызылша, қырыққабат, пияз қияр сәбіз ас бурышы қызанақ асқабақ  дауласып келеді:

-Мен дәмдімін.

-Мен пайдалымын.

-Жоқ менің пайдам көп.

-Мен де дәмдімін.

-деп  көкөністер дауласады.

 

Жүргізуші: – Сәлеметсіңдер ме? Көкөністер сендерге  не болды?

Темирлан қызанақ:-Қайсымыз пайдалымыз балаларға?

Жүргізуші: –Балаларбізге кімдер келді   танисыңдарма?

Мөлдір сәбіз :- Мен кіммін?

Қырыққабат:-Ал мен ше?

Пияз:-Мені кім деп ойлайсыңдар?

Қияр: – Ал мені танисындарма?

Қызылша:- Ал мен ше?

Жүргізуші:  – Ал, балалар  біз мына көкөністердің өнерлерін тамашалайық сонда қайсысы пайдалы екені білеміз.

Көкөністер:

Карина:(қияр):

Мен қиярмын, сәндімін

Салаттардың сәнімін

Дәруменім мол менің

Жегенгеқуатсыйлаймын!

 

Мухаммад:(картоп):

Мен ұялшық картоппын,

Мен емесепін мақтанар,

Мені жақсы көреді,

Үлкендермен балалар.

 

Мадина:(Ас бұршағы):

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын және бәріне,

Дәмді салаттарыммен ,

Сый жасаймын бәріңе.

 

Амина:(пияз):

Боламын мен демеуіш,

Барлық- барлық тағамға.

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

 

Мөлдір:(сәбіз):

Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынынан ішпеген.

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшке де.

 

 

Ерназар:(шалқан)

Кім білмейді шалқанды,

Дәмімді татып таң қалды.

Бәріне сый боламын,

Тауып көр менен дарқанды.

 

Ибрагим (қырыққабат):

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда.

Мені қосса самсаға.

Жейді бәрі тамсана.

 

Темирлан:(қызанақ):

Піскен кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен.

Барма адам сүйсінбей,

Томат шырынын ішпеген.

 

Жансұлу(Қызылша):

Мен де бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге

Менсіз борщ болмайды,

Винегрет те үстелге.

 

Наргиза(Асқабақ):

Іші сары, сырты қатты,

Дәні-дәрі, дәмі-тәтті.

Пісіріп жесең ас тамақ,

Мұның аты асқабақ.

Жүргізуші:Балаларымыздың орындауында ағылшын тілінде әнді қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші:Тақпақты жақсы айтады екенсіңдер, ал сендер би билей аласыңдар ма?

Би: «Көкеністер»

Алтын Күз:– Достар сендерге мына себеттегі жемістерді әдейі сендерге алып келдім, дәм татыңдар!

Ойын:«Дәміне қарай ажырат!» балалармен

Жүргізуші:–  Алтын күзге көп-көп рахмет.

Мерекелі күз келді,

Берекелі күз келді.

Өлең айтып көңілді,

Қуантсын,біздерді!

Ән:«Күз»

 

Алтын Күз:– Ал,достарым! Барлығың да тамаша өнерлеріңді көрсеттіңдер. Өнерлеріңе көп,көп рахмет. Сендермен өте көңілді! Бірақ қоштасатын уақыт болды!

Жүргізуші:-Жомарт жүрек, жарқын күз,

Біз де, міне жарқынбыз.

Айшуақты алтын күз,

Қош, қош енді, қош болғын!

Балалар, міне біздің күз мерекесіне арналған  «Мерекелі, берекелі, қоңыр күз!» атты ертеңгілігіміз аякталды.  Жомарт күздің сыйы жыл бойы  халқымыздың  ақ дастарханына қойылсын . Келесі мерекеге дейін аман-сау  болайық.

 

                                       

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *