Үйірме жұмысы, Ермексазбен жұмыс «Күнбағыс»


Медеубаева Шугла Багдатовна
Тәрбиеші, дефектолог
Қарағанды облысы білім басқармасының «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №3 арнайы мектеп интернаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сабақтың тақырыбы:  Күнбағыс
Сабақтың мақсаты: 1) Еңбекке баулу пәнімен байланыстыра отырып, ермексаздан күнбағысты мүсіндеуді  үйрету.

2) Оқушылардың іске деген икемділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін  дамыту.
3) Тазалыққа, мұқияттылыққа тәрбиелу.
Сабаққа қажетті материалдар: ермексаз, кескіш, түсті қағаз, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, тіл дамыту (ой шақыру).
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
– сабаққа даярлық

–     психологиялық сәт

ІІ. Өткенді қайталау.

– Балалар біз өткен сабақта қандай жұмыс жасадық?
– қарбыз кесегін жасадық.
– қарбыз қандай болады?

–     Қарбыздың түсі қандай болады екен?

– Балалар, бүгін біз ермексазбен жұмыс жасауды жалғастырамыз.

Қауіпсіздік ережесі
– Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолыңды сулап отыруды ұмытпа. Сонда ермексаз қолыңа жұқпайды. Қолыңды жұмыс кезінде аузыңа салма. Айналаңды ұқыпты ұста.
IІI. Жаңа сабақ
1. Ой ашар.

– балалар қазір қандай мезгіл?

– көктемде дала қандай болады?

– қандай гүлдерді білесіңдер?

– Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырамын,

Гүл секілді
Қызарады, көктейді,
Күн секілді,
Бірақ нұрын төкпейді.( Күнбағыс)

– олай болса, балалар, біз бүгін күнбағысты  мүсіндейміз.

Күнбағыстың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2-3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 – 60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі — тұқымша, онда 22 — 27% май болады.

Дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік болып қалып отыр. Бірақ күнбағыстың беретін басты нәрсесі – оның жақсы майы. Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр, қойлар жейді.

2. Жұмысқа қажетті материалдарды түгендеу
– Сонымен, біз ермексаздан күнбағысты  жасаймыз. Ол үшін ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «ұзынша тәрізді» созу әдістерін үйренеміз.
Қажетті құралдар: ермексаз, ермексазды бөлетін кескіш, тақтайша немесе қатырма қағаз, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
– Балалар, құрал – жабдықтарымыз түгел ме? Тағы бір түгендеп жіберейік: ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
Құрал – жабдықтарымызды парта бетіне реттеп қоямыз. Ұқыпты бол!
3. Түсіндіру
Күнбағысты  жасау үшін алдымен сары түсті ермексазды алып, оны бірнеше бөлікке бөлеміз, олар күлшелері болады. Жасыл және қара түсті  ермексазды жұмсартып, илеп, екі бөлікке бөлеміз. 1 – ші бөлігі ортасы болсын. 2 – ші бөлігі үлкен, оны үш бөлікке бөліп гүлдің жапырағы мен сабағын жасаймыз.

-Содан кейін ұзыншалап алақанмен илеп, күнбағыстың ортасын жасаймыз.
-Міне, енді осыған күнбағыстың күлшелерін жапсырамыз.

– Екінші жасыл түсті ермексаздан бөліп алып, сопақшалап созу арқылы жапырақпен сабағын жасаймыз.

IV. Сергіту сәті

Орамандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Аю келсе қашайық.
V. Оқушылардың сарамандық жұмысы
Оқушылар түсіндіру негізінде жұмыс жасайды. Жұмыс жасауда қиналған балаларға барып көмек көрсетіп, нұсқау беріліп отырады. Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолды сулап отыру ескертіледі.
Жұмыс аяқталған соң, балалар кімнің жұмысы әдемі болды, кімде кемшілік бар, оны қалай түзетуге болатынын айтады. Басқа жұмыстармен салыстырады. Жарайсыңдар.
VІ. Қорытындылау
– Балалар, біз бүгін не үйрендік?
– Не білдік?

– Ермексаздан мүсінді қалай жасауға болады екен? Ермексазды созудың қандай тәсілдерін үйрендік?
– Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Неге?
(пікірлерін тыңдау).

VІI. Бағалау
Балалар өз жолдастарының еңбегіне баға береді. Әдемі жасалған жұмыстарды мадақтау.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *