“Ойын-тәрбие құралы”


Оразбаева Света 

Амангелді жалпы  білім беретін орта мектебінің даярлық сыныбының тәрбиешісі

 XXI – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой – өрісі жоғары, жан – жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Баланың танымын  алғашқы күннен  бастап дамытудың бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қызықтырып уақыт өткізудің құралы болмай, тәрбиенің құнды негізі болуы шарт.

Осы орайда сабақ кезеңінде  танымдық қабілетін арттыратын ойынның маңызы зор. “Ойы таяздың, тілі таяз” демекші, ойлау арқылы баланың тілдік қоры артады. Ойын айналадағы болмысты бейнелесе, бүлдіршін  ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп пайымдауға үйренеді. Танымдық  ойындар тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету,  іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды.

Әсіресе, өз тәжірибемде математика пәнінде  қолданылатын  танымдық ойын түрлері “Жоғалған сан”, “Домино”, “Лото” т.б ойындар оқушылардың математикалық  ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі.

Ал, көркем әдебиет сабағында “Ғажайып қоржын”, “Дыбысына қарап таны”, “Қай пішін жоқ?” ойындары арқылы айналаны танып білуге баулимын. Қорыта айтқанда, танымдық  ойынның тиімділігі баланың ақыл – ойы дамиды, біз үшін бірсарындылықтан арыламыз,  ата – ана үшін бала бойындағы жағымсыз қылықтарды ойын арқылы жақсылыққа тәрбиеленеді. Олай болса, әр сабағымызда ойынның ұтымдылығын назарда ұстайық. Өйткені бала еңбегі ойын ескерсек, бүгін тиянақты ойнай білген бала, ертең ер жеткенде өз ісінде табысты іс тындыратыны  сөзсіз. сонымен қатар жаратылыстану сабағының берері мол. Бұл пән бойынша  бүлдіршіндер, әр бағытта  қоршаған ортамен танысуды үйренуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *