Сынып сағаты ” М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Абылай хан, Батыр Баян образдары”


Маханбетова Бакыткул Джанбековна

Көкшетау қаласы,(қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3

облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Деңгейі Берілген деңгей бойынша сұрақ – тапсырмалар
Білім 1.«Батыр Баян» поэмасын қорытындылау, оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білім дағдыларын бағалау.2.Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, тақырыптас шығармаларды салыстыра отырып дамыту, шығармашылық жұмыстар арқылы таным түсініктерін дамыту.

3.Ақынның үздік туындысы «Батыр Баян» поэмасы арқылы Отанын, туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.

Түсіну Үй тапсырмасын тексеру: М.Жұмабаевтың «Батыр Баян»  поэмасыІ топ  Көрікті Көкше – Абылай, Баян бастаған ел қорғандарының қонысы.

ІІ топ  «Баянсыз қанатымды қалай жаям?!»

ІІІ топ  «Жорықта жауының бір сұлуын алып қайтқан…»

ІV топ «Апыр-ай, алаш арын жоқтамастан,

Жөңкіліп бұл қайтудың мәні қалай?» –

Қолдану Тақырыпты хабарлау үшін: 1.«Елі үшін төккен ерлер қанын жұтқан… жер ұмытпас» үзінді оқу1.1.Мына өлең жолдарындағы көп нүктенің орнына сөз қойып  оқу.

2.Топтастыру стратегиясы бойынша кейіпкерлердің бейнесін жасау (кітаппен жұмыс)

Абылай айбынды батыр, халық қамқоры, елінің тәуелсіздігін аңсаған хан
Батыр Баян Абылайдың сенімді серігі, батыр, өжет, ақылды, опасыз бауырын атып жазалаушы
Талдау Тапсырма. Үзіндіні  тіл көркемдігіне талдау
Жинақтау   Тақырыптас шығармаларды салыстыру.Батыр Баян бейнесі

Мағжан(ХХ ғ.) Шоқан(ХІХ ғ. ІІ ж.) Үмбетейжырау (ХVІІІ ғ.) Тәтіқаражырау

(ХVІІІ ғ.)

Абылай бейнесі

Мағжан «Батыр Баян» поэмасында (ХХ ғ.) Ортақ қасиеттері  Сәкен «Көкшетау» поэмасында (ХХ ғ.)  Саян ақын«Түс.Абылай.

Дат…» өлеңінде

(ХХІ ғ.)

Дана, айбатты қолбасшы, елінің тәуелсіздігі үшін күреске шыққан айбынды кемеңгер хан  Тарихта болған адам  Жағымсыз кейіпкер 

 

Сұсты, көзінде мұң бар. (түсінде)
Бағалау Батыр – ел қорғаны  (Тақырыпты мақалмен түйіндеу)
Үй тапсырмасы 1.  “Алаштың жоқтай білсем Баян-айын”ойтолғау жазу
2.Үзіндіден қалауы бойынша үзінді жаттау
Ресурстар 1.С.Мақпырұлы, А.Қыраубайқызы, К.Құрманбай Қазақ әдебиеті Алматы «Мектеп» 2012.2.Жұмабаев М. Батыр Баян Петропавл «Полиграфия» 2008.

Үй тапсырмасы мынадай әдіспен тексеріледі:

 М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы

І топ  Көрікті Көкше – Абылай, Баян бастаған ел қорғандарының қонысы.

ІІ топ  «Баянсыз қанатымды қалай жаям?!»

ІІІ топ  «Жорықта жауының бір сұлуын алып қайтқан…»

ІV топ «Апыр-ай, алаш арын жоқтамастан,

Жөңкіліп бұл қайтудың мәні қалай?»

Тақырыпты хабарлау. 1.«Елі үшін төккен ерлер қанын жұтқан… жер ұмытпас… деген сұраққа жауап беру үшін 2014 жылы Петропавл қаласында өткен ІІ Республикалық Мағжан оқуларының «Толқынмен толқын сырласып…» номинациясына қатысушы Соколова Алинаны тыңдайық.

…Жаудан да мейірімді боп жылады жел,

Күңіреніп, ер денесін құммен жауып.

Іленің толқындары әлі күнге

Айтады ерге жоқтау ауық-ауық…

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,

Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.

Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.

Арқаның селі, желі, шөлі, белі

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!

  • Ел ұмытпайтын батырымыз кім? – Батыр Баян.
  • Мына өлең жолдарын оқып көп нүктенің орнына сөз қойып оқиық.

…Көңілінен Ұса, Серен кеткен қауіп,

Қуанып, сырнай-керней, қылды сауық.

Алайда  сескенген соң,

Жөнелді ертеңіне Қытайға ауып.

  • Көп нүктенің орнына қандай сөз қоямыз? – Абылай хан.

-Бүгінгі тақырыбымыз кімдер туралы болмақ?

 – М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Батыр Баян, Абылай хан образдары.

Кітаппен жұмыс:

І топ  100-101-бб.

ІІтоп  106-107-бб.

ІІІтоп  108-109-бб.

ІVтоп  110-б.

Абылай: айбынды батыр, халық қамқоры, елінің тәуелсіздігін аңсаған хан.

Батыр Баян: Абылайдың сенімді серігі, батыр, өжет, ақылды, опасыз бауырын жазалаушы. Баян – тарихта болған адам. 1704-1759 жылдар арасында өмір сүрген.

Тапсырма. Үзіндіні  тіл көркемдігіне талдау Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табыңыз.

                                          І топ

Ер Баян жас сұлуды алып келген,

Сұңқардай бабындағы сұқсыр көрген.

Қан жауып екі көзін қандыбалақ

Ілмекке қоңыр қазды көңіл бөлген.

Марал бар оққа ұшпайтын, тым сақ бірақ

Кезеңде кез келсе де қандай мерген.

Болмасын жас сұлудың білгеннен соң,

Ер Баян қарындас қып ерік берген.

8-с. Әдебиет 101-б.                                                                               

                                                             ІІ топ

Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табыңыз.

Боз үйде жалғыз қалып Баян енді,

Жаралы жолбарыстай күңіренді.

Қорғасын миын, ойын төмен басып,

Ақылға алғыр құстай ашу төнді.

Бір көк сұр түс енгізіп бар денеге,

Сұм жүрек қанды өзіне жинай берді.

Ақыры ашу ерді билеп кетіп,

Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді.

8-с. Әдебиет 103-б.

                                  ІІІ топ

   Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табыңыз.

Мұңайып мәңгі мұңды белдер қалды,

Жынды жел сақ-сақ күліп сүйді беттен.

Жан-жақта жас қайыңдар қала берді

Иіліп әдеппенен сәлем еткен.

Ер жортты. Сәске болды, көзі көрді

Көкшені бал алысқан аспан көкпен.

 

Көкшеде өңшең көкжал аялдаған,

Қырандар қанаттарын жая алмаған…

Қайратқа құса болған сол қырандар

Алыста қара көрді аяңдаған.

Жақындап қара ордаға келген шақта,

Шықты айқай топтан шулап: «Баяндаған!»

8-с. Әдебиет 106-б.

                                      ІVтоп

Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табыңыз.

Ежелден Абылайда екі сөз жоқ,

Сөз шықты: «Болады!» – деп, тарады топ.

Топ тарап, ат-тұрманын даярлады.

Бір аздап дамылдады ел, мезгіл түн боп.

Жібектей жұмсақ жылы жаздың түні

Бұлтымен құшақтады Көкшені көк.

Керілді ерке Көкше  күміс Айға

Сәулеңді, сәулем, көбірек төкші, төк деп.

Бетінде Бурабайдың ерке толқын

Бір тынбай, күліп жарды сүйді шөп-шөп. 8-с. Әдебиет 107-б.

Жауабы:

І топ  Теңеу: сұңқардай, метафора: қандыбалақ, қоңыр қаз, марал

ІІтоп  Теңеу:жаралы жолбарыстай, алғыр құстай, сөнген шамдай. метафора:бір көк сұр түс эпитет: сұм жүрек

ІІІтоп  Кейіптеу: бірінші шумақ  метафора: көкжал, қырандар, қара орда  эпитет:мұңды белдер, жынды жел

ІVтоп Теңеу: жібектей  метафора: сәулем  эпитет: ерке Көкше, күміс Айға, ерке толқын  кейіптеу: бұлтымен құшақтады, күліп жарды сүйді

Тақырыптас шығармаларды салыстыру

1.Батыр Баян бейнесі Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында

– Елінің тәуелсіздігі үшін күрескен  айбынды батыр.

  1. Үмбетей жырау толғауында (ХVІІІғ.):

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Сары, Баян мен Сағынбай

Қырмап па еді жауыңды,

Қуантпап па еді қауымды

Ұмыттың ба соны, Абылай.

3.Тәтіқара жырау толғауында(ХVІІІғ.):

– Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы,

Деріпсәлі, Маңдайдағы айт Қыпшақтағы

Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын

Сары менен Баянды айт Уақтағы

  1. Шоқан(ХІХ ғ. ІІ ж.): –Пікірі (Батыр Баян )М.Жұмабаевпен сәйкес келеді.

1.Абылай бейнесі Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында(ХХ ғ.): -Дана, айбатты қолбасшы, елінің тәуелсіздігі үшін күреске шыққан айбынды кемеңгер хан

2.Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасында (ХХ ғ.):

…Абылай батырларын алды жиып,

Үлеске олжаларын салды жиып.

Сол жерде бір сұлуға талас болды:

Бере алмай біреуіне бірі қиып.

– Жағымсыз кейіпкер.

3.Саян Есжанов ақын «Түс.Абылай.Дат…» өлеңінде (ХХІ ғ.)

 Оқитын: Арсен Исжанов 8 «А» сынып оқушысы:

– Абылай ханның 300 жылдығына орай өткізілген мүшәйрада I орынға ие болған « Түс. Абылай. Дат…» өлеңінің мазмұны мынадай.

Ақын Саян Исжанов түс көреді. Саян түсінде Бурабайдағы Абылайдың Ақ Ордасында жүр екен. Хан көзінің сұсымен «сөйле»,- дейді.

Саян түсінде: – Хан ие, халқың қазір азат, әніміз, күйіміз, салтымыз орнында. Тіліміз – шала, дініміз – шұбар болғаны болмаса бәрі жақсы,- дейді екен. Бірақ неге екені белгісіз  ханның сұсы басқан Саян жалғыз датын айтып тұрып қалады. Саян Абылай ханды түсінде былай көрген екен.

…Ұзақ бір маған қарап үңілді де,

Елемеді сыбысты, күбірді де…

Балбалдай мұңға батты үнсіздікпен,

Мұң ілді ме көзіне, түңілді ме?!

Хан үнсіз салды-дағы ойды елекке,

Бекінді әлденені сөйлемекке.

Сол бір сәт түс үзілді, құба таңмен

бұлдырап бұзылды әттең, , ой кенеттен.

Оянып кеткеннен кейінгі Саянның ойы:

Тылсым түс өшпей қойды өредегі,

Қайран хан, ұрпағына не дер еді?!

Ойымнан айыға алмай әлі жүрмін,

Шайқалған адамдайын кемедегі…

Білмеймін, жоритынымды неге, нені…

Ортақ қасиеттері: Тарихта болған адам

Батыр – ел қорғаны  (Тақырыпты мақалмен түйіндеу)  Мысалы:

 І топ   Ерлік білекте емес, жүректе.

ІІтоп   Батыр майданда шынығады. .

ІІІтоп  Шын батыр сын үстінде танылар.

ІVтоп  Ер айтқанынан қайтпас.

Үй тапсырмасы:1.“Алаштың жоқтай білсем Баян-айын”ойтолғау жазу
2.Үзіндіден қалауы бойынша үзінді жаттау

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *