«Мамандығым мақтанышым» атты тәрбие сағаты


Чанваева Бактыгуль Нурлановна
ШҚО    Ұлан  ауданы    Алғабас   ауылы  «Кәкена Аханов атындағы орта  мектеп»КММ психологы

Мақсаты:    Оқушының өзі таңдайтын  мамандық  туралы  ойын бір жүйеге  келтіріп , дұрыс таңдау  жасауына  көмектесу, өз бетінше  шешім қабылдап,   өзіндік  мақсатын  айқындай білу  қабілеттілігін арттыру. Оқушының  тұлғалық     және өмірлік  өзін -өзі  тануын  қамтамасыз  ететін  болашақ  кәсіби  бағдарына  сәйкес  дербес  дамуына  жағдай  жасау.

 

Көрнекілік:   Тақырыпқа  байланысты  жазылған    нақыл    сөздер ,  слайд,  әдістемелік  бланк,  сызба.

 

Сабақтың  барысы:

1. Ұйымдастыру   кезеңі.

Мамандық  таңдау   жасөспірім  жастағы   ең  маңызды  шешімдердің  бірі.  Үлкен  өмірге   енді  ғана  аяқ  басқан   жас  ұланның   алдында   мыңдаған  —-   өзіне  лайықты   мамандықтың  біреуін  таңдау міндеті  тұрады.  Мамандықтың  жаманы  жоқ,   бірақ,  мұның  кез – келгеніне    икемділік  қажет,  бүл  жай  күнелту,  тамақ  асыраудың  ғана  жолы  емес,  үлкен   өнерді,   зор  шеберлікті   қажет   ететін   нәрсе  дейді.

Кейбір  жастар   мамандық  таңдау  ережесін   білмегендіктен   өзі  қызықпайтын   мамандықты  таңдайды.   Осыдан  өз  мамандығына  қанағаттанбаушылық,  реніш  сезімдері   болып,  тіпті  алдарына  жоспар  да  құрғысы  келмейді.   Бүгінгі   біздің  сабағымыз   сіздерге  мамандықты  дұрыс  таңдауға,  мамандық  туралы  білімдеріңізді   кеңейтуге  ,   өздеріңіздің  мүмкіншіліктеріңізді  анықтауға   көмегі  тиеді  деген  ойдамыз.

Сабақ   сайыс  түрінде  өтеді.

1.   Топқа   бөлу : түрлі түсті карточкалар  тарату арқылы   топтарға  бөлу

 

2.  Ең..Ең…Ең..   ойыны:   қоржыннан   әр  топ  өздеріне   тапсырма   алады,   онда   ең   жасыл  (  орманшы,  бақташы,

Ең  тәтті     ( сатушы  тәтті,  кондитер

Ең  ақшалы  ( банкир, модель,  боксерлар,

Ең  күлкілі   (  клоун, пародист

Ең    жауапты  (

Ең    детская   ( бала  дәрігері,    тәрбиеші

Ең  қарым-қатынасқа   күшті  ( журналист, мұғалім, жаттықтырушы,

Ең  шашты     (  шаштараз

Ең   салмақты  ( сапер,  хирург,  саясаткер,  тыңшы,  сот

 

Слайд  мамандық  түрлерін  көрсету

 

3. «Әжейдің   сұр  лағы  болыпты»  -жаттығуы

Қатысушыларға  нұсқау:  Бұл  орыс  тіліндегі  белгілі  ән.  Сұр  лақтың тағдыры  бәрдеріңе  таныс.  Сұрақ:  лақтан  тек  мүйізі  мен  тұяғы  қалғанына  кім  кінәлі  -әжей,  қасқыр,  не  лақтың  өзі  ме?  Өз  ойларыңды  диаграммамен  көрсетіңдер.  Ал енді  басқа  диаграмма  сызыңдар  – өздерің  мамандық  таңдауға  кім  және   қандай  көлемде  жауапты:

Мұғалімдер

Ата-алар

Достар

Өзің

 

Диаграмманы  дәлелдеңдер

 

4.  «Қалаймын – Қолымнан келеді – Қажет»   жаттығуы

Мақсаты:  мамандық  таңдаудағы   маңызды  үш   компоненттер  туралы  түсінік  беру,  солардың   көмегімен  дұрыс  кәсіп  таңдауға  бағыттау.

Қатысушыларға  нұсқау:

Мен  қазір  ертегіні бастаймын  ,  ал  сендер оның  жалғасын  өздерің  жазыңдар.  «Бір  кейіпкер  ( ол кім  болатынын  өздерің  шешіңдер)  орманмен  келе жатып  үлкен  тасты  көреді.  Таста  келесі  сөздер  жазылған  :  «Сол  жаққа  барсаң – қалғаныңды  табасың,  тура  жүрсең – қолыңнан  келетін  нәрсені табасың,  оңға  жүрсең  – қажетті  нәрсені  табасың»    Тапсырма:  кәсіптік  бағдар берумен  байланыстырып  ертегінің  жалғасын   құрастырыңдар.

 

5. Қателер  рейтінгі :

Мақсаты:  мамандық  таңдау кезіндегі әдеттегі  жіберілетін  қателіктердің    сипаттамасын  жасау,  қателерден  қорғану  тәсілдерін  табу.

Қатысушыларға  нұсқау:   алдарыңда  «Мамандақ  таңдау  кезінде әдеттегі  жіберілетін  қателер»  деген  қағаз  жатыр.  Оны  мұқият  оқып,  өздеріңе  ең  қауіпті   болып  көрінетін  қателердің  астын  сызыңдар.  Олардың  №  дауыстап  айтыңдар, мен  қателерді  өзіме  белгілеп тұрамын.  Енді  тақтаға  назар  аударайық – қай  қателер  жоғары  рейтингке  ие  болды.  Осы  қателерді  болдырмау  үшін  қандай  әрекеттерді  тоқтату  қажет?  Қандай  әрекеттерді  дамыу  қажет?  Қандай іс-әрекеттерді бастау керек?

 

6.«Кеңесші»

Мақсаты:  барлық тренингке қатысушылардың  басқа топ  мүшелерінен  болашақ  кәсіп  туралы  ұсыныстарын  жинау.

 

Қатысушыларға  нұсқау:  Қазір  сендер  өздеріңді  кеңесші  ролінде байқап  көресіңдер   .  ол  үшін  алдарыңда  жатқан   қағаздан  ұшақ  жасаймыз оған өз атымызды жазып көршілерімізге береміз  ол сол  адамға келетін  болашақ  мамандық туралы  ұсыныстарыңды  жазып  қойыңдар.  Ұсыныстың  себебін  түсіндірсеңдер  тіпті  жақсы.

Жазып  болған  соң  ұшақтарын  иелеріне  ұшырамыз .  Сонда,  әрқайсында  ұсыныстар  жиынтығы  болады.

 

7.  Әр  мамандық  иесі  өз мамандығын  мақтап  силықтарын  тарату.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *