Оқытудың жаңа технологияларын қолданудың тиімділігі


Каирбаева Анаргуль Аскаровна

оқытушы

Маңғыстау индустриальды техникалық колледж

Түйіндеме: Оқу процесінде арнайы пәндерді оқытуда инновациялық  технологияларды пайдалану студенттердің білім сапасын арттырады.

 

Резюме: Использования инновационных технологии в преподовании спецальных дисциплин позволяеть эффективно организовать учебный процесс повысить качество знаний учащихся

 

Summari: Application of innovative techoloqies in teachinq  specialsubjecst allows to orqanize the educational process effectively and improve the quality of students knowledqe

 

Тірек сөздер: Ғылым, технология, инновация

Ключевые слова: наука, технология, инновация

Keywords: Thescience, technology, innovation

 

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея” [1]. “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р., Линчевская Т. – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея. [2].

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын). [4]

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктері бар:

– дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттыру;

– қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеру;

– оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілетті дамыту;

– саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптастыру;

– ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

– иллюстрациялы түсіндірмелі оқыту «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптастыру;

– ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтары тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырылады.

Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндеттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған оқытушының болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, студенттермен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.

Қазіргі таңда жаңа технологияларды «Салалық экономика»  пәнінде қолданып келемін.«Салалық экономика» пәнінде студенттерге жаңа технология бойынша «Ыстық желі» әдісін қолданамын. Ол  әдісті қолданғанда студенттерге тақырып бойынша проблема қойылады да, сол проблеманы пікірталас арқылы шешу жолдары көзделеді. Нәтижеде білім алушылар дұрыс шешімге бір-бірін түзету арқылы келеді. Бұл технология бойынша сабақ барысында 15-18 белсенді студенттер бағаланады, өйткені мұнда әрбір студент өз пікірін білдіруде оқытушымен емес, өз қатарымен «Студент-студент» диалогы болып табылғандықтан өз ойын ашық айта алады. Сондықтан осы технология тек маман даярлауда ғана емес, жеке тұлғаның қалыптасуында да ықпалы зор. Технологияны үй тапсырмасын және жаңа тақырыпты зерртеуге немесе қортындылауға болады.Студенттерге сұрақтар ұсынылады.Мысалы: Темір жол, әуе, теңіз,өзен, авто көліктерінің артықшылығы мен кемшіліктері.Студент әуе көлігінің артықшылығын дәлелдесе,қалған студенттер «Ысттық желі» тәсілі арқылы кемшіліктерін айтады.Міне осы процессте «Ысттық желі» әдісі іске асады.Студеннтер бір-біріне сұрақ-жауап, дебат арқылы тақырыпты жан-жақты толықтырып, қортындылап шығады.

Жаңа тақырыпты Д. Боно «Ойланудың алты қалпағы» Бұл әлемде барлық мемлекеттерде қолданылатын әдістердің бірі.Бұл әдісте жаңа тақырыпты 6 топқа бөліп,әр қайсына өз түсін беріп, қандай ақпарат жинау керектігін хабарлаймыз.

Мақсаты:

Айтарлықтай нәтижелі және сіздің ойларыңызға деген әсерден хабардар болу үшін, сананың түрлі бөліктерін бөлу.

Ұйымдастыру: Арнайы еш  нәрсе  жоқ

Бұд  қалай  жұмыс істейді:

Алты қалпақ бар, әр қайссы ойланудың түрлі элементтерінің рольін  атқарады. Оқушыларға қалпақ беріп (шынайы немесе ойдан шығарылған), қалпақты қолдану арқылы талқылауды ойластыруларын сұрайды. Мағынасы – сұрақтың немесе идеяның түрлі элементтерін басатын карта жасау.Сыныпты түрлі қалпақтарға бөліп және мұғалім талқылауды басқара алады.

Толығырақ: http://en.wikipedia.org/wiki/Six_Thinking_Hats

Мысалы: (Де Боно)Ойланудын  алты  қалпағы

 

Сонымен қатар сабақтарымда пікірталастар мен жаттығуларға арналған жаттығуларды қолдану оқытудың жаңа технологияларын қолданудың тиімділігін артта түседі.

Мысалы:

1) «Жұптық әнгіме»

Мақсаты:

Идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жұптарды қолдану оқушыларға сөйлеуге және үлкен топтарда өзін сенімсіз сезінетін оқушыларға көмектесуге мүмкіндік береді.                                                                                                 Ұйымдастыру:

Талқылау кезінде басқа жұптармен қосылып талқылаудан сақтап қалу үшін жұптар арасында аз да болса арақашықтық сақтаған дұрыс әрі тиімді болмақ.

Жаттығудың сипаттамасы:

Оқушылармен талқылау үшін ынталандыратын немесе арнайы сұрақтар мен тақырыптарды қолданыңыз. Белсенді тыңдап, жауап беруге жетелеңіз. Тақырыпты белгілеу үшін А мен Б атаңыз ( мысалы, А тыңдайды, ал Б сөйлейді, кейін керісінше. Оқушылардан олар жеке жауап алғысы келетін сұрақ қоюды сұраңыз, кейін бұл сұрақ жұпта талқыланады. Әр жұпқа мақсат қойыңыз – мысалы, мынаған жауап беріңдер.                                                                            Толығырақ: http://www.teachingenglish.org.uk/language-assistant/primary-tips/working-pairs-groups

2) «Мозайка»

Мақсаты:                                                                                                Сұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік туғызу.                                                               Ұйымдастыру:                                                                              Оқушыларды сынып бойынша  үш-төрттен  орналастырыңыз.                             Жаттығудың сипаттамасы:                                                                «Мозаиканың» басымдылығы – оның топты жұмыс істеу үшін құрылымдауы, ол сондай-ақ сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік береді.

• Мұғалім барлық сыныпты кішкентай  топтарға бөледі (топта шамамен төрт оқушыдан). Мұғалімнің мұндай бастамасы барлық топтарда тендерлік теңдік сақтап, барлық сыныптың мүмкіндіктері мен қарым-қатынасын көрсетуге арналған .

•Барлық бастапқы топқа жалпы тапсырма беріледі. Үлестірме материал ұсынылған. Оқуға  арналған  материал күрделі емес, әрі көлемі шағын. Егер топта төрт оқушы болса, онда топқа арналған негізгі тапсырманің ішінде төрт  сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр топта сұрақтар мен тапсырмаларды оқушылар өздері бөледі.

•Ортақ проблемамен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз сұрақтары немесе тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады. Талқылау соңында әр оқушы өз сұрағы бойынша сарапшыға айналады, себебі сарапшы топта басқа оқушылармен ол сұрақты талқылады.

•Бастапқы топ қайта құрылады. Тарату басталады. Бастапқы топқа соңғы тапсырма беріледі.Бұл шешім немесе жаңа тапсырма болуы мүмкін.Бұл жаттығудың шешуші мәні – тапсырманы аяқтау үшін оқушылардың бастапқы топтың біріккен «даналығын» құруы болып табылады.                                     (ақпарат көзі http://www.at-ristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)

3.) «Ыстық орындық»                                                                            Мақсаты:

Драматикалық пән бірігіп әсерленуді мадақтау үшін, «түсіну» мазмұнын түсіну,сұрақтар мен ұстанымдардың негізделуін зерттеуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастыру:

Бір оқушы алдында орындықтар доға болып орналастырылған .                       Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар белгілі бір пікірмен немесе басқа оқушымен,сұрақты неғұрлым жеке емес қылу үшін немесе мазмұны жағынан кеңірек қылу үшін, бірге алға шығып сөйлей алады.Мысалы, оқушылар белгілі бір рольді немесе адамды сомдай алады (Мысалы,Гордон Браун немемсе жалғаз  басты  ана)                          Толығырақ http://www.xpday.org/session_formats/goldfish_bowl

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

– әрбір студенттің білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

-бәсекеге қабілетті білім алу,жеке тұлға болып қалыптасу:

– білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

– өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

– шығармашылық өсу, ұйымдастырушы,логикалық позитивті қалыптасу;

– идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік беру;

– топтық жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік туғызу;

– ортақ проблемамен жұмыс жасай білу,

– аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

2.Масырова Р., Линчевская Т. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004

3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008

4. Немеребай Нұрахметов. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *