«Сағындым, әке, сізді»; «Бір адам болса, ол – өзің!»


Алтаева Диана, Базарбаева Нұрсұлу
Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің ОИ-16-9 тобының оқушылары
Жетекшісі: оқытушы Сулейменова Сәния Ырзықбекқызы

«Сағындым, әке, сізді»

Құдіретіңе, әке, шексіз бағындым,

Қиынына төзген өмір ағының.

Сен ауылда, ал мен болсам қалада,

Сағындым ғой, әке, сізді сағындым!

 

Естіп жүрмін телефоннан даусыңызды,

Бағындырам өзің үшін тау-шыңды.

Еркелесем құшағына кіріп-ап,

Көргім келіп, шыдамым да таусылды.

 

Әке, сенсің сенім артқан тірегім,

Өзіңменен перзенттік ақ тілегім.

Сен сыйысың мен үшін жаратқанның,

Тоқтамасын сол ғажайып жүрегің!

 

Өлең жаздым, әке, сізді сағына,

Сендей әке тек менде, менде ғана.

Жетті өзіңді көрер күнім асыққан,

Жақында барам, әке сенің жаныңа.

«Бір адам болса, ол – өзің!»

«Өмір» – дей тұғын жолда ұзын,

Жылу беретін  күн көзім.

Мені шын жақсы көретін,

Бір адам болса, ол – өзің!

Бар батпанымды көтерген,

Бар қажетімді әперген.

Сізді жар етіп таңдаған,

Айналып кетем әкемнен.

Қиындық көп қой, білемін,

Жыламаңызшы, тірегім.

Сіз жылағанда өйткені,

Қоса жылайды жүрегім.

Өткенде желдің өтінен

Тағдырдың талай сәтінен.

Жан-жүрегіңіз езіліп,

Күрсінбеңізші, өтінем!

Күліп жүрсеңіз үнемі

Қызыңыздың бар тілегі.

Сіз үшін жанын бермейді,

Сіз үшін өмір сүреді.

Жанашыр жоқ деп жасқанба,

Қуат берсе Алла жас жанға.

Балаңыз сізді бір күні,

Көтереді әлі алға!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *