Сары маржан алтын күз


Байзакова Гульнур Елубаевна
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы № 1 «Арман» бала бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі

Тәрбиеші:Армысыздар  ағайын! Сәлеметсіздерме,  қадірлі  қонақтар! Бүгінгі мерекелік «Сары  маржан,  алтын  күз» атты ертенгілігімізге  қош  келдіңіздер.

Балалар кіреді, би билеп. Аққу тобының балаларын  қарсы  алайық. (музыка)

Тәрбиеші: Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ  келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі  жұмбақ  жасырам
Қулығымды  асырам.
Табаалсаңдар  шешімін
Қонағымды  ортаға  шақырамын.
«Көкмайсалы   көрікті, алқаптағы   көктеген
Бұл  күндері  киіпті, сары  жібек  көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)

Күз ханшаймы амандасады.

Сәлем, өрен достарым

Алақанды тос бәрің

Қымбатты сый алыңдар,

Қызығыма қаныңдар.

Ән салыңдар к үліңдер,

Жайнап  гүлдей  жүріңдер.

Кел, күз тойын тойлайық,

Би,билейік ойнайық!

Арсен: Қуаныштың  ағайын
Қоңырауын   қағайын
Қуандырып   біздерді
Өлкемізге    күзкелді!
Ақерке:  Айнала  сары ала
Қырманға  дән тола
Жемістер  пісіпті
Қоймаға  түсіпті!

Амира: Ендеше не тұрыс
Болмасын  жанқалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып  ән салайық

Ән:” Алтын күз”

Музыка  жетекшісінің  шешімімен  жалпы би қойылады. Барлық балалар шығып  көңілді би билейді. Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды)
Алдияр: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан  әл  құрып
Көздерім  бұлдырап
Басым айналып  барады!
(Басқа  балалар   көмектесіп, демейді)
Амира: Енді, енді не етеміз?!
(Құлаған  баланың атын  атайды) қалай  көмектесеміз?
Сабина:  Сабыр  сақта, саспайық
Дәрігер  шақырайық!
Алдияр: Жо – жоқ! Дәрігер  керекемес!
Қазір өзім  тұрамын  тез!
Амира: Онда  дәрі   ішіп  ал,
Менде міне, көп  дәрі бар!
Сабина: Ауырмау  үшін  суық  суға  шомылу  керек
Бұл – дәлелденген  рецепт!
Алдияр: Ах!
Балалар бірге : Дәрігер, дәрігер! (“Жедел   жәрдем” машинасының  дыбысы  естіледі. Дәрігер  киімін  киген бала келеді)
Дәрігер: Мені  неге  шақырдыңдар,
Не болып  қалды?
Бәрі бірге:  Алдияр кұлап қалды
Дәрігер: Қазір  қарап   шығайын.
Дәрігер: – А – а – а – деп қане, аузыңды ашшы…… (Тексереді)
Тістерініз бәрі жақсы екен. Сізге көп витамин жеу керек!!!

1 – бала: Енді  не істеймін?
Дәрігер: Дәрумендер   табиғи  болғаны  дұрыс,
Көп – көп көкөніс, жемістер  жеуге  тырыс!

Тәрбиеші: Алтын күз бізге сіздін көмегініз керек болып тұр

Қазір  күз мезгілі  түсті  ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті  ғой!
Қоймаға  қоңырау   шалайық
Күз  өнімдерін  осында   алдырайық!
Алтын күз: Би – «Көкөністер» қабыл алыңыздар.

Аружан: Алтын, алтын, сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.

Қандай өзі береген,

Алмасын –ай алмасын.

Жемісі көп не деген,

Жеп тауыса алмайсың.

Темірлан:Өрік, шие, балы бар,

Қауын, қарбыз көбейді.

Жегің келсе бәрін ал,

Неге аласың демейді.

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Мирас:Қалықтаған аспанда,

Тырау-тырау тырналар.

Алыстаған достарға,

Жеткіз бізден бір хабар.

Құстар қайтты күз болып,

Сұр бұлт жапты аспанды.

Жапырақ түсіп, гүл шолып,

Қыс ызғары басталды.

Аружан  хатты береді алтын күзге. Алтын күз өқиды.

«Сәлеметсізбе күз ханшайымы. Сіздердің  маған  көмектесетіндеріңізді білгендіктен хабарласып тұрмын. Мен, тырна – деген құспын. Балалар мен осы жылы кішкене ауырып, жылы жаққа ұшып кете алмадым. Қазір осы орманнан, жылы  ұя  таптым,  осы ұяға жұмыртқаларымды тасуға көмектесулеріңді  сұраймын.»

Ойын:«Тырнаға көмектесу»

Ойынның шарты: Балалар бір ұядан, екінші ұяға қасықпен жұмыртқа апарулары керек. Жұмыртқаны қолмен ұстауға болмайды.

Би” Сен мені  жақсы көресінбе?”

Дария: Ой, алақай тамаша,

Шашу, шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап.

Тамирис:     Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Исламбек:     Сап – салқын боп келе жатқан,

Сезді ме екен күзде олар.

Қарлығаштар ұшып кетті,

Ұшып кетті тырналар.

Өнімді үйіп тастадың,

Өзің оқу бастадың.

Астық толы алтын күз!

Ашық болсын аспаның.

Ойын: Ата аналармен «Алтын күз» суреті

Ән: «Күз»

Арманжан: Берекелі күз келді!

Мерекелі күз келді!

Күз жемісті алтын күз!

Кемелденсіз халқымыз.

Қалың астық жиылды

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

Абзалжан: Күзде міне келіп қалды,

Алтын қадам басады.

Басқан сайын өткен жерді,

Сары алтынға бояйды.

 

Ильяс:Бүгін мейрам бүгін той,

Қуаныш күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

Алақай, алақай,

Шаттанды балақай.

Күз түсті дән пісті,

Айтамыз алғысты.

Ойын: “Ыстық  картоп”

Тақпақтар: Мухамедкәрім

Ауыл сәні терек,

Терек егу керек.

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқар күз.

Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп.

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп.

 

Дархан:           Шоғы толған гүлдей жайнап,

Жарқырады жарқын күз.

Сайрандады күліп-ойнап,

Келді міне алтын күз.

Қазан болды молшылық ,

Дәулет қорын қалады.

Заңғыр көкке жол сызып,

Құстар қайтып барады.

 

Саят:       Сары алтындай сары күз,

Қамбадағы дәніміз.

Шелек – шелек балымыз,

Ағыл – тегіл ағымыз.

Тәрбиеші:

Ән: «Күз келді»

Тақпақтар:

Омар: Ой балалар, балалар,

Қоңырқай күз келіпті.

Құрап жапырап солыпты,

Ел егінін орыпты.

Ойнайық та, күлейік,

Енді оқуға келейік.

Амина :       Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Кездескен соң күзбенен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Ғажайып сәт

Алтын күз: :Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым  болыпты. Мен енді кетейін, сау болып  тұрыңдар! Келесі кездескенше  аманшылық  болсын!

Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Сары  маржан,  алтын  күз» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
«  Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *