Эссе


Саликова Гульбарам Каликолиевна
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы № 1 «Арман» бала бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының логопеді

Мен – мұғалім логопед болып жұмыс атқарғаныма көп уақыт болған жоқ. Бұл мамандықты балабақшада тәрбиеші  жұмысын атқарып жүріп таңдадым. Әрине әр мамандықтың қиыншылығыда, қызықтары да бар. Бұл мамандықты таңдап алғаныма қуанамын және мақтан етемін.

Мен түрлі тіл кемістігі  бар балалармен жұмыс істеймін. Жыл сайын көптеген қиын балаларды кездестіремін. Сөйлеу тілдері қиын, түсініксіз, айтқан сөздерінің бірнеше  дыбыстары болмайды, немесе дыбыс орындарын ауыстырылады т.б.

Логопед жұмысын қолыма ала бастағанда өзіме-өзім сұрақ қойдым. Өзімнің мойныма алған жүкті  орындай  аламынба екен, балаларға қиын дыбыстарды қоя аламынба, ата аналары сенімін ақтаймын ба-деген сұрақтар көп туындады.

Бірақ балалармен тіл табысу әр баланың жеке тұлғасын меңгеру қиынға түскен жоқ.Бұл жерде менің тәрбиеші болып атқарған жұмысым көп көмек болды.

Балардың дыбыс айтылу тіл кемістіктері әр-түрлі. Кейбір балаға ызың дыбысты, кейбіреуіне ысқырық дыбысты, ал енді біреулеріне сонарлы дыбыстарды қою, келесілері мүлдем үн қатпайтын және психикалары тежелген  балалар болды.  Осы кезде балаға зиян келтірмей әр балаға қандай көмек берсем, қандай әдіс-тәсілдерді қолдансам екен деген ойлар туындады.

Ең маңызды сәт менің жұмысымда ол балалармен бірінші күннен бастап эмоционалдық қарым қатынас жасау. Жағымды эмоциямен алынған білім, олардың өмір бой естерінде  қалады емеспе.

Менің тәірбиеленушілерім мені алаңсыз балалық шақтағы шың ниетті кезге қайтарды. Мен ең  әуелі оларды айналасындағы қорашаған ортаны танып білуге, заттардың атын атай білуге, сөз қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеуге үйретемін. Нақты дыбыстарды айту, диалог құру, өз ойын монологта жеткізуге жаттықтырамын. Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінде  мен балаларды сабырлыққа, дұрыс тәртіпке, сабақты ойын түрінде өткізуге тырысамын. Логопедиялық жұмыс әрекетттерінде балаларды шыдамдылыққа және төзімділікке үйретемін. Күнделікті сабақтарда жаңа тәсілдерді үйренеміз, солардың арқасында балалар айталмаған дыбыстарын, сөздерін айта бастайды. Сонда баланың бойына өзіне деген жігермен  сенімдік қуанышы пайда болады. Логопедтің жұмысы осындай қйындықтарды жеңіп алу.

Мен көбінесе ата аналармен жұмыс атқарамын. Оларға   балалардың ең жақын көмекшілері екенін айтып отырамын.Тек қана ата-ананың балаларға деген көңілі, шыдамдылығы, тірегі логопедиялық жұмыстарда жетістікке әкеледі.

Мен өзімнің мұғалім-логопед мамандығын таңдап алғаныма қуанамын. Балалар менің сабағыма қуана келеді, сондықтан мен барлығын дұрыс жасап  келе жатырмын деп ойлаймын. Өз жұмысымның жемісін көргеніме қуанамын. Баланың осы кезден алған білімі оның бүкіл өмірінде қалатыны өзім жақсы түсінемін. Сондықтан балардың  корекциялық түзету жүмыстарын да кемшіліктер жібермеуге тырысамын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *