Қортынды сабақ


Баймендина Гаухар Кайргожиновна
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы № 1 «Арман» бала бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі

Білім беру саласы:  Коммуникация- Әлеумет – Шығармашылық

Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту-Экология негіздері  – Сурет салу

Сабақтың тақырыбы: «Біздің кішкентай  достарымыз.»

Сабақтың мақсаты: Жәндіктер жайында білімдерін бекіту.

Міндеттері:

Білімділік: жәндіктер (көбелек,құмырсқа,шыбын,ара,инелік) туралы қарапайым түсінік қалыптастыру. Пайдалы және зиянды, ұшатын және өрмелейтін түрлерін ажыра білуге үйрету.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, сурет салудың дәстүрден тыс әдіс тәсілін меңгерту, тіл байлықтарын кеңейту, тірек сызба  арқылы тақпақ  жаттауға жаттықтыру.

Тәрбиелік: Жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, әдемілікке баулу.

Шаттық шеңбері: (музыкамен)

Арайлы күн сәлем,

Көңілді достар сәлем,

Сүйікті бақшам сәлем,

Қонақтар сізге сәлем!

( Құмырсқаның дауысын жүргізу)

«Балалар, көмектесіңдерші?

Мен илеуіме бара жатқанда өрмекшінің құрған торына ұсталып қалдым.

«Өрмекші менің айтқан тапсырмаларымды орындай  алсаң, босатамын» деді.

Ал менің жалғыз өзімнің шамам келетін емес.

-Балалар  кішкентай құмырсқа бізден көмек сұрай келіпті.

-Қалай ойлайсыңдар көмектесе аламыз ба?

– Әрине, біз құмырсқаға көмектесеміз.

(Құмырсқа жайында слайд көрсету)

Өйткені құмырсқа күні бойы тыным таппай еңбек ететін, өзінен ауыр жүкті көтере алатын – мықты, бірігіп еңбек ететін- ұйымшыл, орманды зиянкес

жәндіктерден тазалайтын – пайдалы, еңбекқор жәндік.Оның үйін илеу деп атайды. Одан көп нәрсені үйренуге болады.

-Саған көмектесеміз құмырсқа ,қарай көр өрмекшінің қатігездігін, қане айтқан тапсырмаларын орындап көрейік.

(Бірінші жіпті шешіп, тапсырманы оқу)

Менің торыма түсетін жәндіктерді жұмбақтап айтамын, шешіп көріңдер?

1 тапсырма.

-Тапсырмасы түсінікті, біз оны былай шешейік, үстел үстінде жәндіктердің бетперделері жатыр, жақсылап қарап, шешуін тапқан бала бетіне киіп ортаға шығып көрсетеді, атын атайды)

1.Біреуге найза түйрейді, өзі де содан күйрейді.     (ара)

 

2.Ызыңдап ән салады,

Жұп- жұқа қанаты

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады.      (шыбын)

3.Гүл ұшып гүлге қонады,

Гүл бақшам гүлге толады.    ( Көбелек )

 

4.Жіп-жіңішке инедей,

Екі көзі түймедей.

Тікұшаққа ұқсайды,

Бірақ биік ұшпайды.   (Инелік )

 

5.Басы жұдырықтай, белі қылдырықтай.

Әр жерде бар мекені, өзінен зорды да көтеріп алып кетеді.  (құмырсқа)

 

-Балалар, өрмекшінің бірінші тапсырмасын жақсы орындадық, екінші жібін шешейік.

Тапсырмасы суреттен қайсысы артық екен тауып көрсету керекпіз.

2 тапсырма: ( интерактивті тақтада көрсету, немесе слайд арқылы)

Ойын : «Не артық?»

Қоңыз, шыбын, көбелек, қарлығаш

( өйткені ол құс қалғандары жәндіктер)

 

Ара, көбелек, маса, құмырсқа-

(өйткені ол ұшпайды, қалғандары ұшатын жәндіктер)

 

Шегіртке, құмырсқа, жұлдызқұрт, көбелек

(көбелек – өйткені ол ұшады,

қалғандары ұшпайтын жәндіктер)

 

-Балалар өрмекшінің кішкене болсын көңілін аулайық, өрмекшінің

өрмек қалай тоқитынын көрсетейік.

 

«Өрмекші» (саусақ гимнастикасы музыкамен )

Күні бойы еңбекпен

Өрмекші өрмек тоқиды

(оң қолдың бас бармағы мен сол қолдың сұқ саусағының ұштарын түйістіреді, керісінше қайталайды (сол қолдың бас бармағы мен оң қолдың сұқ саусағы)

 

Жауын жауып кенеттен

Еңбегін оның жоқ қылды

(саусақтарын сыртылдатады)

(оң алақанмен сол қол алақанның үстінен тез «сырғанап түседі)

 

Күн шықты қайта күлімдеп

Жарқырады  төңірек

(барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақандарына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді «күн» жасайды)

(екі қол алақандарын беттестіре жоғары көтеріп біресе оңға, біресе солға иіледі)

 

Өрмекші өрмек тоқуға

Кірісті, дереу, тезірек

(барлық саусақтардың ұштарын түйістіре, тез-тез кезектестіре бір-біріне соғады)

 

3 тапсырма

Өрмекші кішкене болсын көңілденген сияқты, құмырсқа жайында тақпақ айтыңдар дейді.

Мнемосхема ( құмырсқа жайында)

О, құмырсқа, құмырсқа, Шебер-ақсың жұмысқа

Азық жинап қуысқа, Қол жаймайсың «туысқа»

 

Сергіту сәті: Жәндіктердің жүрістерін көрсету. «Жәндіктер маршы»

 

4 тапсырма  Келесі жіптегі тапсырма құмырсқадан басқа тағы қандай жәндіктер болатынын суреттен көрсет.  Жәндіктердің суретін құрастыр.

(Жәндіктердің суреттері бірнеше бөліктерге қиылған, шетіндегі сандарға қарап, ретімен жинаймыз.)

 

5 тапсырма  (Өрмекшінің дауысы)

Балалар өрмекші келесі тапсырма қандай болатынын айтпай өрмелеп кетіп қалды. Соңғы жібін қатты байлапты не істесек екен? Құмырсқа да қорқып қалыпты. Мүмкін жауабы алдарыңда жатқан қағазда шығар. Алдарыңдағы қағазды бояумен боясақ жауабы шығар.

(Балалар балауыз жағылған қағазды акварель бояуымен бояйды, қағазда құмырсқаның ұялас достары шығады)

 

Құмырсқаның дауысы:

Алақай мені құтқаруға менің достарым келді.

(Жіп шешіліп құмырсқа өрмекшінің торынан босатылады.)

Балалар салған суреттерін құмырсқаның илеуіне апарады.

Қорытынды: Балалар біз құмырсқаға көмектесу үшін не істедік.

Бәріміз бірігіп, ұйымшылдықпен еңбек еттік. Сабақтың басында құмырсқадан көп нәрсе үйренуге болады дедім ғой. Сол құмырсқалар

сияқты бізде бірігіп, ұйымшылдықтың арқасында, еңбектенгеніміздің арқасында құмырсқаға көмектесе алдық.

 

Ендеше еңбек жайында мына

тақпақты айтып бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтайық.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Қырға шықсаң өрлеп,

Мұның аты – еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек

Көкшетау қаласы № 1 «Арман» балабақшасының тәрбиешісі Баймендина Гаухар Каиргужиновна

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *