Сары маржан алтын күз


Абенова Гульаим Аубакировна
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы № 1 «Арман» бала бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі

Залда қолына себет ұстап билеп жүрген “Алтын күз”балаларды қарсы алады. Балалар ән әуенімен бір жүріп өтіп,орындарына отырады.

Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме, кішкентай балақайларым! Мен сендерді көріп тұрғаныма өте қуаныштымын. Бүгін,сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер?

“Күз келді бізге”әні орындалады.

Күз: Қандай керемет ән. Өздері қалай әдемі ән салады!

Тәрбиеші: бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын тыңдап көрсек.

Мансұр: Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Раяна: Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

Даниал: Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның.

Күз: Балалар сендер көп тақпақ біледі екенсіңдер. Қандай тамаша!

Күз: Менде, балалар, әр түрлі жапырақтар араласып кетіпті,сендер маған жинап беруге көмектесесіңдер ме? Сен қызыл түсті жина, мына себетке саламыз.

Ойын: “Жапырақтар жинау”

Келесі  кезек тақпақтарға беріледі.

 

Ибрагим: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Адия: Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Арсен: Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқар күз.

Ән: “Күз келді”.

Осы кезде музыка әуенімен Қоян кіреді,секіріп,қолында себеті бар.

(секіріп жүріп,себетіндегі сәбіздерін шашып алады.)

Тәрбиеші: Мынау не? Сен қайдан келдің? Қайда келдің? деген сұрақтар қояды.

Қоян сөзі.

Қоянның ойыны: “Сәбіздерді жинау”

Би: “Қояндар”

Тақпақтар:

Дария: Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.

Ж.Малика: Жомарт көңіл, жарқын күз,

Берекесі халқымның.

Қош келіпсің, алтын күз,

Құт қонағы төрімнің

Айару: Кездескен сон күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Алтын күз жұмбақ жасырады:

Тырыс-тырыс етіп тамады,

Сайға қарай ағады. Ол не?

Жауабы : (жаңбыр). Сұрақтар қойылады.

-Жаңбыр жауғанда үстіміз не болады? (су болады)

-Жаңбыр жауғанда қолымызға не ұстаймыз? (қолшатыр)

“Күн мен жаңбыр” ойыны.

Тақпақтар:

Жантемір: Құстар қайтты ән салып,

Бұлт торлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Мирас: Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз.

Ән: “Күздің күні қаңдайды”

Осымен құрметті қонақтар,балалар сіздерге арналған мерекеміз аяқталды, кейіпкерлер қоштасып кетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *